МАЗМҰНЫ

1 БҰЗАҚЫЛЫҚТЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Бұзақылық –қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың бірі ретінде
1.2 Бұзақылықтың объектісі және объективтік жағы
1.3 Бұзақылықтың субъектісі және субъективтік жағы
2 БҰЗАҚЫЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫН ОЛАРҒА ҰҚСАС ҚЫЛМЫС ҚҰРАМДАРЫНАН АЖЫРАТУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Бұзақылық қылмыстарын оларға ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату критерийлері
2.1 БҰЗАҚЫЛЫҚ қылмыстарына жаза тағайындау ерекшеліктері
3 БҰЗАҚЫЛЫҚ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ
3.1 Бұзақылық қылмысының криминологиялық сипаттамасы
3.2 Қылмыстық профилактикадағы кейбір қиындықтар туралы.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Бұзақылық қылмыс құрамы екі объектіге бағытталған: жеке тұлғаның мүлкіне және денсаулығы мен өміріне.  бұзақылық қылмысын саралау үшін денсаулыққа қарсы зардап келтіру міндетті емес, адамның денсаулығы мен өміріне күш көрсетуге оқталу әрекеті болса жеткілікті.

Бұзақылықтағы психикалық күш көрсету мазмұны жағынан, физикалық күш қолданбай-ақ,  денсаулығы мен өміріне қарсы күш көрсетемін деп қорқыту арқылы жүзеге асырылады. Психикалық қорқытудың бұл түрі түрлі формада:  “өлтіремін”, “бауыздаймын”, “сындырамын-құртамын”, “қырамын-жоямын” деген сөздермен, іс-қимылдармен, түрлі жарақаттар салуға болатын  қару-жарақ көрсетумен жүзеге асырылады. Психикалық күш көрсетуде  қорқыту нақты болуы керек, яғни қылмыс жасаушы әрекетті сол кезде жүзеге асыратындай мүмкіндік болғанда ғана қорқыту жүзеге асырылды деп сараланады.

Қорқытуды алдағы уақытта жүзеге асыру немесе  күш қолданбай-ақ қолдану, немесе  денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмейтіндей күш көрсету жағдайда байланысты  бұзақылық емес, алаяқтық деп саралануы мүмкін.

Шабуыл жасау-бұл жәбірленушіге қарсылық жасауға мүмкіндік бермейтіндей кенеттен күш көрсету. Қылмыстық құқық теориясында  “шабуыл жасау” түсінігінің нақты анықтамасы берілмеген. Заңгерлердің бір тобы  бұзақылықтың анықтамасын беріп, мазмұнын толықтай ашпайды. Екінші бір тобы шабуыл жасауды күш көрсету деп түсіндіреді. Үшінші біреулері, шабуыл жасау бұл күш көрсету емес деп есептейді.

Менің пікірім бойынша: күш көрсету мен шабуыл жасау бір мағынаны білдірмейді. Сондықтанда, физикалық және психикалық күш көрсетуді  бұзақылықның міндетті құрамдас бөлігі деп қарастыруға болады. Көптеген заңгерлер шабуыл жасауды екі кезеңнен тұратын әрекет деп қарастырады: күш көрсетуге нақты жағдай жасау кезеңі және күш көрсетуді жүзеге асыру кезеңі. Күш көрсетудің нақты мүмкіндігін және оның қауіптілік дәрежесін жәбірленушінің өзі бағалайды, бірақ кейбір жағдайларда  бұзақылық кезінде шабуыл жасау кенеттен болуы да мүмкін. [3]

бұзақылықты қалай саралауға болады, мысалы, ұйқыда жатқан адамға шабуыл жасау, мұнда ұйқыда жатқан адам шабуылдың нақтылығы жайлы біле алмайтындықтан, оның қауіптілік дәрежесі туралы да біле алмайды, бірақ шабуыл жасаудың қауіптілігі мен күш көрсетудің мүмкіндігі, зардаптың нәтижесінде көрініп тұратындықтан әрекетте   бұзақылық қылмысы құрамының белгісі бар деп есептелінеді.

Шабуыл жасау жәбірленуші тарапынан оның жеке мүлкіне ие болу үшін қолданылатын  нақты қарсылықты тойтару мақсатында ғана емес, сонымен бірге қарсылық көрсетудің алдын алу мақсатында да жүзеге асырылуы мүмкін. Осыған сәйкес күнделікті тәжірибеде, есеңгірететін заттарды қолдану арқылы жасалған  бұзақылықты саралау өте қиынға түседі.Заңгерлер арасында бұл сұрақтың нақты  шешімін тауып, ортақ бір пікірге әлі де келген жоқ. Мысалы, кейбір заңгерлер, жәбірленушіге есеңгірететін заттар қолдану арқылы оның жеке мүлкіне ие болу әрекетінде  бұзақылық қылмысының белгілері жоқ деп есептейді [3].

Қылмыстық құқық ғылымында физикалық күш көрсетуді қоғамға қауіпті, құқыққа қайшы  әрекет жасау арқылы жәбірленушінің еркінен тыс оның денесінің сыртқы және ішкі бөліктеріне зардап келтіру деп таниды. Соңғы кездерде күш көрсету жәбірленушінің өз еркімен де жүзеге асырылатын жағдайлары кездесіп жүр, атап айтқанда: адам ағзасына ұйқы келтіретін, есеңгірететін, уландыратын зат заттар жіберу. Менің ойымша, адам ағзасына есеңгірететін заттарды жіберудің өзі күш көрсету әрекеті болып табылады, өйткені сол заттардың көмегі арқылы жәбірленуші қарсылық көрсету мүмкіндігінен айырылады, сондай –ақ қолданылған  уландыратын, есеңгірететін, есірткілік т.б заттар көп мөлшерде болса, жәбірленушінің организмінің нақты қалыпты жағдайдан шығып, денсаулығының ұзақ уақытқа бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетінің жоғалуына, сөйтіп оның өліміне әкеліп соғуы мүмкін.

Бүгінге дейін дау тудырып жүрген мәселелердің бірі жәбірленушіге көп мөлшерде ішімдік ішкізіп, оны дәрменсіз жағдайға келтіріп  бұзақылық әрекетін жасау.Көптеген заңгерлер бұл жағдайда қылмысты саралау мастықтың дәрежесіне қарай жүргізілуі керек деген пікір білдіреді. А.И.Спасов: “Егер, жәбірленуші ішімдікті өз еркімен ішіп, есірткілік затты өз еркімен пайдаланса, жәбірлеушінің әрекетінде күш көрсету жоқ деп таниды. Ал кейбір заңгерлер,  бұзақылықтағы жәбірленушіге қарсы физикалық күш көрсету оны көп мөлшерде ішімдік ішкізу мен есірткілік заттарды пайдалануға көндіруді жатқызады” [4,46-48бб].

 Дипломдық жұмыс / 60 бет


You must be logged in to leave a reply.