Жоспар:

Кіріспе…….. 4
1 Қаржылық құқық және қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер
1.1 Қаржылық құқық және қаржы заңдарының түсінігі, жүйесі … 6
1.2 Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері…… 9
2 Қазақстан Республикасының бюджет заңдарының даму ерекшеліктері
2.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні, қызметі, рөлі және бюджеттік құқық негіздері….. 12
2.2 Қазақстан Республикасының бюджет заңдарының даму ерекшеліктері … 17
3 Салық және салықтық заң шығарудың мақсатты бағытталуы.
3.1 Салықтың экономикалық мәні,салық салуды ұйымдастыру ….. 23
3.2 Салықтық заң шығарудың мақсатты бағытталуы …… 40
4 Валюталық-қаржылық заң және ҚР Банктік заңнамасы
4.1 Валюталық-қаржылық заңдардың реттелуі мен даму ерекшеліктері ….. 52
4.2 Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы және банктік-құқықтық қатынастар……. 59
Қорытынды…….. 66
Пайдаланылған әдебиеттер….. 69

Кіріспе

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: «Қаржы заңдарының жүйесі мен даму ерекшеліктері». Бұл тақырыпты зерттеу кезінде қосымша әдебиеттер мен басылымдарды пайдаландым.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Зерттелімге қойылған талап өзектілігі мен тақырыпта анықтаудың өзі қоғамымыздағы келесі мәселлерге жол табу:

Қаржы заңдарының дамуы экономиканың дамуындағы жалпы ішкі өнім үлесіндегі қосымша құн өскен сайын бюджет көздері толықтанып, халықтық әлеуметтік және рухани шығындарын қанағаттандыра түсіру үшін нарықтық қатынастардың құқықтығы күшейе түсуіндегі барлық бағыттарды бақылау жүргізу әділеттіліктің негізгі даму бағыты. Сайып келгенде, зерттелінген мәселенің ғылыми және іс-тәжірибелік маңызы зор бастамалардың бірі екенін айта аламыз.

Қазіргі заманда мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық реттелуі Қазақстан Республикасының құқықтық базасының дамуының маңызды бағыттарының қатарына жатады, өйткені қаржы жүйесі мемлекеттің экономикалық негізін қалап, қоғамның тиімді әлеуметтік дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар қаржы құқығының маңыздылығы елімізде нарықты экономиканың дамуында және жаңа экономикалық қатынастар пайда болуымен да артып отыр.

Заңгерлерге «қаржы» терминінің нақты мәнін білген жөн, біріншіден, қаржы құқығының қолдану саласын анықтау үшін, екіншіден құқық саласынан іргелес ақшалық қатынастарын құрайтын заттар саласын бөлу үшін қажет. Себебі ақшалық қатынастарды қаржылай-құқықтық реттеу заңдық тұрғыдан бұйрықты, ал әлеуметтік тұрғыдан – қаталдықпен сипатталады.

Мемлекет бұл реттеу жолымен мысалы салық төлеушілердің ақшаларын өздерінің пайдасына түсіреді, жарлық шығарады, қалай ақша жұмсауға және тағы басқалар.

«Қаржы» категориясының үш мәнің көрсетіп айтады.Кең мағынада «қаржы» түсінігі «ақша» түсінігіне синоним ретінде көрінеді. Мысалы, біреу, «менде қаржы жағы нашарлау» десе, бәрінің түсінуі бойынша ол адам ақшалық қиыншылыққа ұшыраған. Кейбір экономистер де бұл түсінікті қолдайды. Сондықтан, мынандай айтылымдарды кездестіруге болады.

Олардың түсінігінше қаржылар азаматтар қаржылары, заңды тұлға қаржылары, мемлекеттік-аймақтық құрылымдардың қаржылары және мемлекеттің қаржылары тұтасымен, яғни еліміздегі айналымдағы барлық ақшалай көпшілік.

Бірақ «қаржылық құқық» деген категорияның болуы. «Қаржылар» деген түсініктен шыққандықтан оны ақшамен бірдейлеу күмәншілікке әкеліп соғады.Осының күшімен бір жақты мағнада «қаржылар» түсінігі барлық мемлекеттің және заңды тұлғалардың ақшалай құралдарын қамтиды.

Қаржы құқығының негізгі институттарын: қаржылық бақылау, бюджет құқығы мен үрдісі, банкілік қызметті ұйымдастырудың құқықтық негіздері, валюталық реттеу және бюджеттен тыс ақша қорларын қалыптастыру және қолдану сияқты мәселелермен таныстыруды негізге алады.

Қаржы саласындағы заңдылықтардың жиі өзгеріп, қомақты және күрделі болуына байланысты қаржылық құқықтық қатынастар көпжақты.

Мемлекеттің қаржы және салық саясатын жетілдіру мәселелерін зерттеуге өз еңбектерін арнап, сол арқылы экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан төмендегідей заңгерлер мен экономистерді   айтуға болады: А.Герун, А.И.Худяков, А.К.Арыстанова, Б.Б.Шермухаметова, Б.Ж.Ермекбаева, В.Г.Фурсов, В.Д.Мельников, Г.К.Жакупова, Г.М.Бродский, Е.Калюжанова, Е.Х.Сигаев, З.Атығаева, К.А.Сержантов, М.Т.Оспанов, М.Х.Тусеева, С.С.Сатубалдин, А.А.Нурумов, А.Б.Зейнельгабдин, А.Смит, А.Соколов, А.Тривус, В.Д.Ли, Г.А.Лесбеков, Г.Карагусова, Д.Г.Черник, Е.В.Порохов, К.А.Аттапханов, К.Ә. Сағадиев, К.К.Ильясов, М.Б.Кенжегузин, О.Тимофеева, С.Г. Пепеляев, С.М.Мусин, Ф.С.Сейдахметова және тағы басқалар. Бірақ, қаржы заңдарының дамуы,  салық жүйесінің бақылау қызметі мен мемлекеттік қаржылық бақылауының көпжақтылығы және мәселелерінің күрделілігі оның әрі қарай зерттеуді қажет етеді.

Дипломдық жұмыстың алдына  келесі міндеттер қойылады: Қаржы заңдарының жүйесі мен даму ерекшеліктері, жаңа қаржы заңдылықтарын білу; нақты құқықтық жағдайда нормативтік актілерді қолдана білу; қаржылық құқықтық қатынастарды біліп, субъектілердің қаржылық-құқықтық жауапкершілігінің шегін білулері қажет.

Жалпы зерттеу жұмысы бойынша толық мәліметті негізгі бөлімнен алуға болады

Зерттеу обьектісі: Қаржылық құқық  және қаржы заңдарының түсінігі, жүйесі,  қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері,мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні,бюджет заңдарының даму ерекшеліктері,салық және валюталық-қаржылық заңдардың даму ерекшеліктері.

Зерттеу жұмысымның мақсаттары мен міндеттері: Қаржы заңдарының жүйесі мен даму ерекшеліктері түсінігі мен  ерекшеліктерін толығырақ ашып, толық мәліметтер беру.

Зерттеу жұмысымның құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

Зерттеу пәні: Қаржы құқығы.

 Дипломдық жұмыс / 72 бет


You must be logged in to leave a reply.