28. декабря 2011 · Комментарии к записи Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жүйедегі ақша мен қаржы отключены · Categories: Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 АҚША МЕН ҚАРЖЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ақшаның экономикалық мәні, мазмұны 5
1.2 Қаржы және қаржы жүйесінің мазмұны, қажеттілігі 7
1.3 Шет мемлекеттердегі ақша және қаржы жүйесінің даму тәжірибесі 9

2 ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ АҚША МЕН ҚАРЖЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ
2.1 Экономикалық жүйедегі ақша мен қаржының өзара байланысы, атқаратын қызметтеріне талдау 13
2.2 Қазақстан Республикасындағы ақша және қаржы жүйесінің қалыптасуы мен даму жағдайына талдау 17
2.3 Қазақстан Республикасындағы ақша және қаржы құрылымын басқару, құқықтық реттеу бағыттары 23

3 ҚОҒАМДАҒЫ АҚША ЖӘНЕ ҚАРЖЫНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Ақша мен қаржы жүйесінің дамуындағы кездесетін мәселелер және қаржылық дағдарыс 28
3.2 Ақша мен қаржының қызмет етуін жетілдірудегі мемлекеттің саясаты 30

ҚОРЫТЫНДЫ 33
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 34
ҚОСЫМША 35

Кіріспе

Қоғамдағы тауардың ұласқан айналымына қызмет көрсетуді және шаруашылықта есеп айырысуды қамтамасыз етеді, тауар және ақша жиынының қозғалысындағы сәйкестікпен, ақшаның объективті түрде қалыптасқан тауар айналысы қатынастарынан туындайтын жылдамдықпен жұмыс істеуімен, айналымдағы ақша жиынының ақша айналысы заңының талаптарына сай келетін деңгейде болуымен сипатталады. Өндірісті атап айтқанда мемлекеттік, жеке меншіктік өндірісті өркендету ең алдымен, ақша-тауар қатынастарына тікелей қатысты екені айқын. Сөйтіп, қолдағы материалдық, қаржы қорларын ұтымды пайдалану — әлеуметтік – экономикалық  міндеттерді түбегейлі шешудің, халықтың өскелең тұтыну талаптарын толық қанағаттандырудың кепілі.

Ақша – тауардың  жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша, тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі – барлық  тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару.  Ақша –  әр   мемлекетте тарихи қалыптасқан және мемлекет заңды түрде бекіткен ақша айналымының нысаны. Ақша – айырбастың  ұзақ даму нәтижесінің объективті шарттасқан тауар өндірісінің тарихи санаты.

Ақша – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің нақты құнын ескерусіз қалдыратын ақша эмиссиясы елде олардың артығымен пайда болуына және түпкі есебінде ақша бірліктерінің құнсыздануына әкеп соқтырады.  Елдегі ақша бірліктерінің тұрақты болуының басты шарты – шаруашылықтың  ақшаға деген қажеттілігінің қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз мөлшеріне сәйкесуі болып табылады.

Қаржы – нарықтық  қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

Қаржы жүйесі  шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды ұдайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары.

Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін қажет ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін еддің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-әркетімен байланысты.

Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып – алынған қаражаттарды  мемлекет  пен  онын кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді. Мемлекеттік қаржының көлемі мемлекеттің қоғамдағы өзінің орны мен рөліне байланысты өзгереді. Мемлекеттік қаржының келесідей функцияларын атап өтуге болады: экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық. Әрқайсысьна қаншалықты көңіл бөлуге әрбір мемлекеттің ерекшелігіне байланысты. Мемлекеттік қаржыны қаншалықты дұрыс жұмылдыру және оны тиімді бөлу мемлекеттің қаржы саясатының негізгі міндетіне әкелді. Қаржы саясаты мемлекеттің экономикальқ саясатының негізгі бөлігі болып табылады.

Қаржы жүйесі өзінің экономикалық табиғаты жағынан және жалпы принципиалды бірлігі жағынан біртұтас. Алайда, қоғамның сан – алуан  қажеттеріне қызмет ететіндігіне байланысты қаржы бірқатар салалардан тұрады. Нәтижесінде өз ықпалымен бүкіл экономиканы қамтиды. Қаржы қатынастарының саласы мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің бірыңғай қаржы жүйесін құрады.

Қаржы жүйесі – мемлекет  пен кәсіпорынның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын құру   және   пайдалану   процесіндегі   қаржы   қатынастарының оқшауланған, бірақ өзара байланысқан әртүрлі салалары мен буындарының, сондай-ақ оларды ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығы.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, курстық жұмыстың мазмұнын ашуда төмендегідей мақсаттар мен міндеттер алға қойылып отыр :

—       ақша мен қаржының экономикалық  мазмұнын аша отырып, қажеттілігін көрсету;

—       ақша мен қаржы жүйесінің құрылымы, қызметін сараптау;

—       ақша мен шет елдердің қаржы жүйесінің даму ерекшеліктерін қарастырыу;

—       Қазақстан Республикасының ақша мен қаржы жүйесінің құрылымын зерттеу;

—       Қазақстан Республикасының ақша мен қаржы жүйесінің қалыптасуы, даму жағдайына талдау жасау;

—       Қазақстан Республикасының ақша мен қаржы саясатының маңызы, міндеттерін анықтау;

—       Қазақстан Республикасының ақша мен қаржы жүйесінің дамуындағы мәселелер мен жетілдіру жолдарымен танысу.

 Курстық жұмыс / 37 бет


Comments closed.