М а з м ұ н ы

Кіріспе   ………… 3

Негізгі бөлімі
1. Қажетті қорғану………….4-9
2. Қажетті қорғану шегінен асып кеткендік…..10-13
3. Жалған қорғану……………..14-15
4. Аса (мәжбүрлі) қажеттілік………… 16-20
5. Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіру…… 21-24
6. Орынды тәуекел………. 25-28
7. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу………. 29-30
8. Бұйрықты немесе өкімді орындау………… . 31-32

Қорытынды.…………33-34
Колданылған әдебиеттер…….35-36

К і р і с п е

Әрбір азаматтың  конститутциялық борышы- қоғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау.Осы міндетті жүзеге асыруда жеке адамға, қоғамға,мемлекетке қарсы бағытталған іс-әрекеттерді дер кезінде тыюдың, тойтарудың маңызы ерекше.Қоғамға қауіпті іс-әрекетті тойтаруда,оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төндірген адамға материялдық, моральдық және басқа да  зиян келтіруі мүмкін. Мұндай әрекеттер формальдық жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің  жекелеген баптарында көрсетілген қылмыс құрамына жатуы мүмкін.Бірақ та бұл әрекеттер белгілі бір жағдайларда қылмыс болып табылмайды. Өйткені мұндай әрекетте қылмыстың материялдық белгісі болып табылатын басты белгі- қоғамға қауіптілік жоқ. Керісінше, мұндай жағдайларда, қоғамдық қатынастарға зиян келтіруге  бағытталған қауіпті жою,тойтару қоғамға пайдалы іс-әрекет деп танылады.Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша бұларға қажетті қорғану; аса (мәжбүрлі) қажеттілік; қылмыскерді ұстау; орынды кәсіби тәуекел; күштеу немесе психикалық мәжбүрлеу; бұйрықты немесе үкімді орындау әрекеттері жатады.

Аталған жағдайларда істелген әрекет немесе әрекетсіздік сырттай қылмыс белгілеріне ұқсамағанымен, толарда қоғамға қауіптілік болмағандықтан, қылмыс қатарына жатпайды. Өйткені бұл аталған институттар қоғамға пайдалы іс-әрекеттер қатарына жатады. Енді осы мән-жайларға талдау жасайық.

курстық жұмыс / 35 бет


You must be logged in to leave a reply.