МАЗМҰНЫ

Кіріспе 6
1 Тұтынушылық несиелендірудің экономикалық мәні мен мазмұны 9
1.1 Тұтынушылық несиелендiрудiң ұғымы және несие жүйесінде алатын орны 9
1.2 Тұтынушылық несиелердің жіктелуі 19
1.3 Тұтынушылық несиенi ұйымдастырудың шет мемлекеттердегi тәжiрибесi 23

2 «БТА Банк» АҚ тұтынушылық несиелендiруiн ұйымдастыру және экономикалық талдау 29
2.1 «БТА Банк» АҚ техникалық –экономикалық сипаттамасы 29
2.2 2005-2007 жылдар аралығындағы «БТА Банк» АҚ тұтынушылық несиелендiрудi талдау 38
2.3 Қазақстан Республикасының екiншi дәрежелi банктерімен тұтынушылық несиелендiрудi талдау 50

3 Қазақстандағы тұтынушылық несиелендiрудiң даму мәселелері мен перспективалары 57
3.1 Қазақстандағы екiншi деңгейдегі банкiлердің тұтынушылық несиелендiрудi жүзеге асыру мәселелері 57
3.2 Қазақстан республикасында тұтынушылық несиелендiрудiң даму бағыттары 63

Қорытынды 68
Пайдаланылған қайнар көздер тізімі 70
Қосымшалар А, Ә, Б, В, Г 72

КІРІСПЕ

Қазақстанның экономикалық және қаржылық дамуы халықтың әл-ауқатының жақсаруын және ертеңгі күнге сеніммен қарайтындығын көрсетеді, бұл жеке тұлғалардың несиелендіру қызметтеріне тікелей әсер етіп, қызығушылығын арттырады. Бұл тұрғыда БТА клиенттердің қажеттілігіне бейімделген және несиелендірудің бірнеше түрін ұсынады. Сондай-ақ, несиелендірудің жаңа түрлерін үзбей шығарып тұрады. Бұл қызметтің түрлеріне, ең бірінші, несиелік карталар, автонесиелеу, ипотекалық несиелеу, сонымен қатар, зәру мұқтаждыққа несие беру, шұғыл несиелендіру және т.б. көптеген несиелендірудің түрлері енгізілген.

Қазақстандағы тұтынушылық несиелендiру жүиесi әсiресе белсендi осыдан 3-4 жыл бұрын, жеке тұлғаларды несиелендiру көлемi ұлғая бастаған кезде дами бастаы. Алғашында несие алу үшiн кепiлдiкке мүлiк берумен қоса, үшiншi тұлғалардың кепiлдiк беруi қажет болатын, қазiргi кезде ол шарт емес. Кейбiр банкiлер «кепiлдемесi» жылына 16-24 пайыздық несиелер бередi.

Ел экономикасы мен банктың секторлар үшiн жергiлiктi несиелендiрудiң маңызы өсуде, банк жүйесiндегi активтарындағы жергiлiктi несиелендiрудiң үлес 3 есе ұлғая түстi.

Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан жақты іс әрекет етеді, себебі коммерциялық банктерде несие ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасады. Коммерциялық банктердің базалық қызметі – экономиканы және халықты несиелендіру. Банктің несиелік операциялары өте табысты болғанымен, банктік операциялардың ішіндегі ең тәуекелді болып келеді.

Өз клиенттеріне қарыз ұсына отырып, банктер салымшылардан ақша қаражаттарын қабылдап және оларды қарыз алушыларға ұсынуда қаржылық делдалдар рөлін атқарады. Банктің бұл қызметі несиелік қатынастардың барлық қатысушыларына тиімді. Бұл қатынастарда өзара мүдде көзделеді: әркім өзінің қажеттілігін қанағаттандырады.

Тікелей банктік несиелендіруде қарыз несие берушілер мен тікелей қарыз алушыға ұсынылады. Несие беруші — банк, ал қарыз алушы болып қаржылық ұйымдар немесе қаржылық емес агенттер болуы мүмкін. Қаржылық ұйымдарға мақсатты қорлар, банктер, арнайы несиелік мекемелер кіретін болса, ал қаржылық емес агенттерге заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер кіреді. Бұл кезде несиелеу объектілеріне меншікті айналым қаражаттары, материалдық запастар жиынтығы, өндіріс шығындары, сыртқы экономикалық қызметке байланысты экспорттауға немесе импорттауға арналған тауарлар, азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құрал-жабдықтар және басқа да күрделі жұмсалымдар жатады.

Шығыс елдерiнiң көрсеткiштерiмен салыстырғанда, бiздiң елiмiздегi несиелендiру нарығының өсу қарқынын байқауға болады.

Қазiргi уақытта Қазақстандағы тұтынушылық несиелендiру нарығындағы бiрталай өзгердi, ұлғайды.

Бiрiншi ондыққа кiретiн банкiлердiң барлығы жеке тұлғаларды несиелендiру бойынша өз программаларын ұсынады. Баспана мәселесiн шешуге, автокөлiк сатып алуға берiлетiн несиелерiнен басқа да көптеген тауар, жиһаздан ұялы телефонға дейiн сатып алуға берiлетiн несиелер түрлерi қосылуда.

Қазiргi кезде тұтынушылық несие Қазақстан Республикасының экономикасы мен қаржылық секторының маңызды құрамы.

Тұтынушылық несиелендiру түрiн әрi қарай дамыту үшiн саяси және экономикалық тұрақтылық шаруашылық заңдылықтарының сақталуы дұрыс орындалуы қажет. Несиелiк келiсiм-шарт жүргiзген кездегi екi жақтанда бiрдей сенiмдiлiк болу қажет.

Былайша айтқанда несие немесе несиелiк карточка беру кезiнде, банк несие алушының несиенi жұмсау, қолдану кезiнде табыс қысқармайтынына, азаимайтынына сенiмдi болу керек. Несие алушыда банктың қаржылық жағынан тұрақтылығына сенiмi мықты болу керек.

Егерде екi жақтың бiреуi өз мiндеттерiнен безген жағдайда екiншi жақ заңды түрде қаржылық жағдайын оперативтi және минималды шығын шығарып өз мүддесiн қорғауға жағдайы болу керек.

Тауар немесi тұрғын үйдi қарызға сатып алу елiмiздi банкiлерiмен ұсынылған. Бiрақ, қазiргi кезде Қазақстанда несие көбiнесе табысы жоғары тұлғаларға берiледi.

Дипломдық жұмыстың мақсаты тұтынушылық несие нарығындағы даму жолдарын, Қазақстан Республикасындағы несиелендiру тәжiрибесiнiң дамуын талдау, несиелендiру кезiндегi пайда болған маңызды мәселер мен сұрақтарды шешу жолдарын iздестiру.

Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесi сұрақтар қарастырылды.

-коммерциялық банктармен берiлетiн тұтынушылық несиелендiрудiң дамуының теориялық жағымен танысу,

-тұтынушылық несиелендiрудiң негiзгi даму жолдарын қарастыру,

-тұтынушылық несиелендiрудiң шет елдiк тәжiрибесiн қарастыру,

тұтынушылық несиелердiң берiлу және даму тәжiрибесiн бағалау және талдау,

-тұтынушылық несие берiлу кезiндегi туындайтын қиыншылықтар және оларды шешу жолдары.

  Дипломдық жұмыс / 75 бет


You must be logged in to leave a reply.