МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……3-4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Құқық нормалары және олардың жіктелуі….5-8
2.2.Құқық нормаларын талқылау түрлері………9-12
2.3.Әкімшілік-құқықтық нормалардың түсінігі мен түрлері…….13-16
2.4.Халықаралық құқық нормаларын қалыптастырудағы халықаралық ұйымдардың орны мен рөлі мәселесінің даулы жақтары мен проблемалары……17-23
2.5. Қылмыстық-атқару құқығының нормаларының түсінігі, мазмұны, түрлері мен құрылымы……24-25
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ…….26-27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……28

КІРІСПЕ

   Құқық нормалары мемлекеттің бекіткен әмірі ретінде құқықтық қатынас субъектілерінің мінез-құлыктарының жалпы сипаттамаларын жол-жора, ереже ретінде ғана айқындайды. Себебі, жеке тұлғалар мен занды түлғалардың өмірде жасалатын барлық іс-әрекеттерін құқық нормаларына сиғызу мүмкін емес. Мысалы, ұрлық құдайдың құтты күні сан алуан түрде, әр түрлі сипатта жасалынады. Түнде, күндіз және заттар үйден, қоймалардан, калтадан, гараждан, мейманханадан, автомобильден, магазиннен, базардан ұрланады. Заң шығарушы орган ұрлықтың құрамының барлық сипаттамаларын құқықтық нормада бекітпейді тек нағыз мазмұнын, қоғамға қауіпті ерекше сипаттарын ғана белгілейді. Объективтік жағынан ұрлық тек кана «бөтен мүлікті жасырын ұрлау» деген іс-әрекетті бекіткен. Адамды жауапқа тартуға біреудің мүлкін жасырын ұрлағаны жеткілікті. Ал, қай жерден, кімнің мүлкі екені көрсетілмейді. Бір сөзбен айтқанда заң шығарушы органның құқық нормаларында субъектілерінің бекітілген мінез-кұлықтарын толыққанды, терең түсіну үшін әділетті мағынада іс жүзіне асыру және дұрыс қолдану үшін оларды талкылау кажет. Бұл процесс ойлау арқылы болады және соның нәтижесінде құқық нормасының мәні айқындалады. Жалпы құқық нормаларын талқылаудың тарихына көз жүгіртетін болсак заңның нормаларын, оның сөздік мәнін түсіндіруге тыйым салынғанын аңғарамыз. Кезінде Юстиниан, Пий IV, Наполеон I, Ш.Л.Монтескье, Ч.Беккарна сияқты ірі кайраткерлер заңға түсінік беріп, оны талкылауға тыйым салуды талап еткен. Олардың ойынша мұндай әрекеттер заңның мазмұнын бұрмалауға әкеп соқтырып, заңсыздыққа тікелей жол ашады.

Ойлау барысында талқылаушы субъект алдына мынандай сұрақтар қояды:

1. Құқық нормасының мазмұны не?

2. Оның мақсаты не, кандай талаптарды іс жүзіне асыруға бағытгалған?

3. Құқықтық норманы іс жүзіне асыруда мемлекет қандай мақсат көздейді?

4. Құқық нормасы дұрыс қолданыла ма, жоқ па?

Түсінік беруші субъекі аталмыш сұрақтарға жауап беру үшін заң әдебиеттерін оқиды, сот практикасын таиып біледі, ғалым-дардан кеңес сүрайды. Сондай әрекеттердің нәтижесінде құқық нормасы жан-жақты талқыланады, құқықты дұрыс, әділетті қолдануға мүмкіндіктер жасалады.

Құқық нормаларын талқылау деп заң шығарушы органның қуқық нормаларында бекіткен еркін, мазмунын ұғынуға, тусіндіруге ба-гытталган субьектілердің қызметтерін айтады.

Талқылау құқық колданудыңең маңызды және жауапты сатыларының бірі болып табылады, ол арқылы құқық нормалары іс жүзіне асырылады. Талқылаудың өзінің мазмұны бар және оның кейбір жақтары негізінде екі үғыммен қамтылады: ұғыну және түсіндіру.

Ұғыну — субъектінің ойлау процесінің жемісі, құқық нормасын түсінудегі қорытынды пікірі. Ұғыну толғаныс, күйзеліс арқылы қалыптасады, тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде логикалық заңның күшімен тексерілген, дүрыс қорытынды туындайды.

Түсіндіру — интерпретатордың құқық нормасын дұрыс қолданудың мазмұнын айқындап, ашып көрсетуі. Түсіндіру — тек ғана ұғынудан кейін болатын саты. Алдымен ұғып алып, содан кейін ғана түсіндіруге болады. Ұғынусыз түсіндіру болмайды.

  Курстық жұмыс / 28 бет


You must be logged in to leave a reply.