МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ——3

І  МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ – МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН
1.1 Мемлекеттік орган: ұғымы, негізгі белгілері———5
1.2 Мемлекеттік органдарды ұйымдастыру——-6
1.3 Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі——7

ІІ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТЫ
2.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік аппаратының түсінігі және мазмұны———9
2.2 Қазақстан Республикасы мемлекеттік аппараты қызметкерлерінің негізгі міндеттері———12
2.3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқару органдары——13

ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ——21

ҚОРЫТЫНДЫ——23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР———25

КІРІСПЕ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» деуінің мәні ерекше.

Қазақстан жерінде бұған дейін өмір сүрген мемлекеттік құрылымдардың бүгінгі тәуелсіз республикамызға тікелей қатысы бар. Оларда қазіргі қазақтардың түпкі ата-бабалары өмір сүрді және осы территорияны болашақ ұрпақтары үшін жан-тәнімен қорғап, үлкен өркениетті іздерін қалдырды.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы, Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу міндетін алдыға тартады.

Мемлекекттің пайда болуы қоғамдық ұйымдық құрылымды объективті түрде қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Мемлекеттің пайда болуының бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен – Теологиялық теория, ол мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдыретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі идеологтары Августин (354-430) және Фрма Аквинский (1225-1274) болып табылады.

Сонымен,  мемлекет – қоғамның ұйымдық құрылымды объективті қажет ет етін ұйым ретінде жұмыс жүргізеді.

Мемлекет – мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы. Мемлекеттік органдар мемлекеттік міндеттерді орындауға тағайындалған және ортақ сипаттарға ие. Мемлекеттік органның айрықша маңызды белгісі биліктік өкілетіктермен қамтамасыз етілуі болып табылады, демек іс-әрекет міндетті сипатқа, ал бұйрықтар биліктік сипатқа ие. Мемлекеттік органның биліктік өкілетіктері оның құзыреті шеңберінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік органның құзыреті деп оны жүргізу құралының, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы ұғынылады.

Мемлекеттік аппарат мемлекеттің атынан функцияларын атқарады, әрқайсысының алдында тұрған мақсаттары заңда анық белгіленген. Басқа мемлекеттік органдарымен қалай қатынасатыны, ішкі құрылысы, құзыреті белгіленген. Мемлекеттік аппараттың негізгі нышаны оның мемлекеттік билігі. Бұл мемлекеттік билікті былай түсінуге болады: олар мемлекеттің атынан барлық субъектілерге міндетті нормативтік актілерді шығарады, немесе құқықтық нормалардың орындалуын тексереді, ал кейбір кезде жазаға тартуға құкығы бар.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратына, оның қызметіне тоқталу, мемлекеттік функцияларын жіктеу.

Бірыңғай мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және соттық тармақтарға бөлу қағидаты Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің конституциялық негізі болып табылады (3,4-бап). Биліктерді бөлу қағидаты биліктің осы үш тармағына жататын органдар арасындағы құзыреттерді шектеуден көрініс табады. Мәселен, заң шығарушылық қызмет, заңдар қабылдау заң шығару функциясын жүзеге асырушы өкілді орган – Қазақстан Республикасы Парламентінің жұмысы болып табылады. Заңдарды орындау, жалпы алғанда атқарушы-өкімдік қызмет атқарушы қызмет атқарушы органдарға жүктеледі. Қазақстан Республикасындағы сот билігін тәуелсіз сот органдары жүзеге асырады.

Президент Қазақстан Республикасы органдары жүйесінде айрықша орынға ие. Ұйымдық ретте ол дербес, биліктің үш тармағына бірдей енбейді. Президент ең алдымен мемлекеттің басшысы болып табылады. Мемлекеттік басшысы ретінде ол ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді.

Курстық жұмыстың құрылымы.  Берілген курстық жұмыс  кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

курстық жұмыс / 25 бет


You must be logged in to leave a reply.