Мазмұны
Кіріспе…….4
1. Азаматтық құқықтық корғалу объектісі ретіндегі жеке мүліктік емес қатынастардың түсінігі және жүйесі..….6
1.1 Жеке мүліктік емес қатынастардың түсінігі……6
1.2 Жеке мүліктік емес қатынастардың құқықтық нысандары…..10
1.3 Жеке мүліктік емес қатынастардың жүйесі…..12

2. Қорғалу объектісі ретіндегі интеллектуалдык меншік құқығы…..20
3. Жеке мүліктік емес қатынастарды қорғаудың түсінігі және әдістері….29
3.1 Жеке мүліктік емес құқықтарды қорғау түсінігі…..29
3.2 Жеке мүліктік емес құқықтарды қорғау әдістері…31
4.Объектінің жекелеген түрлерін қорғау ерекшеліктері….36
4.1 Ар-намыс, абырой мен іскерлік беделді қорғау….36
5. Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын қорғау құралдарының құқықтық негіздері….45
5.1 Адам құқықтарын қорғау құралдарының түсінігі……45
5.2 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтарын соттық қорғау…..

Қорытынды……63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі….. 64

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Адам құқықтары — оның ажырамас қасиеттері. Егер адамның құқықтары болмаса, оның адамдық болмысының табиғаты жойылар еді. Адам құқықтары адамға тиесілі, сондықтан олар мемлекет «сыйы» ретінде қарастырыла алмайды[1].

Адамның әлеуметтік және құқықтық қорғалуы ақырында қоғамның экономикалық және мәдени дамуы деңгейімен анықталады.

Адам құқықтары — адамның ерікті орнын анықтаудың және ерікті өмір сүруінің әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени және өзге де мүмкіндіктері.

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі Халықаралық пактіде, сонымен қатар азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактіде ол құқықтар адамзат тұлғасына сай абыройдан туындайды делінген.

Абырой және одан туындайтын құқықтар адамнан ажыратылмайды.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында адамзаттық әлеуметтің барлық мүшелеріне тән абыройды тану және олардың тең, ажырамас құқықтарын тану бостандықтың, әділеттіліктің және жалпы бейбітшіліктің негізі болып табылады делінген.

Жекелеген тұлғаның да, қоғамның түгелдей де еркіндігі абсолютті құндылық ретіндегі адам абыройын тануға негізделеді.

Еркін қоғамда адамның қоғамға келтіретін пайдасының белгілерін көрсету тән емес.

Демократиялы ұйымдастырылған қоғамда ол үшін пайдалы және пайдасыз тұлғалар болып бөліну орын алмайды.

Барлығы заң алдында тең және өз құқықтары мен мүдделерін қорғауда тең құқылы.

Еліміздің азаматтық заңнамасымен азаматтық құқықтық қорғалу берілген материалдық емес игіліктер шеңбері белгіленген.

Жоғарыда аталғандарға сүйене отырып, келтіретініміз келесі: әлемдік стандарттарға сәйкес біздің ұлттық заңнама мүліктікпен байланысты және байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтарды қорғаудың шарттарын, тәртібін және әдістерін белгілейді.

Ғылыми жаңалығы   және   практикалық маңыздылығы

Заң ғылымындағы азаматтардың мүліктік емес  құқықтарын қорғауды кешенді түрде  зерттей отырып, оның  маңызыдылығын  көрсетті.

Азаматтық құқықтарды қорғау — құқықтың қол сұғылмаушылығының, оның жүзеге асырылуын, бұзылған жағдайлардағы қалпына келтірілуін және бұзылу салдарының жойылуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі.

Ғылыми проблеманы шешудің казіргі жағдайын бағалау

ҚР Азаматтық кодексіне алғаш рет мүліктікпен байланысты емес жеке мүліктік емес құқықтарды реттеуге арналған арнайы тарау енгізілген.

Ол ең алдымен Азаматтық кодекстің 1 бабының 2 тармағының ережелеріне негізделеді, онда айтылғандай мүліктікпен [1] байланысы жоқ жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық заңнамамен реттеледі, егер заңдармен өзгеше белгіленбесе немесе өзгеше жағдай жеке мүліктік емес құқық мәнінен туындамаса.

Мысалы, әлдекім әдеби шығарма жазса, оның автор ретендігі мүліктік емес құқықтары туындап, белгіленген тәртіпте қорғалады.

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты жоғарыда аталған игіліктерді қорғау өзгеше сипатқа ие болды. Әдетте азаматтар өз құқықтарын қорғау үшін сәйкес құзыетті органдарға әр кезде жүгіне бермейді, өздерінің жеке мүліктік емес құқықтарының бұзылуы фактілерін әр кезде біле бермейді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев халыққа Жолдауында былай деп көрсетті: «… Қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, алаяқтықпен, заңдардың бұзылуымен, табанды да қатал күрес жүргізу керек».

Дипломдық зерттеудің  мақсаты    мен   міндеттері.

Диплом жұмысы азаматтық құқықтағы азаматтық құқық объектілерінің ұғымы мен түрлеріне арналған.

Жұмыстың негізгі мақсаты — азаматтық құқық объектілерінің ұғымын, сонымен қатар объектілерді ерекшелейтін белгілерін көрсету және олардың түрлеріне ашып көрсету және осының негізінде оны Қазақстан Респубикасының Азаматтық Кодексіндегі жаңа тарауды талдап анықтау болып табылады. Бұл жұмыста қазіргі жағдайдағы жеке мүліктік емес құқықтарды қорғаудың түсінігін құралдарын және әдістерін анықтау талпынысы жасалған.

Қорғаудың ар-намыс, абырой мен іскерлік бедел сияқты жекелеген объектілеріне көңіл бөлінген.

Дипломдық зерттеудің обьектісі-азаматтық   құқықтық қорғалу объектісі ретіндегі жеке мүліктік емес қатынастардың түсінігі және жүйесі.

Теориялық  және  методологиялық  негізі

Теориялық маңызы зерттеу жұмысындағы шешімдер мен қорытындылар оқу процесінде «ҚР Азаматтық құқығы», «ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы»  пәндерін оқытуда қолдануға болады.

Методологиялық негізіне диалектикалық логика, философия, азаматтық құқықтың арнаулы теориялық-құқықтық әдістері жатады.

Дипломдық жұмыстың  рактикалык базасы:  құқыққорғау органдары.

 Дипломдық жұмыс / 68 бет


You must be logged in to leave a reply.