ЖОСПАР
Кіріспе

1.    Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасуы мен даму тарихы.
1.1.Банктің нарықтық экономикадағы рөлі.
1.2.Банктік қызметті ұйымдастырудың негізі.
1.3.Банктік қызметті бақылау мен қадағалау.

2.    Қазақстан Республикасының банк жүйесі.
2.1.Банктегі негізгі тәуекел түрлері.
2.2.Банк жүйесінің 2-ші деңгейінің құрылымы.
2.3.Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі.

3.    Қазақстандағы банк жүйесінің даму ерекшеліктері.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Банк – ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар, мекемелер мен жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен қүнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операцилар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі. Банктің пайда болуы мен дамуы тауар-ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша кредит беру арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді. Сөйтіп, банктер аралық қызмет атқарып, ақша пиасасында тауарға айналатын жаңа талап мен міндеттемені қалыптастырады. Міндеттеме талаптың пайда болу процесі қаржылық-делдалдық қызметтің негізін құрайды. Банк – ерекше кәсіпорын. Егер кәдуілгі кәсіпорын қызметінде ақша төлем рөлін атқарса, ал банк қызметінде ол тауар орнына жүреді. Банктер уқытша пайдаланылмай тұрған бос ақша қаражаттарын өзіне жинақтау, клиенттерге есепшот ашып, кассалық қызмет көрсету, қысқа және ұзақ мерзімге несие беру, кредит бөлу, инвестициялық қызмет атқару, т.с.с. өзіндік арнаулы қызметтерге қоса, нарықтық экономика жағдайында лизингтік, факторингтік, трастық, кеңесшілік, ақпараттық, т.б. қызметтерді де атқарады. Банк жүргізетін операциялар пассивті және активті болып бөлінеді. Негізгі пассивті операциялардың қатарына банктің өзіндік капиталы, депозиттер қабылдау және банкаралық ақша пиасасынан қосымша ресурстар алу жатса, ал негізгі активті оперцияларға банкаралық кредит беру, инвестицилық қаржы бөлу, т.б. жатады. Қаржы секторы өскен сайын, Қазақстанның экономикасы тек қана мұнай мен газға арқа сүйемейді.
«Шетелдік капиталдың банк секторына келуіне біз Қазақстанға көрсетілген сенім, қажетті қаржылық қолдаудың көзі және банк қызметінің озық тәжірибесі ретінде қараймыз. Сондай-ақ күтпеген ахуалдарға қарсы шапшаң іс-қимылдар жасау шараларының жүйесін әзірлеу міндеті де тұр» деген болатын ел Президенті Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында.
Ол сондай-ақ ақпараттық технологиялар жүйесін жетілдіру, барыс-келіс саудасын және өз елінің банк жүйесіндегі банктік тәуекел-менеджментін дамыту бойынша еуропалық серіктестер іздестіру және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттіктің жұмысын баса көрсетті.
Қазақстанның банктік секторы өте серпінді дамып келеді. Оның салыстырмалы шоғырлануы байқалады: 2005 жылғы қаңтарда Қазақстанда 35 банк операцияларды жүзеге асырды, ал 1990-жылдарда олардың саны 230-ға жеткен болатын. Қолданыстағы банктердің 16-сы НSВС, Сіtу Ваnк, Dеutsсһе Ваnк, Rаіffеіsеnbаnк және басқа да банктердің бөлімшелері. Қазақстан банктері жұмысты Ресейден, Қытайдан және Украинадан бастап, өз қызметінің Қазақстаннан тыс жерлердегі географиясын кеңейтуді жоспарлап отыр. Еуропада Қазақстанның банктері еуропалық банктердің «кіші серіктері» болуға тырысады.

курстық жұмыс / 36 бет


You must be logged in to leave a reply.