МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………..    3

1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ…..    5
1.1 Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама………………….    5
1.2  Азаматтық құқық қағидалары түсінігі………………    8
1.3 Азаматтық-құқықтық нормаларды талқылау…    14

2 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚПЕН   ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ…….    17
2.1 Азаматтық құқықтың негізгі элементтері………………….    17
2.2 Азаматтық құқық субъектілері………………    20
2.3 Азаматтардың әрекет қабілеттілік пен құқық ұғымы…………….22

ҚОРЫТЫНДЫ……………..  29
ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…..  32

КІРІСПЕ

 

Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық бөліністер болып табылады.

Отбасылық еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиісінше отбасылық, еңбек заңдармен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.  Азаматтардың құқық қабілеттіліктері мен әрекет қабілеттіктері  қазіргі заманғы қоғамда  жан-жақты қарастырылады және оның азаматтардың құқықтық қатынастарын реттеудегі маңызы үлкен. Осыған орай таңдалып алынған  курстық жұмыстың тақырыбы,  қазіргі кезде өзекті болып табылады.

Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуіне, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.

Тәжірибемен айналысатын заңгерлер өзінің күнделікті қызметте өзінің өрісін ұлттық құқықтың шеңберімен шектелуі мүмкін. Өзінің ой өрісі өзінің ұлттық құқығына бейімделген тәжірибелік-заңгері аталған сұраққа жауап ретінде әртүрлі мемлекеттерде әртүрлі нормалар қабылданады және қолданылады деп айтады.

Аталған мәселеге біз прагматиялық жағынан және маңызды белгілерін қысқаша тоқтатылуы арқылы қазіргі әлемде үш негізгі құқықтық жүйелердің топтарына: романо-германдық құқықтық жүйесіне, жалпы құқық жүйесіне және кеңестік құқықтық жүйесіне тоқаталамыз.

Шетел мемлекеттерінің азаматтық және сауда құқығы – деп қоғамда қалыптасқан мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуші нормалар жүйесі. Осыған байланысты азаматтық сауда құқығы жеке меншікті қорғай отырып онымен байланысты экономикалық қатынастарды реттейді [1].

Берілген курстық жұмыстың мақсаты – азаматтық құқық қабілеттілік пен азаматтық әрекет қабілеттіліктің мәні мен мағынасын аша отырып, азаматтық құықтық қатынастардың қажеттіліктері мен ерекшеліктерін анықтау болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсатына орай оның алдына келесі міндеттер қойылады:

—         азаматтық құқыққа жалпы сипаттама

—         азаматтық құқық қағидалары түсінігі.

—         азаматтық-құқықтық нормаларды талқылау.

—         азаматтық құқықтың негізгі элеметтері

—         азаматтардың әрекет қабілеттілік пен құқық ұғымы.

—         азаматтық құқықтың әрекет қабілеттілігіне байлагысты  субъектілерін анықтау мен оалраға сипаттама беру

Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Курстық жұмысты жазу барысында отандық және шетел авторларының ғылыми еңбектері, басылымдары, Қазақстан Республикасының нормативтік әдебиеттері мен заңдылықтары қолданылды [2].

курстық жұмыс / 32 бет


You must be logged in to leave a reply.