Жоспар:

Кіріспе

1.  Несиенің мәні, қызметі
Несие формалары мен түрлері
НЕСИЕ ЗАҢДАРЫ

2.  Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі
2.1 Несиенің экономикадағы  ролі
2.2 Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің даму тарихы
2.3 Банктердің экономикадағы ролі

    Қорытынды

   Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

     Несие — нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi. Оны барлық шаруашылық субъектiлерiмен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Құнның қозғалысы — бұл несиенiң қозғалысының кiндiгiн сипапайды. Несиелiк Қатынастардың пайда болатын экономикалық негiзiне капитал айналымын жатқызуға болады.

Көбiне несиенi ақша ретiнде түсiнедi. Бiр жағынан қараганда бұган негiз де бар сияқты. Себебi, қазiргi шаруашылықта қарыз көбiне ақшалай түрде берiлуде. Бiрақ бұл жерде ақша мен несиенiң әр түрлi ұғымды бiлдiрiп, әр түрлi қатынастарды түсiндiретiнін естен шығаруға болмайды.

Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бiр санайтындар да аз емес, несие — бұл ақшалай қаражаттың екi жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берiлуiн және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы — сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейдi, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрiнде берiлсе, олар кайтарымсыз сипатқа ие.

     Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетін ссудалық капитал қозғалысы.

Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие — бұл банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда — бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.

Қарыз берушi — қарызды беретiн несиелiк қатынасының бір жағы. Қарыз берушi — бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi субъектiлер болып табылады. Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектiлерi және халық жатады.

Қарыз алушы — бұл несиенi алушы және оны қайтаруга міндеттi, несиелiк қатынастың екiнші жағы. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiмен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлі. Мысалға, кәсiпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдерi кешігуi мүмкiн, бiрақ бұл жерде ешқандай да несиелiк қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономи калық қатынасты емес, сондай-ақ ада адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш — бұл өте ауқымды ұгым. Ал қарыз алушы — бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлга.

Қарыз берушi және қарыз алушымен қатар несиенiң құрылымының элементiне берiлетiн объекті де жатады. Беру объектiсi — бұл құнның ерекше бөлiгi, яғни қарызға берiлген құнды бiлдiреді.

Несие — ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып абылады. «Кредит» деген сөз, «қарызға», «несие» деген «kredo»- сенемiн деген магына беретiн латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретiнде әр турлi экономикалық қоғамдарда қызмет етедi. Ол тауар өндiрiсiнiң пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрiнедi. Несие қатынастарын ақша қатынастары сияқты үнемi даму үстiнде болады. Алғашқы несие табиғи түрде  қоғамның дәулеттi топтарынан мүлiксiз шаруалар мен кәсiпкерлерге тұтыну муктаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының  дамымен несие ақша түрiнде көштi.

Құндық қатынасты ерекше формасы сияқты несиенiң пайда болуы шаруашылық жүргiзуi бiр субъектiден босаған құн шаруашытлық мәмiледе қолданысқа түсетiн, бiрақ бiр уақыттарда жаңа қайта өндiру цикiліне ене алмайтын кезде ғана жүзеге асады. Несиеге байланысты бұл құн қосымша қаражатқа уақытша қажеттiлiгi туып отырган басқа субъектiге өтедi және қайта өндiру процесiніц шеңберiнде  қызметiн жалгастыра береді. Бiрақ, несиелiк қатынастардың пайда болуың экономикалық байланысқа түсуге дайын меншiк иелерi сияқты бiр-бiрiне қарсы тұралатын тауар иеленушiлер арасындагы айырбас ауқымынан iздеген жөн. Тауарларды Қолдан-қолға өткiзу сияқты тауар айырбастау және қызмет көрсетумен ауысу несиелiк қатынастардан туындаған экономикалық жемiс.

Несиелiк қатынастар пайда болатын және дамығын нақты экономикалық негiзде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелiк қатынастың материалдық негiзi боп құн козғалысы саналатын болады.

Қарызға алуына несиенi кедей болғаны үшiн алмайды, ол өзнiң меншiктi қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының объективтi күшне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз iсiн алға бастыру үшiн алады.

Несие объективтi қажеттiлiктен туындаған және ол когамдық өндіріс процесiнде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдық қарызга трансформациясын қамтамасыз етедi және несие берушiлер мен қарызга алушылардың арасындагы қарым-қатынасты бiлдіредi.

Оның көмегімен мемлекеттiң, халыктың, ұйымдардың және кәсiпорындардың табыстары мен бос (еркiн) ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың төлемiне аударылатын несие капиталына айналады.

курстық жұмыс / 26 бет


You must be logged in to leave a reply.