01. января 2012 · Комментарии к записи Валюталық жүйе, оның түрлері мен элементтері отключены · Categories: Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ

I-ТАРАУ. ВАЛЮТА ЖҮЙЕ: МӘНІ МЕН ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1 Валюта жүйе: экономикалық мәні мен түрлері
1.2 Валюталық жүйенің негізгі элементтері: маңызы мен қажеттігі

II-ТАРАУ. ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУІ
2.1 Валюталық бағам және оның экономикадағы маңыздылығы
2.2 Төлем балансы валюталық жүйедегі елдер қатынастарының сауда жағдайын анықтайтын негізгі көрсеткіш

III-ТАРАУ. ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ
3.1 Бүкіләлемдік валюта жүйесінің даму кезеңдері (эволюциясы)
3.2 Қазақстанда валюта жүйесінің дамуы

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КIРIСПЕ

Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының интеннационалдануы және жаһанданумен сипатталады.

Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде өзiнiң онды әсерiн тигiзедi.

Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.

Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк,  валюталық курс,  валюталық рыноктар,  халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.

Ваюталық  жүйе — ұлттық  заңдылықтарымен  немесе  мемлекет  аралық  келiсiм шарттарымен  бекiтiлетiн  валюталық  қатынастарды  ұйымдастыру  және  реттеу  формасын  бiлдiредi .

Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де зор әсер етедi.

Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын  “Валюталық жүйе: мәні және оның түрлері” деп алдым.

Бұл курстық жұмысымды жазудағы негiзгi мақсатым мен мiндеттерiм мыналар:

  • валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының себептерiн талдау және оның мәнін ашу;
  • халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi элементтерiн анықтау және талдау;
  • халықаралық валюталық жүйенiң, сондай-ақ дүниежүзілік және ұлттық валюталық жүйелерді салыстыру және олардың байланысын анықтау;
  • валюталық жүйенің негізгі элементтеріне тоқталу және оларды талдау;
  • Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйенiң қалыптасуы мен қазiргi жағдайы қарастырылды.

 Курстық жұмыс / 49 бет


Comments closed.