Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

І Бірінші сатыдағы сот актілері
1.1 Сот шешімі
1.2 Азаматтық істердің түрлі санаттары бойынша сот шешімдері
1.3 Шешімнің заңды күшіне енуі
1.4 Сот ұйғарымы және бірінші сатыдағы соттың өзге де актілері
1.5 Соттың жеке ұйғарымы

ІІ Шешім шығарылған соң сотпен жасалатын іс жүргізу әрекеттері
2.1 Дәлелді шешім және шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету
2.2 Қосымша шешім
2.3 Шешімді түсіндіру
2.4 Шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту, шешімді орындаудың әдісі мен тәртібін өзгерту

ІІІ Қосымшалар
3.1 Сот шешімінің үлгісі
3.2 Соттың бітімгершілік келісімге келу туралы ұйғарымының үлгісі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Өздеріміз білетіндей, «Азаматтық іс жүргізу құқығы» пәні – жоғарғы оқу орындарында жүргізілетін негізгі пәндер тізіміне енгізілген. Бұл пән әр уақытта өз қиындығымен, азаматтық іс жүргізу құқығында реттелетін құқықтық қатынастардың түрлерінің көптігімен сипатталады [2].

Азаматтық іс – азаматтық іс іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен азаматтық сотта қаралатын іс.

Азаматтық процесс жеке сатылардан тұратын үдемелі қозғалыс болып табылады. Процесс мынадай сатыларға бөлінеді:

1)сотта азаматтық істің қозғалуы;

2)істі сотта қарауға әзірлеу;

3)істі бірінші сатыдағы сотта мәні бойынша қарау;

4)істі апелляциялық тәртіппен қарау;

5)заңды күшіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібін қайта қарау;

6)заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдарды, қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау;

7)атқару ісін жүргізу;

Азаматтық процесс азаматтық істі қарау және шешу кезінде сот пен басқа да субъектілер арасында қалыптасатын іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуының, дамуы мен тоқтатылуының жүйелі тәртібі болып табылады.

Жоғарыда аталып кеткен процесс сатылары, барлық азаматтық істі қарау бірінші сатыдағы сот өндірісінен басталатыны. Бірінші сатыда істің қаралуы өз кезегінде тиісінше сот актілерін шығарумен аяқталатындығы да белгілі. Бірінші сатыдағы сот актілері- жазба нысанда жасалынып, сот билігін жүзеге асыратын актілер.

Сот актісі- бұл құқықтық қолдану актісі . Мұнда құқық турулы дау немесе өзге даулы мәселені шешу үшін іс жүргізуде сотпен материалдық және процесуалдық құқық нормаларын қолданғанның аяқталғаны және қорытындысы көрінеді.

ҚР АІЖК бойынша іс жүргізу құжаттары ретінде бірінші  сатыдағы сот қабылдайтын актілердің төрт түрі бар.

1) сот қаулысы;

2) сот шешімі;

3) сот ұйғарымы;

4) сот бұйрығы.

Сот қаулысы –бұл іс жүргізу кезінде азаматтық істі қарап және шешкен соң сот шығаратын акт. Азаматтық процесте бірінші сатыдағы сот қаулысы сотпен (жеке-дара,алқы құрамда) жасалатын іс жүргізу әрекеттерін рәсімдейтін және тікелей заң зардаптарын туғызатын сот актісі.

Заңи (іс жүргізушілік) мәні, міндеттілігі және өзге маңызды құқықтық белгілері бойынша сот актілері бір-бірінен ерекшеленбейді, яғни іс жүргізушілік нысандарына қарамастан, олардың барлығының орындалуы міндетті болып табылады.

курстық жұмыс / 32 бет


You must be logged in to leave a reply.