Кіріспе
І тарау. Банктегі негізгі құралдар операцияларының есебін ұйымдастыру
1.1.    Негізгі құралдар, оларды  жіктеу және бағалау
1.2. Негізгі құралдардың есебі
1.3. Негізгі құралдарды күрделі және ағымды жөндеу есебі

ІІ Негізгі құралдардың қалыптасу жолдары АҚ « Цесна банк » тәжірибесі бойынша
2.1. АҚ « Цеснабанктегі » негізгі құралдарының алғашқы бағалануының есебі
2.2.АҚ « Цеснабанктегі » негізгі құралдар мен материалдық емес    активтерінің ауыстыру мен ақысыз алу есебі
2.3.АҚ «Цеснабанктегі» негізгі құралдарының  шығындары және есептен шығарылуы

ІІІ тарау. Негізгі құралдар есеп жүйесін жетілдіру бағдары
3.1 Негізгі құралдарды автоматтандыру
3.2 Негізгі құралдар есебіне қосымша бақылау енгізу

Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер

Кіріспе

            Курстық жұмысымның негізгі мақсаты –бұл банктің негізгі құралдарының қалыптасуын, қозғалысын зерттеу олардың банкке қандай пайда әкелетінін көрсету. Негізгі құралдар есепке алынуының ретін , оның бағалануымен есептен шығуын АҚ « Цеснабанк » тәржірибесі бойынша қарастырдым. Бұл негізгі операция келесі құқықтық –нормативтік актілерге сәйкес өз қызметін орындайды :

1)     « Қазақстан  Республикасының  Бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы Заң» 28.02.07. ж. №234-III

2)     Бухгалтерлік есеп туралы Халықаралық стандарты.

3)     Банктің басқада ішкі құжаттары.

Негізгі құралдарының  бухгалтерлік есебі орталықтандырылып,Бас Банктің Бэк – офисінде жүргізіледі.

Бас Банк ғана бүкіл филиалдардың шоттарына кіріп , мәліметтерді ала алады. Фронт офис өткізген негізгі құралдар уақытылы көрініс табуын және негізгі функциялардың құжаттарын тексерісін Бэк- офис Бас Банк пен Филиалдың бөлімі бақылайды.

Негіз құралдар — бұл бір жылдан астам қызмет ету мерзімі бар ғимараттар , құрылыстар , есептегіш  техникалар , компьютерлер , көлік құралдары жатады.

Негізгі құралдар обьектісін актив деп мойындау бір мезгілде екі шарттың орындалуын қарастырады :

  • банк активке байланысты экономикалық пайда алатындығына жоғары сенімділіктің болуы ;
  • банк үшін активтің өзіндік құнын бағалаудың сенімділігі .

Негізгі құралдарды өткізу арнайы қабылданған заң бойынша сату-сатып алу келісімінің қорытындысымен және екі жақтың  да басшыларының қолы  қойылып расталған мөрімен жүзеге асырылады. Жалпы негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы қызмет ететін материалдық емес активтерді айтамыз.

Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады.

Негізгі құралдар бастапқы құнмен, баланстық құнмен, ағымдағы құнмен, қалдық құнымен және келісілген құнымен бағаланады.

Зерттеу жұмысымның міндеттері . Жұмыс мақсаттарына байланысты банктің негізгі құралдарының есебін қарастыру , яғни :

—         негізгі құралдарының тәртібі ;

—         негізгі құралдарды реттеу ;

—         негізгі құралдардың түрлерін және олардың есебін жан-жақты зерттеу:

—         негізгі құралдар есебінің жетілдіру жолдары.

Курстық жұмыс құрылымы : кіріспеден , үш бөлімнен , қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

 курстық жұмыс / 39 бет


You must be logged in to leave a reply.