Жоспар

Кіріспе…..3

І ТАРАУ. Көліктегі қылмыстардың түрлері…5
1.1. Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы….5
1.2. Жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу…8
1.3. Көлік құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, мас күйіндегі адамды көлік құралын жүргізуге жіберу….11
1.4. Көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру….12
1.5. Көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу….15

ІІ ТАРАУ. Көлітегі қылмыстардың өзге де түрлері
2.1. Поезды қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату…..21
2.2. Көлікте қолданылатын ережелерді бұзу….23
2.3. Магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу….25
2.4. Труба құбырларын зақымдау немесе қирату…….27
2.5. Кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуі….28
2.6. Ұшудың халқаралық ережелерін бұзу….30

Қорытынды…..32
Библиография…..33

Кіріспе

Көліктегі қылмыстар жаңа Қылмыстық кодекстің 12 – тарауында орналасқан. Бұрынғы Қылмыстық кодекске қарағанда бұл тарауда көліктің барлық түрлері – темір жол, әуе, су көлігі, автомобиль, тролебус, трамвай, не басқада механикалық көлік құралдарын жүргізуші адамның жол қозғалысы қауіпсіздігін немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылығы жинақталып берілген.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелеріне қарсы қылмысқа қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді кінәлі түрде бұзып көліктің бірқалыпты қызмет етуін бұзатын, соның нәтижесінде заңда көзделген зардаптардың орын алуына жол беретін іс-әрекеттер жатады.

Көлік қылмыстарының топтық объектісі болып жол қозғалысы қауіпсіздігінің және көлік құралдарын пайдалану ережелерін реттейтін қоғамдық қатынастар табылады.

Қылмыстың тікелей объектісі – жол қозғалысы қауіпсіздігі және көлік құралдарының нақты түрін (темір жол, әуе, су көлігі, автомобиль, тролебус, трамвай) пайдалану ережелері, ал қосымша тікелей объектісі – кейбір құрамдар үшін адамның өмірі, денсаулығы, сондай-ақ меншігі болуы мүмкін.

Қылмыстың заты – темір жол, әуе, су көлігі, автомобиль, тролебус, трамвай және басқа да механикалық көлік құралдары.

Объективтік жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің 12-тарауындағы қылмыстардың көпшілігі әрекет немесе әрекетсіздікпен, зардаптан және олардың арасындағы себепті байланыстардың тұрады (материалдық құрам). Тек қана екі түрлі қылмыс құрамы (305, 306-баптар) құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі және көлік құралдарын пайдалану ережелері сан қилы, үнемі өзгертіліп, жаңартылып отырылады. Бұл ережелер арнаулы заңдарда немесе заңға бағынышты нормативтік актілерде көрініс тапқан, мұндай заңдарға – Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының жол қауіпсіздігі туралы заңы, Қазақстан Республикасының темір жол жарғысы, Су кодексі, Әуе кодексі, Қазақстан Республикасындағы жол жүру ережелері және тағы басқалар.

Осыған орай көлік қылмыстарының нақты құрамдарының диспозициясы бланкеттік болып табылады. Әр бір жеке құрам үшін жауаптылық арнаулы заң, басқадай нормативтік-құқықтық актілердің тиісті талаптарына нақты негізделуі тиіс.

Көліктегі қылмыстарды дұрыс саралау үшін осы қылмыстың заты болып табылатын көлік құралдарының түріне дәлме-дәл анықтама берудің маңызы ерекше. Көлік деген  ұғым жалпылама ұғым, оның құрамдас бөліктеріне, заңда айтылғандай – темір жол, әуе және су көлігі және автомобиль көлігі жатады.

Көліктегі қылмыстардың нақты құрамдары өздерінің объективтік, субъективтік белгілері бойынша бір-бірімен оқшауланады, әр қайсысының өзіндік ерекшеліктері бар, осыған орай осы құрамдары жеке-жеке талдау арқылы олардың заңдылық табиғатын толық сипаттауға мүмкіндік туады.

 Курстық жұмыс / 34 бет


You must be logged in to leave a reply.