ЖОСПАР

КІРІСПЕ——3

І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ САЙЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ———4
1.1  Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы ұғымы——-4
1.2  Сайлау құқығы принциптері————5
1.3  Сайлау жүйелері ұғымы————7
1.4 Қазақстан Республикасындағы сайлау органдары жүйесі——9

ІІ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЙЛАУШЫЛАР МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІ——-12
2.1 Сайлаушылар дауыс беру үрдісі——-12
2.2 Сайлаушылар мінез-құлқын зерттеудегі әлеуметтік-психологиялық әдіс———17
2.3  Сайлаудағы тиімді бағыт теориясы———22

ҚОРЫТЫНДЫ———26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР——27

КІРІСПЕ

Сайлау заңдылықтарын реформалау 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдаудан және 1993 жылғы 2 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінен басталды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясы сайлау нормаларын одан әрі өзгертуге себеп болды. Мұндай нормативтік акт Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қырқүйектегі конституциялық заң күші бар Жарлығы болды. Ол кейін «Қазақстан Респуб-ликасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы деп атауын өзгертті. (Аталған заңға ҚР-ның 1997 жылғы 19 маусымдағы №133-1, 1998 жылғы 8 мамырдағы №222-1, 1998 жылғы 6 қарашадағы №285-1 және 1999 жылғы 6 мамырдағы №375-1 Конституциялық заңдарымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілді).

Сайлау құқығының теңдігі принципі сайлаушылар кез келген сайлауға тең негіздерде қатысады және олардың әрқайсысы тиісінше бір дауысқа ие болады дегенді білдіреді (Сайлау туралы Конституциялық заңның 5-бабы). Тең сайлау құқығы сондай-ақ Парламент, Мәслихат депутаттығына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына кандидаттардың да сайлауға тең негіздерде қатыса алатындықтарынан көрінеді. Әрбір сайлаушы тек бір тізімге ғана енгізіледі және ол өзі дауыс беруге міндетті.

Қазақстан Республикасында өткізілетін сайлаулардың барлығында дерлік дауыс беру нәтижесін анықтаған кезде көпшілік принципі қолданылады. Бұл жүйе халықаралық тілмен айтқанда можаритарлық сайлау жүйесі аталады. Мажоритарлық жүйеден басқа Қазақстан Республикасында кейінгі уақытта, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаған кезде пропор-ционалды (тепе-теңдік) сайлау жүйесі қолданылады.

Сайлау бостандығы сайлау процесі барысында әрбір азаматтың еркін дауыс беруін тиісті дәрежеде ұйымдастыруға жауапты сайлау органдары лауазымды тұлғаларының қызметімен қамтамасыз етіледі.

курстық жұмыс / 26 бет


You must be logged in to leave a reply.