ЖОСПАР

КІРІСПЕ 2
1. ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 3
2. ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМДАРЫ 4
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26

КІРІСПЕ

Қазақ КСР-інің 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары елімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, 1997 жылы шілденің 16-сында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енді.

1959 жылғы Қылмыстық кодекс кеңестік идеология тұрғысында, әкімшілдік-әміршілдік жүйе мен орталықтандырылған жоспарлы экономика қағидаттарына негізделген еді. Сондықтан өмірдің өзі ескі идеологиядан арылған, нарықтық қатынастар жағдайына үйлесетін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңның болуын кажет етті. Осыған орай Президент Н.Назарбаев мемлекетіміздің өмір талабына сай келетін жаңа Қылмыстық кодексін қабылдаудың және оның адам, қоғам, мемлекет мүддесінің қорғаушысы болуы қажеттілігіне баса назар аударылуын айрықша белгілеп берді.

қазақстан Республикасының Конститутциясының 27-бабында «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады», — деп көрсетілген. Қоғамымыздың жаңа мүшелерінің денсаулығын және өмірін қорғау жолдары әртүрлі, солардың қатарында құқықтық тұрғыдан қорғау белгілі орын алады. Осындай қорғаудың бір құралы отбасы және кәмелетке толмағандарды қылмыстық-құқықтық қорғау болып табылады. Мұндайда мемлекет қылмыстық-құқықтық құралдар арқылы кәмелетке толмағандардың және отбасын мүшелерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қоғамдық қауіпті әрекеттермен ымырасыз күрес жүргізеді.

кәмелетке толмаған азаматтың мүддесін қылмыстық-құқықтық құралдармен қорғау және оның дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, интеллектуалдық және адамгершілік қалыптасуына жағдай жасауға тіреледі. Ал бұл өз кезегінде отбасы жағдайының дұрыстығына, өзара құқықтар мен қатынастарды ұстануына тікелей байланысты. Сол себепті де кәмелетке толмағандарды қорғау отбасы қатынастарын қорғаумен тығыз байланысты болып келеді.

 Курстық жұмыс / 28 бет


You must be logged in to leave a reply.