ЖОСПАР

Кіріспе
1-бөлім. Салықтардың экономикалық маңызы
1.1. Салықтардың экономикалық мазмұны
1.2 Салық салу принциптері
1.3. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
2-бөлім Кәсіпорын табыстарына салық салуды ұйымдастыру
2.1 Салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттері
2.2 Кәсіпорынның салық төлемдерін талдау
2.3 Салық міндеттемесін орындау, салық кезеңдері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымшалар

Кіріспе.

Нарықтық қатынастар әлемнің көптеген мемлекеттерінің, әсіресе дамушы елдерде экономикасына тән. Олардың нарықтық экономикаға өту жолдары және олардың қалыптасуының негізгі жағдайлары барлық жерде бірдей болған емес. Қазіргі заманғы жағдайда ТМД-ның басқа елдеріндегі сияқты Қазақстанда да мезгілде екі күрделі міндетті экономикалық дағдарысты жеңу және нарықтық қатынастарға өту жөніндегі шараларды жүзеге асыруды шешу ситуациясы қалыптасты.

Қазақстанда экономикалық жағынан күшті және дамыған мемлекет құру және оны жаңғырту үшін іс-жүзінде барлық жағдай бар. Республиканың экономикалық потенциалы төмендегідей: Қазақстан 2 миллион 717,3 мың шаршы километір жер аумағын алып жатыр. Бұл дүние жүзіндегі Англия, Франция,Германия, Италия, Испания, Бельгия, Жапония, Финляндия және Люксембург сияқты ірі мемлекеттердің барлығын қосқандағы көлемінің жиынтығына тең келеді. өзінің жер аумағы жағынан Қазақстан дүние жүзінде тоѓызыншы орын алады.       Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев жарық көрген “Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы” атты еңбегінде Республиканың материалдық өндірісін жаңғыртудың артықшылығы бар жєне оныњ төмендегідей бағыттары белгіленген:

-рынокты азық түлікпен және халық тұтынатын тауарлармен толтыру;

-құрылыс және құрылыс индустриясының базасын нығайту;

-қара және түсті металлургияның соңғы жетістіктерін құру, экономиканың шикізаттың бағытын өзгерту;

-ғылымға негізделген өндіріс пен машина жасауды дамыту, қорғаныс кәсіпорындарын деверсификациялау және конверсиялары;

-экологиялық таза технологияларды енгізу;

-транспорттың ,  байланыстың, энергетиканың, туризмнің, мейрамхана жүйелерінің және басқаларының қазіргі заманғы инфрақұрлымдарын қалыптастыру.

Н.Ә.Назарбаев – біз тек осындай ғана міндетті алға қойып отырмыз және оны Қазақстанда шешуге тиіспіз. Міне, осы жерде қоғам алдында көкейтесті мәселе-іскерлікті дамыту мен  бизнесмендерді тәрбиелеу мәселесі тұр. Ол өзінің ауқымы жағынан болсын, күрделілігі жағынан болсын, өз уақытысында шешілген ұлттық шығармашылық интелегенцияны қалыптастыру проблемасымен бірде-бір кем түспейді. Бұл үшін нарықтық экономикасы мен бизнесі дамыған, оны дамытудың көне дәстүрлерін сақтаған және тұрғындарының көптеген бөлігі іскер бизнесмен әлеуметтік тобына жататын елдердегі іскерліктің тәжірибесін, практикасын, теориясы мен әдістемесін оқып үйреніп негізінде бизнес бойынша теориялық және практикалық білім керек.

 Курстық жұмыс / 34 бет


You must be logged in to leave a reply.