28. декабря 2011 · Комментарии к записи Қазақстан Республикасы және халықаралық аймақтық ұйымдар: ынтымақтастықтың құқықтық мәселелері отключены · Categories: Құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, заңтану

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ………5

І Бөлім. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР…..8
1.1.. Халықаралық ұйымдар ұғымы және құқықтық табиғаты……8
1.2. Халықаралық ұйымдардың даму тарихы………13
1.3. Әлемдегі халықаралық ұйымдар және Одақтар………16

ІІ Бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЙМАҚТЫҚ ҰЙЫМДАР: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ..34
2.1.Қазақстан және халықаралық ұйымдар: ынтымақтастықтың құқықтық мәселелері……34
2.2. Қазақстан және халықаралық аймақтық ұйымдар……47
2.3. Бүкіләлемдік сауда ұйымы……53

ҚОРЫТЫНДЫ……57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…59

Кіріспе

Қазіргі уақытта халықаралық ұйымдарға мүше болу және олардың қызметтеріне белсенді қатысу — егеменді, тәуелсіз мемлекеттердің маңызды істерінің бірі. Реформалар жолына түсіп, өркениетті қоғам құруға талаптанып жатқан Қазақстан үшін халықаралық ұйымдардың қызметіне кең көлемде араласу — бүгінгі күннің көкейкесті мәселесіне айналып отыр.

Халықаралық ұйымдардың қызметіне тиімді түрде қатысу үшін олардың іс-қимылдарын жан-жақты зерттеу қажет.

Қазіргі халықаралық қатынастардың ерекше белгісінің бірі халықаралық ұйымдар рөлінің арта тусуі. Бұл арада халықаралық қатынастар шеңберінің кеңейіп, күрделенуін, көпжақты дипломатияның дамуын, сөйтіп халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықтың күшейе түсуін айту керек.

Қазіргі халықаралық қатынастарды тек қана екі жақты қатынастармен шектеуге болмайды. Әлемдік маңызы бар мәселелердің көбеюі олардың шешімін табу жолында халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруді талап етеді. Халықаралық ұйымдарды негізінен екі категорияға бөліп қарастыруға болады. Олар: үкіметаралық (мемлекет аралық) және өз жұмыстарын қоғамдық негізде атқаратын мемлекеттік емес ұйымдар.

Халықаралык, ұйымдардың пайда болып, дамуы халықаралық қатынастардың ұзақ мерзімді және табанды саяси және экономикалық іс-қимылдарына байланысты. Көне замандарда, құл иеленуші мемлекеттер кезеңінің өзінде халықаралық келісім-шарттар, халықаралық арбитраждар туындап, халықаралық құқықтың классикалық институттары — конгрестер мен конференциялар пайда бола бастаған. Уақыт жылжыған сайын халықаралық бас қосулар кездейсоқ емес, оқтын-оқтын жүзеге асырылып және мұндай конференцияларды дайындап, шақыру үшін тұрақты органдар құрылып өз қызметтерін дәйекті түрде жүзеге асырған. Міне, дәл осындай органдар болашақ халықаралық ұйымдардың қайнар көзі, бастауы болды.

Халықаралық ұйымдардың пайда болып дамуына дүниежүзілік сауда, сондай-ақ, діни конфессиялар да әсер етті. Ал халықаралық ұйымдар өздерінің қазіргі мағынасында бұдан жүз жылдай бұрын қалыптаса бастады. Олардың құрылуы халықаралық қатынастардың кеңейіп, күрделіленуімен, әсіресе халықаралық экономикалық рыноктың қалыптасуымен тікелей байланысты. Мүның өзі халықаралық-құқықтық мәселелерді реттеп отыру талаптарынан туындаған еді.

Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына енгендігі – біздің еліміздің әлемдік қауымдастыққа шынайы тәуелсіз мемлекет ретінде кіргендігің көрсететің маңызды тарихи акция болып табылады.

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына әлемдік қауымдастықтың қарапайым ғана жаңа мүшесі ретінде емес, ядролық  қарусыздандыру қозғалысының алдыңғы қатарында тұратын, қазіргі кездегі маңызды халықаралық мәселелерді шешудегі белсенді жақты ұстанатын мемлекет ретінде кірген. 1991 жылы Семей ядролық полигонының Жабылуы мен 1992 жылғы Лиссабон Хаттамасына қосылуы – Қазақстанға үлкен бедел әкеліп, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының жоғары трибунасынан халықаралық қауіпсіздік саласындағы өз бастамаларын жариялауға моральды құқықты қамтамасыз еткен.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстан өкіметінің қарусыздандыру облысындағы белсенді рөлі мен бұл саладағы барлық халықаралық келісімдерге жолын ұстаушылықты өте жоғары бағалады.

Біздің еліміз Орталық Азиядағы бейбіт сақтау мен қауіпсіздік саласына өте үлкен маңыз беріп, бұл аймақта ядролық қарудан бос зонаны құруға атсалысады. Біріккен Ұлттар Ұйымы осы бастаманы асыруға Қазақстанға барынша көмек көрсетуде.

Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын нығайтуға үлкен көніл бөлгендіктен, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік орнату қызметіне белсенді қатысады. 1995 жыл   ы ТМД елдерінің бастамасы бойынша Орталық Азиядағы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік орнату батальонына Қазақстан жағынан да бір топ сарбаздар жіберілді. 1996 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік қолдау операцияларына қажетті Резервттік Келісімдер Жүйесіне  51-ші мемлекет етіп қосылған. Қазіргі таңда бұл жүйеге қатысушы елдердің саны 70-ке жуық.

Орталық Азия аймағына және жалпы әлемдік қауымдастыққа қауіп төңдіретін Ауғананстандағы тұрақсыздықты Қазақстан әрқашанда бейбіт жолмен шешуге тырысып, Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті резолюцияларын қабылдағанға тиянақты ұсыныстарды жасайды.

Біздің еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы позициясы — Біріккен Ұлттар Ұйымымен қарастырылатын барлық сұрақтар төнірегіне қатысты Қазақстанның мүдделерінен қалыптасады. Осында Біріккен Ұлттар Ұйымымен экономика, экология, әлеуметтік саланың, халықаралық құқықтың ілгерішілді дамытуы, адам құқықтарының сақталынуы, сыбайлас жиемқорлық пен есірткі бизнесімен күресу саласындағы ынтымақтастыққа айрықша көніл бөлініп, оны нығайтуға шаралар қолданылып, жаңа ұсыныстар жасалынады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының 53 сессиясында Қазақстан Орталық Азиядағы транзит төңірегінде резолюцияны қабылдауға бастама жасаған. Бұл резолюцияның қабылдануы Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы мекемелері мен басқа халықаралық ұйымдардың тарапынан біздің аймақтағы транспорттық жүйелері мен Европа мен Азия арасындағы транспорттық байланыстың дамыту бағдарламаларын ойластырылып, оларды асыруға халықаралық құқықтық негізін бекітеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты– Қазақстан Республикасы және халықаралық аймақтық ұйымдар ынтымақтастықтың құқықтық мәселерінашу, еліміздің халықаралық ұйымдарға қатысу белсенділігіне қатысты өзекті мәселелерді толық қамтып оларға тоқталып кету.

Осы мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысымда мынандай міндеттер алға қойылды:

  • Халықаралық ұйымдар ұғымы және құқықтық табиғатына тоқталу;
  • Халықаралық ұйымдардың даму тарихын зерттеу;
  • Әлемдегі  халықаралық ұйымдар және Одақтарға тоқталу;
  • Қазақстан және халықаралық ұйымдар: ынтымақтастықтың құқықтық мәселелеріне тоқталу;
  • Қазақстан және халықаралық аймақтық ұйымдардың қызметін ашып көрсету;
  • Бүкіләлемдік сауда ұйымына тоқталу;

Зерттеу жұмысында пайдаланылған деректер тобын дипломатиялық құжаттар құрайды. Олар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы дипломатиялық қатынастарды дамыту барысында қол жеткізілген келісімдер, декларациялар, коммюникелер т.с.с.

Деректерді пайдалану жұмыстың алдына қойған мәселелерді мейлінше толық зерттеуге және жұмыстың мақсаттары міндеттерін ашуға мүмкіндік бергені сөзсіз.

Зерттеу жұмысының теориялық негізін отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми қорытындылары құрайды. Зерттеу жұмысында тарихи оқиғаларға және сан-саладағы мемлекетаралық құжаттарға жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар кеңінен қолданылатын тарихи-салыстырмалы және жүйелеу әдістері де зерттеу жұмысына арқау болды. Зерттеу жұмысын ғылыми негізде жүйелеп, оның нәтижесін шығару үшін, сол арқылы баяндау, талдау және болжау түрінде негізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін ғалымдар әртүрлі әдістерді зерттеген.

 Диплом жұмысы / 60 бет


Comments closed.