Мазмұны

КІРІСПЕ………..3

І. Азаматтық іс-жүргізу қатынастарының теориялық негіздері
1.1 Азаматтық іс-жүргізу қатынастарының түсінігі және олардың ерекшеліктері……..6
1.2 Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының алғышарттары………13

ІІ. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының түрлері мен жіктелуі

2.1  Азаматтық іс жүргізу  құқық  қатынастарының түрлері, құрылымы………17
2.2 Азаматтық іс жүргізудің құқығы қатынастарының жіктелуі……..20

Қорытынды…………23
Пайдаланылған әдебиеттер……..26

КІРІСПЕ

Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары дегеніміз — қатысушыларының субъективтік құқықтары мен заңда көрсетілген міндеттері болатын, құқық нормалары мен заңда көрсетілген айғақтарға (фактілерге) сәйкес туындайтын.

Құқықтық қатынастардың құрамы бірнеше бөлшектерден: құқық субъектісінен, субъективтік құқықтан, заңды міндеттен, құқықтық қатынас объектісінен (затынан) тұрады.

Құқық субъектісі — заңи немесе жеке тұлға. Заңды тұлғаларға жататындар мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, т.с.с. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел баскару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құкықтар мен міндеттерге ие болып, олар-ды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңи тұлға деп аталады. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар да жеке тұлғалар болып саналады.

Субъективтік құқық — тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру үшін оларға белгілі шекте әрекет жасауға берілген құқықтық мүмкіндік. Мұндай мүдделер заңды деп танылады. Сол заңда белгіленген шек аясында тұлға  мүддесін қанағаттандыру үшін түрлі іс-әрекет жасайды. Жеке тұлға еңбек етуге, білім алуға, меншікке ие болуға, үйленуге хақылы. Сондай-ақ заңды тұлғалар да заңда рұқсат етілген шек аясында әрекет жасай алады. Өзіне берілген құқықты пайдалана ма, жок, па ол тұлғаның еркі[2, 122 б.].

Заңды міндет — заң белгілеген әрекетті істеу немесе істемеу шарттары. Мұндай міндет басқа тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін жіктеледі. Заңды міндеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, оған мемлекеттің мәжбүрлеу күші колданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге міндетті. Егер бұл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара қолданылады. Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі.

Құқықтық қатынастың объектісі (заты) — табиғат құбылыстары, мүліктік, өзіндік мүліктік емес игіліктер. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер аталған объектілерге бағытталған болып келеді.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынасы – азаматтық іс-жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс бойынша соттық әділеттілікті жіберу кезінде сот пен іс-жүргізуге қатысушылардың біреуі арасында пайда болатын қоғамдық қатынас.

Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарына құқықтық қатынастардың әр түрінің нышандарын біркелкі құқық қатынастары мыналармен мінезделеді:

1)     құқық нормаларының негізінде пайда болады;

2)     арнайы субъектілер арасында болуы мүмкін;

3)     қатынастардың қатысушыларының мінез-құлықтарын алып жүреді;

4)     құқық бұзу кезінде қатынастың қатысушысымен мемлекеттік күш қолдау шараларын қолдану мүмкіндігімен қамтамасыз етілген.

Курстық жұмыстың мақсаты. Азаматтық іс жүргізудің құқығы қатынастары — құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қоғамдық байланыстар. Құқықтық қатынас тек онна адамның мінез-құлқына құқықтық норма әсер еткенде пайда болады. Құқықтық қатынас — бұл субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы пайда болатын адамдар, ұйымдар, мемлекеттік органдар арасындағы байланыс. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіптіде жақсартуға мүмкіншілік жасайды. Құқықтық қатынастың құрылымы төрт элементтен тұрады: субъект, объект, субъективтік құқық, заңды міндеттер.

Курстық жұмыстың міндеттері.

—         Азаматтық іс жүргізудің құқығы қатынастарын зерттеу;

—         Азаматтық іс-жүргізу қатынастарының түсінігі және олардың ерекшеліктерін қарастыру;

—         Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының алғышарттарын;

курстық жұмыс / 26 бет


You must be logged in to leave a reply.