МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ….5

1. КЕДЕН БАҚЫЛАУЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ РӨЛІ
1.1. Қазақстан Республикасының кеден органдарының құрылымы……12
1.2. Кеден органдарының міндеттері…….21
1.3. ҚР кеден органдары мемлекеттік басқару саласы ретінде….26
1.4. Кеден органдарының құқық қорғау қызметтері……29

2. КОНТРАБАНДАНЫҢ ҚЫЛМЫС РЕТІНДЕГІ КЫЛМЫСТЫҚ МӘНІ
2.1. Контрабанданың қылмыс ретіндегі түсініктері және белгілері…..34
2.2. Контрабанданың қылмыс ретіндегі жағдайы, құрылымы және қарқыны….50

3. КЕДЕН БАҚЫЛАУЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ КОНТРАБАНДАНЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ РӨЛІ
3.1. Кеден бақылауы органдарының контрабанданың алдын алу жөніндегі жалпы шаралары……53

ҚОРЫТЫНДЫ…..71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…..76

КІРІСПЕ

1995 жылдың 20 тамызында референдум нәтижесінде қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы, қоғам, мемлекет, азамат өміріндегі негізгі қағидалар мен бағыттарды бекітті. Оның бірінші бабында Қазақстан — демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның басты құндылығы болып, адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген.

Бірақ, бірнеше онжылдықтар бойында қалыптасқан  қоғамның “социалистік” қарым-қатынастарының “рыноктық қатынастарға ”айналуы, тәуелсіздікті шынайы іске асыру, жас мемлекеттің егемендікке қол жеткізуі, бірталай қиындықтар мен мәселелерге тап болуына әкелді. Экономикада кризис орнады. Жұмыссыздар, жалақы және зейнетақы қарыздары пайда болды, сол себептен, Қазақстанның бірнеше аймағында ереулдер өтті. Қазіргі көзқарастармен, салыстырсақ, сол кезде қоғамдық және құқық тәртібі күрт төмендеген екен.

Президент Н.Ә. Назарбаевтің «Қазақстан 2030». Барлық Қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі, жағдайының жақсаруы” отты Жолдамасында, қоғам мен мемлекеттің болашақта даму жобасы көрсетілген. Сонымен қатар, көптеген жұмыстарды қайта қарастыру қажеттілігі пайда болды, бұл қоғамға қарсы жағдайларды тойтару, қылмыспен күресу, жиналған өмірлік тәжірибелерді жоғалтпау мақсатында, оны тарихи тұғырдан ғылыми талдау қажеттілігі туындады. Жолауда аталғандай, біздің бүгінгі күні, дамуымыздың кейбір негативті жағдайлары – бұл, “уақытша және ауыспалы құбылыстар, кеңестік дәуірден қалған, ауыспалы кезіңнің қиындықтары, бірақ мүмкіндіктерді пайдалану және қауіпті жағдайларды тойтару, активтерді көтеріп, пассивтерді төмендетуіміз — өзімізге ғана байланысты, басты бағыттарды ұстануымыздан және оны іске асырудағы қазіргі заман талаптарына сай болуы және имкемділігіне байланысты ”/27/.

Біздің алдымызда көлемі жағынан өте ауқымды істерді орындау, және уақыт бойынша, азаматтық қоғамның сапасы жағынан жаңа, құқықтық және әлеуметтік жағдайларға ауысу жұмыстары тұр.

Сонымен    қазіргі Қазақстанынның бүкіл құқығы, құқық жүйесі, құқық идеологиясы оның мемлекет ретіндегі түпкі стратегиялық мақсат-мұраттарынан, ішкі, сыртқы мемлекеттік функцияларын жеткілікті дәрежеде орындауға деген қажеттіліктен, Қазақстан қоғамындағы  жаңа қарым-қатынастарды соңғы, қәзіргі заманғы демократиялық ұғым-түсіндік тұрғысынан реттеуден, жалпы қазақ мемлекетінің негізін қалаған идеялар мен принциптерден туындап, соларға сәйкес жасалып, қалыптасып, өзгеріп, дамып отыр деп есептейміз. Соған сәйкес өз іс-әрекетінде мемлекеттік функциялардың белгілі бір бөлімін қамтитын, мемлекеттің кейбір стратегиялық мақсаттарын, ішкі-сыртқы экономикалық, кеден саясаттарын жүзеге асыратын мемлекеттік биліктің бір тармағы болған кеден органдарының құқықтық базасы, заңнамалары, құқықтық мәртебесі, іс-әрекетінің әдістері мен түрлері, құзырлығы, т.б. мәселелері дәл осы тұрғыдан, яғни Қазақстан мемлекетінің дәл қазіргі кезендегі өркендеуі дәрежесінің, оның кезеңдегі нақты тактикалық міндеттері мен мақсаты, функцияларының іске асырылуы тұрғысынан зерттеп-зерделеуді қажет етуде.

Соңғы кезеңдегі Қазақстанның, әсіресі оңтүстік шегіндегі геоcаяси ахуалдың шиеленісуі, халықаралық терроризм қаупті, көршелес Қырғыстан мен Өзбекстанда содырлар топтарымен болған қақтығыстар, экстремистік діни көзқарастарды насихаттаудың өршеуі, есірткі тасымалының, заңсыз миграцияның күшеюі, кейбір көрші елдермен шекараны айқандау, нақтылау, делимитизациялау, демаркацияллау мәселелері, сондай-ақ Ресей тарапынан да кейбір эстремистік пиғылдағы адамдардың елімізге өтіп кетуі (баспасөзде Ресейдегі кавказ ұлтына жататындардың Қазақстан жерінде қарақшылық қылмыстар жасағаны, діни экстремистік мағынадағы, ұлт араздығын қоздырушы әдебиеттер, есерткі әкелгені жөнінде болды /33/ — осы жағдаяттардың бәрі Қазақстанның мемлекеттік басқару органдарының мемлекет шекерасын  белгілеу, шекараны қорғау, жалпы елдің сыртқы қорғанысы, жалпы елдің сыртқы қорғанысы, ішкі қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ елді халықаралық аренадағы белсенді әрекеттер  арқылы саяси қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлуге итермелеп отыр. Елбасы Н.Ә Назарбаевтың халықаралық аренадағы іс әрекетінің, көрші елдердің мемлекет басшыларымен өткізген кездесулерінің және сол кездесулерде жасалған келісімдерінің басты мәні Қазақстан мемлекетін саяси, экономикалық тұрғыдан қоргау, сенімді серіктестер табу, сыртқы қауіп-қатармен көрші мемлекеттермен бірге өзара ынтымақтаса отырып күресу болғандығы белгілі.

Сонымен қатар, Қазақстан мемлекетін саяси аренада саяси құралдармен қорғау ғана емес, сондай-ақ оның әскери күштерін  дамыту, шекерасын әскери-кедендік қоғау бойынша да нақты жұмыстар жүргізілуде. Жалпы қорғаныс, шекара, көрші елдемен сауда-саттық, татулық қарым-қатынастары тұрғысынан алғанда қазіргі кезенде кеден органдарының іс-әрекетінің маңызы артып және оған мемлекет тарапынан қоғамдық тұрғыдан көп көңіл бөлініп отыр.

Осыған орай, қоғамда өзгерістерге сай материалдық қана емес, рухани да атмосфера құру өте маңызды, ол мемлекет саясатының барлық қоғамдық өмір салаларында салмақты қолдауымен бола алады. Мемлекетті дамыту стратегиясы догма емес, барлық қоғамдық өмір салаларының  түбегейлі өзгерістеріне әкелетін әдістеме екендігін естен шығармау қажет. Сонымен бірге, ақырғы онжылдық ішіндегі Қазақстан Республикасында белең алған құқық бұзу, оның ішінде ауыр қылмыстардың санының өсуі қоғамдағы мінез- құлықтық саясаттың климатына кері әсерін тигізеді, сондай — ақ әлеуметтік – психологиялық қысымның өсуіне, адамдардың ертеңгі күнге және өз қауіпсіздігіне деген сенімсіздігін тудырады.

Тіркелеген қылмыстар бойынша, республика бойынша, қылмыс саны ақырғы он бір жыл ішінде екі есе өскені көрінеді. Жалпы қылмыс құрылымы ішінен, экономикалық қылмыстар басым екендігі көрінеді.

Әрине, экономикалық қылмысты жасау —  кеңестік қоғамдық қарым-қатынастардың “рыноктыкқа” көшуі себепкер болады, сонымен қатар, мемлекеттік және қоғамдық механизмді өзгерту, көпшілік санасына әлеуметтік және құқықтық мемлекет принциптерінің азаматтық қоғам идеологиясын енгізуде де тұр.

Экономикалық қылмыс санының басым көпшілігі, бірқатар себептерге де байланысты: әкімшілік-бюрократиялық механизмнің таралып, коррупцияның орнауы, қосарланған мораль, қылмысқа жоғарғы үкімет өкілдерінің қатысуы, қосарланған заңдылықпен, немесе, заң алдында басшы мен қатардағы азаматтың шын мәніндегі теңсіздігі, еңбек нәтижесіне жете көңіл бөлмеу, және мемлекеттік меншікті сақтауға талпынбау. Экономикалық қылмыс санының жүйесінде кедендік қылмыстар ерекше орын алады. Ішкі экономикалық процесстердегі кеден бақылауының орны мен рөлі және ішкі экономикалық қызметті жариялықтандыру және либерализациялау жағдайындағы олардың әсер диапазонын кеңейту, қарым-қатынастардың күрделі және бірткелкі болмаған кешенін құқықтық реттеудегі жаңа әдістерді қолдануды талап етеді.  Жаңа кедендік қарым-қатынастарын құқықтық негізделген реттеу істері, кеден заңдарының тарихи дамуының бұрыңғы кезеңдерде жиналған тәжірибелеріне сүйену тиіс.

Төлемдердің біртұтас, белгілі бір мақсаттары бар жүйесін құру, және оны кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауарларға қолдану арқылы, кеден саясатын мемлекеттік реттеудің сыртқы экономикалық ретінде жұмыстары қарастыру арқылы ғана, кеден саласының жалпы мақсаттары, кеден саясатының алға қойған мақсаттарының және, кеден ісі қызметтерінің маңызы зор екендігіне көз жеткізуге болады.

Жаңа сыртқы экономикалық қарым-қатынастарға көшу құбылысы, оның кейбір кері әсерлері бар жайларын анықтайды, солардың нәтижесінен, Републиканың қолданыстағы қылмыстық, әкімшілік, кедендік заңдарын бұзу санының көбеюін танытады. Соның ішінде, ақырғы кезде белең алған, кейде орны толмайтын, мемлекетімізге үлкен экономикалық зиянын тигізетін, қылмыстық жазалау контрабандасының санының өсуі байқалады. Контрабандаға қарсы күрестің өзектілігін осы категорияда жасалған қылмыстар санының күрт өсуін растайды. Кәзіргі кезде мемлекет деңгейінде,  әсіресе кеден саласындағы, экономикалық қылмысқа қарсы күресу, жалпы, қылмысқа қарсы күресудің басты бағытарының болады.

Соған орай, Қазақстан Республикасы Президенті 1998 жылдың 12 – қазанда “Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жүйесін әрі қарай реформалау” Нұсқауында, мемелекет кірістері Министірлігін құрып, оған мына міндеттерді жүктеді:

— өз уәкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

— мемлекет алдындағы салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, басқа да қаржылық міндеттемелердің түсуін қамтамасыз ету;

— ішімдік өнімдерінің өндірісі және айналымына мемлекеттік бақылауды;

—  мемлекетке шығын клтіретін  экономикалық қылмыстар мен құқық бұзуға қарсы күресу, экономикалық қылмыстарға қарсы күресудегі халықаралық өзара ынтымақтастықты қамтамасыз ету.

Контрабанданың қоғамға келтіретін нұқсаны тек экономикалық шығын ретінде ғана қарастырылып қоймайды. Сонымен қатар, ол әлеуметтік-психологиялық және моральдық жағынан келтіретін зияндылығымен де күрделенеді. Мәселен, казіргі кезде,  кеден қылмыстарының саны өсуі әртүрлі әлеуметтік топтардың  негізсіз жіктелуінің тереңдеуіне, және негативті, қоғамға қарсы жеке ұстанымдардың  пайда болуына әкеледі.

Қазақстандық кеден заңдарының дамуы, рыноктық қарым- қатынастардың құрылу жағдайларындағы контрабанданың кеңінен таралуы, бұл қылмыстың қоғамға төндіретін қауіпінің үлкен дәрежесі болып саналады.

Бұл зерттеулердің барлығында дерлік, негізінен қылмыстық — құқықтық мәселелер зерттелді,  оның ішінде, жалпы контрабанда түсінігі, жалпы құрам мен қонтрабанданы анализдеу, сонымен қатар, айналымнан алынған заттардың контрабандасы немесе айналымы шектелген заттарды анализдеу кеңінен зерттелген. Ал криминологиялық контрабанда, оның себептері мен жағдайлары, сондай – ақ, оның жалпы және арнайы алдын алу шаралары тіптен де зерттелмеген.

Сонымен бірге, кеден саясаты, ішкі және сыртқы саясаттың басты құрамы ретінде, мемлекетіміздің заңмен бекітілген мақсаттарына сәкес, қазақстандық рынокка, өндірушлер мен тұтынушыларға жақсы жағынан ықпал етуі тиіс; экономиканың, импорт пен экспорттың дамуын қарқындату; сауда саясатының мәселелерін шешуге және т.б. сыртқы экономикалық қарым-қатынастарды реттеу, негізінен экономикалық әдістермен, кеден баждары, салықтар мен алымдар көмегімен орындалады.

Әкімшілік әдістердің мәні күрт төмендедеі, бірақ мемлекет олардан толық айнуы мүмкін емес, өйткені олар экономикалық әдістерді толықтырады, және, сонымен қатар, сыртқы экономикалық қызметтерінің белгілі бір салаларында өз мәнін сақтайды.

Сонымен қатар, тағы бір мәселені атай кетейін. Меншік түрлерін өзгерту процесстерінде жаңа экономикалық қарым-қатынастар пайда болды. Бұл бұрын қатаң иерархиялық және әкімшілік – бұйыру әдісімен реттелген қарым-қатынастар, қазіргі кезеңде қатаң реттеуге тәуелсіз, еркін салаға айналды. Бұл әсіресе алғашқы кезеңдергі жаңа жағдай, барлығына рұқсат сенімін пайда болғызып, қалыптастырады, кеден бақылауының іс — шаралар мен шешімдерге құқықтық баға беруді талап етеді.

Зерттелген саланың криминалдық жағдайын құқық қорғау және бақылау органдарының қызметкерлерінің дайындығының жеткіліксіздігі мен біліксізідігі, кеден қылмыстарының алдын алу және ашудағы жұмыстарын үйлестірудің тимдсіздігімен қиындатады.

Кеден қылмыстарының алдын алудың бүгінгі күнге дейін, криминалистік негізі жоқ екендігін айтпай кеткен жөн емес.

Сондықтан, кеден саласындағы қылмыстарының алдын алуды тиімді ұйымдастыру, оларды жасайтын тұлғаларға қоғамдық — әлеуметтік және арнайы, сонымен қатар, қылмыстық- құқықтық, шараларды қолдану — еліміздің экономикасы мен дамытудағы айтарлықтай жағдайларды қорғау, кеден мекемелерінің қалыпты қызмет атқаруын, қоғам мүшелерінің дұрыс өмір ұстанымдарын қалыптастыруындағы әртүрлі негативті жайларын болдырмауды қамтамасыз етеді.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, қорғалуға ұсынылып отырған  дипломдық  жұмыстың  мақсаты  айқындалады –Кеден ережелерін бұзумен күрестегі Қазақстан Республикасының кеден органдарының қызметі туралы зерттеу.  Осы  мақсатқа  жету  үшін  алдын-ала  мынадай  міндеттер  қойылды:

—    кеден бақылауы органдарының рөлі

—   кеден органдарының міндеттері

—   Қазақстан Республикасының  кеден органдары мемлекеттік басқару саласы ретінде

—   кеден органдарының құқық қорғау қызметтері

—   контрабанданың қылмыс ретіндегі түсініктері және белгілері

—   контрабанданың қылмыс ретіндегі  жағдайы, құрылымы және қарқыны

—   кеден бақылауы органдарының контрабанданың алдын алу жөніндегі жалпы шаралары.

 Дипломдық жұмыс / 75 бет


You must be logged in to leave a reply.