Мазмұны

Кіріспе….3
1.Салықтың теорилық негіздері……4-16
1.1. Салықтың мәні, түрлері, қызметтері…..4-10
1.2. Салықты қазіргі экономикада қарастыру ерекшеліктері: кейнсиандық, неоклассикалық, «ұсыныс экономикасы»….11- 16
2.Қазақстандағы салық жүйесі, оның негізгі мәселелері және шешу жолдары……17-32
2.1. Қазақстан Республикасының салық салу жүйесі…..17-21
2.2. Салық салу мәселерін реттеу. Қазақстан Республикасындағы салық ауыртпашылығы деңгейі, оны жеңілдету жолдары……22-26
2.3. Қазақстан Республикасының салық салу жүйесін жетілдіру……27-32
Қорытынды……33
Әдебиеттер тізімі……34-35
Қосымша материал А Мемлекеттік бюджеттің салықтық кірістері…..36
Қосымша материал Б Мемлекеттік бюджет кірістері ( болжам )…….37

Кіріспе

     Мемлекеттердің дүниеге келуінен бастап олардың әрі қарай тіршілік етуіне қаржы қажет болды. Салық салу арқылы мемлекеттер өз қазынасын толтырып, дамуын әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік алды. Бұның өзі салықтың ежелгі кездерден бастап мемлекеттер дамуына қосқан үлесі зорының көрсеткіші. Салықтың негізгі қызметі мемлекет қазынасын, қазіргі кездегі бюджетті толтырып қоюмен шектелмейді. Салық кәсіпкерлікті дамыту саласында да үлкен роль атқарады. Оны салық мөлшерлемесінің көлемі арқылы реттеп отырады. Осы және де бірқатар басқа себептермен байланысты мен өзімнің курстық жұмысымның тақырыбын  «Салықтар және олардың экономикадағы ролі мен қызметтері» деп таңдап, төмендегі мақсатқа жетуді көздедім: салық мәнін, оның қызметін, мемлекет өміріндегі ролін айқындап қарастырып, Қазақстандағы салық салу мәселелерін зерттеу. Мақсатыма жету үшін біріншіден салық түсінігін нақтылап қарастырып, салық түрлерін, салық салу объектісін зерттеп, қазіргі кездегі салық салу механизмдеріне тоқталдым.

Қазақстан өз егемендігін алғаннан кейін алдында қиын мәселе туды, ол – салық салу жүйесін ұйымдастыру. Қазақстанның салық салу жүйесін ұйымдастыру бірнеше сатыдан тұрды. Курстық жұмысымда осы сатыларды қарастырып, Қазақстанның салық салу ерекшеліктеріне көңіл аударып, салық салу мәселелерін, қиындықтарын, шешу жолдарын табуға тырысамын.

Кез – келген елдің егемендігінің бір нышаны – өзіндік салық салу жүйесінің болуы және де ол бірден – бір мемлекеттің қаржы саласындағы реттеу құралы болып табылады. Салықты қарастыру арқылы мен өз елімнің экономикасының дамуына үлес қоса аламын деймін. Осыған дәлел ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың:  « Салық – мемлекет тұрақтылығының кепілі, » деген сөзін келтірейін.

 Курстық жұмыс / 38 бет


You must be logged in to leave a reply.