МАЗМҰНЫ

  КІРІСПЕ…….2

1 МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
1.1 Меншікке қарсы қылмыстардың түсінігі және құрамы…..3
1.2 Меншікке қарсы қылмыстардың заңнамамен белгіленген түрлері……..7

2. МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕНГЕН ТҮРЛЕРІ
2.1 Ұрлық…………10
2.2 Алаяқтық…….12
2.3 Тонау……….13
2.4 Қарақшылық……15
2.5 Қорқытып алу……..16

ҚОРЫТЫНДЫ………18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…..20

КІРІСПЕ

Өзектілігі. Адамның құқықтары мен бостандықтары жүйесінде меншікке құқықтың алатын орны ерекше, себебі ол адамның жеке басының сәттілігін сипаттайтын көрсеткіш. Бұл құқықтар экономикалық қатынастарды реттейді, сондықтан да олардың атқаратын міндеті көп.

Бұл қылмыс туралы мәселені қарастырар алдында, «меншік құқығы дегеніміз не?» деген сұрақ туындайды. ҚР Азаматтық кодексінің 188-бабының 1 тармағында көрсетілгендей: «Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттар арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы». Ал меншікке қарсы қылмыстар осы заңнамамен белгіленген құқығымызға қол сұғады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы ең көп тараған қылмыстардың бірі – меншікке қарсы қылмыстар болып табылады. Сондықтан бұл қылмыстармен күресу, оның алдын алу мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар бүкіл қоғамның міндеті болып табылады.

Мақсаты. Курстық жұмыстық негізгі мақсаты – ол Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген меншікке қарсы қылмыстардың, соның ішінде қазіргі кезде ең көп тараған қылмыстың бірі – ұрлық туралы негізгі мәліметтер беру.

Міндеттері. Осы мақсатқа сәйкес мынандай міндеттер туындайды:

—   меншікке қарсы қылмыстар туралы түсінік беру;

—   меншікке қарсы қылмыстардың түрлерін анықтап көрсету;

—   осы түрлердің ішіндегі ең көп тараған түрлерінің бірі – ұрлық туралы түсінік беріп, оның құрамын анықтау;

—   сонымен қатар басқа меншікке қарсы қылмыстар түрлерінен айырмашылықтары мен ерекшеліктерін көрсету;

—   ұрлықтың затын көрсету және бұл қылмыс ҚР қылмыстық заңнамасының қандай нормаларымен сараланатынын көрсету.

Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі және қорытынды бөлімінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, курстық жұмыстың мақсаты, міндеттері мен құрылымы, сонымен қатар бұл тақырыпты зерттеген ғалым-заңгерлер мен олардың бұл тақырыпқа арнап шығарған оқулықтары мен шығармалары туралы көрсетіліп кеткен. Негізгі бөлімде тақырыптың негізгі мазмұны ашылып, нақтыланады. Негізгі бөлім екі үлкен тарауға бөлінген. Бірінші тарауда меншікке қарсы қылмыстар түсінігі және олардың құрамы, сонымен қатар меншікке қарсы қылмыстардың заңнамамен белгіленген түрлері жайлы көрсетілген. Екінші тарауда бөтен мүлікті ұрлау түсінігі және ұрлық заты түсінігі мен сипаттамасы, ұрлық құрамы және басқа меншікке қарсы қылмыс түрлерінен айырмашылығы туралы нақты деректер көрсетілген. Сонымен қатар тақырыптың соңғы нүктесін қоятын бөлім – қорытынды бөлімі. Бұл бөлімде тақырыптың түйіні қойылып, кустық жұмыстың тақырыбына жалпы және қорытынды түсінік беріледі

курстық жұмыс / 20 бет


You must be logged in to leave a reply.