Мазмұны

Кіріспе. 2

I Азаматтық процестегі тараптар және олардың маңызы.. 3
1.1 Азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігі 3
1.2 Азаматтық істегі тараптардың құқықтары мен міндеттері және оның мазмұны   14

II.  Азаматтық процесстегі біріккен қатысушылық және олардың тараптар мәртебесіне әсері 28
2.1  Азаматтық процесстегі біріккен қатысушылық түсінігі, саралануы.. 28
3.1 Тиісті емес жауапкер түсінігі және процестегі рөлі 31

Қорытынды.. 32
Қолданылған әдебиеттер. 33

Кіріспе

Тұлға азаматтық іске қатыса отырып, нақты анықталған жағдайға иеленеді. Іске қатысушының процессуалдық жағдайын қате анықтау соттың әділ емес шешім шығаруға әкелетін қателігі болып табылады. Тараптар қатысуынсыз іс қозғалмайды, сондықтан олардың азаматтық істегі құқықтық жағдайын ғылыми және тәжірибе жүзінде зерттеуге көп мән беріледі. Азаматтық іс жүргізу құқығы мен заңдылығы ғылымында тараптарды процессуалдық құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде іске қатысушы тұлғалар қатарына қосу туралы жағдай жалпы танылған сот пен істегі тараптар арасында туындайтын қатынастар негізгі азаматтық процессуалды-құқықтық қатынастьар болып табылады. Сондықтан тараптар азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушылары болады. Азаматтық құқық туралы олардың арасында туындаған дау сот қарауы мен шешуінің пәніне айналады. Азаматтық істе заңда тараптар түсінігі ашылмайды және талапкер мен жауапкер үшін ортақ болатын заңды белгілер көрсетпейді, сол себептен бұл сот тәжірибесінде құқық қолдану кезінде белгілі қиындықтарға әкеледі. Азаматтық іс жүргізу кодексінде тек істегі талапкер мен жауапкер түсініктері, сондай-ақ тараптар болуы мүмкін тұлғалар тізімі ғана көрсетілген.

Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында бұл түсінік толықтай өңделген:

—         тарап бұл даулы материалды – құқықтық қатынастың ықтимал субъектісі;

—         тарап бұл құқық туралы даудың субъектісі;

Негізінен бұл екі анықтама арасында айырмашылық жоқ. Екеуінде де тұлға құқығын қорғау туралы айтылады. Яғни, міндет жүктелетін тараптыда ескереді. Ал бір тұлға құқығы мен басқа тұлғаның міндеті құқықтық қатынас болып табылады. Бұл екі анықтама әртүрлі болып қалыптасқанымен мәні бірдей және нәтижесінде бір затты білдіреді. Осылай істегі тарап түсінігін материалды–құқықтық қатынастар субъектілері түсінігімен анықтайды. Даулы материалды–құқықтық қатынас қатысушылары істе сәйкес емес тұлға қатысқан жағдайдан басқасында істегі тараптар болып табылады. Азаматтық істі қозғағанда талапкердің қорғау туралы өтінген субъективтік құқығының оған тиістілігі және құқық шынымен бұзылғаны не даулы екендігі туралы, сондай-ақ талапкер жауапкер ретінде жауапқа тартуды өтінген тұлға талап бойынша жауап беруі тиіс екені туралы нақты бекітіп айтуға болмайды. Негізгі жағдайды сот істі қараған кезде ғана анықтайды. Сондықтан, тараптар болып материалды–құқықтық қатынастың нақты не ықтимал субъектілері танылады.

курстық жұмыс / 33 бет


You must be logged in to leave a reply.