30. декабря 2011 · Комментарии к записи Коммерциялық Банктің депозиттік операциялар есебі отключены · Categories: Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы

Мазмұны
Кіріспе
І. Коммерциялық банктермен жүргізілетін депозиттік операциялар есебі
1.1 Салымдарды тарту және қайтару есебі….. 4
1.2 Пайыздарды есептеу есебі…… 5

ІІ. АҚ « Халық банк » депозиттік операциялар есебін талдау бойынша тәжірибелік жұмыс
2.1 Жеке және заңды тұлғалардың депозиттер есебі……. ..8
2.2 Депозиттік операциялар есебін талдау механизмдері….. 13

ІІІ. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі депозиттік операциялар есебін дамыту жолдары
3.1 Депозиттік саясат ……. 16
3.2 Депозиттік операциялар есебін дамыту жолдары …. 19

Қорытынды…….. 23
Қолданылған әдебиеттер…… 24

Кіріспе

         Қазақстан Республикасының банктері заңға сәйкес банк қызметін жүзеге асыратын, құқығы бар коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. Банктердің қызметтері ҚР Конститутциясымен және заңдармен, ҚР жасасқан халықаралық шарттармен, келісімдермен, сондай-ақ өз құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша ҚР заң құжаттарын ҚР Президентінің заңдары негізінде және оларды орындау үшін шығарылатын Ұлттық Банктің құқықтық құжаттармен қадағаланады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы банктердің қызметі ҚР Конститутциясымен және » Ұлттық банк туралы »  (30.03.1995 ж №2155) заңмен және өзге де актілермен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Банктер және банк қызметі туралы» (31.08.1995 ж №2444) заң күші бар жарлығымен реттеледі.

Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері жалпы қаржы жүйесіндегі кәсіпорындар ішіндегі бүгінгі таңдағы қарқынды дамып отырған алдыңғы ұйымдардың қызметі шетелдердегі барлық озық тәжірибелерді енгізе отырып атқарылуда. Қазіргі коммерциялық банктердің қызметі экономиканың барлық салаларын дамытуға және халықтың табыс деңгейін арттыруға бағытталған.

         Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – депозитті тарту, қайтару және пайыздарды есептеумен қатар АҚ “Халық Банкінің” жеке және заңды тұлғаларының депозиттер есебі мен депозиттік  операциялар есебін  дамыту  жолдары.

         Зерттеудің мақсаты: 1. Коммерциялық  банктердегі салымдарды тарту қайтару, пайыздарды есептеу есебі мен пайыздарды есептеу формуласымен және олардың қандай шоттармен жүргізілетінің қарастыру.

2. АҚ « Халық банк » операцияларын талдау бойынша тәжірибелік    жұмыс. Коммерциялық банктердегі депозитті ұйымдастыру жолдарымен, депозиттер түрлерімен, депозиттік шоттармен, сонымен қатар шоттың жүргізілу тәртібімен танысу.

3.Коммерциялық банктердегі депозиттік операциялар саясатының жүргізілу тәртібін, сонымен қатар депозиттік операциялар есебін  дамыту  жолдарын қарастыру.

Депозиттер нарығын одан әрі жетілдіру мен кеңейтудің маңызды факторларының бірі — банктің басқа қаржылық ұстанымдармен салыстырғанда беделді және басқа салым түрлерімен салыстырғанда пайыздық мөлшерлердің бәсекеге қабілеттілігі, сондай-ақ депозиттердің бір түрі — арнайы депозиттер аумағында банктің қызмет спектірін ұлғайту, өйткені осы депозит салымшылар мүддесін қанағаттандыруда жоғары икемділікке ие.

 Курстық жұмыс / 24 бет


Comments closed.