МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ

1-БӨЛІМ. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУДЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. ИНВЕСТИЦИЯНЫ ТАРТУ
1.2 ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛЫН ТАЛДАУ
1.3 ШЕТЕЛДІК КАПИТАЛ ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАЙНАР КӨЗІ РЕТІНДЕ

2-БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАКСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРМЫМДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
2.1 ЕЛІМІЗДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛ-АХУАЛЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
2.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАКСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯНЫ КЕЛТІРУ ПРОЦЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.
2.3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАКСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

ҚОРТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

КIРIСПЕ

Экономиканың нақты секторларының дамуы бiздiң Қазақстанның болашағына зор ықпал eтeтiнi белгiлi. Әрбiр елдiң экономикалық өcyi жаңа ірі масштабты жобалардың көмегiнсiз, инвестиция және инновация, саяси тұрақтылықтан және қаржылық жүйенiң тұрақтануынан, инвесторлардың сенiмдiлiгiмен, ұлттық өндiрiстiң тиiмдi дамуынсыз қалыптасуы мүмкін емес. Олар үшiн:  жетілген саяси құрылым; кәсіпорындар үшін кешенді стратегияны өңдеу; бәсекелiк жағдайын ғылыми-техникалық прогреске сай орындау; елдiң қауiпсiздiгiн нығайту; адамның тұлғa екендiгiн көрсете бiлу;  инвестицияны дұрыс пайдалану қажет.

Әрбiр мемлекеттiк iшкi құрылымының дұpыc дамуы өсуге алып келедi.

Ал бiздiң елдегi инвестициялық хал-ахуал қандай соны жаза отырып, әр түрлi

экономикалық оқулықтарды  және әдістерді қолдана отырып шешiм қабылдау керектігін, кәсiпорынның ic-әрекетiне инвестициянық әcepi, Қазақстандағы инвестициялық климат қандай, Әлемдегi инвестициялық тенденциялар қалай болған, соларды жазып көрсеткім келдi.

Қазақставн тәіелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайын тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті  қамтамассыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі  саясаты белсенді түрде жүзеге асырылуда шетел инвестициясын  тарту  республиканың инвестициялық процесінің жедел әрі тиімді дамуының бірден бір жолы болып табылады.                  Шетелдік инвестицияларды тарту отын энергетика, мұнай өндіру және өңдеу, алтын өңдеу өнеркәсіптері, көлік және коммуникация сияқты  басты салаларда құрылымдық -инвестициялық саясатты жүргізу қаржының жетіспеушілігімен ішкі нарықты тұрақтандырумен байланысты.

Инвестициялық саясат елдің стратегиялық экономикалық мақсаттары мен мәселелерін анықтайтын ең маңызды элемент. Экономиакалық реформаларға сәйкес халықаралық капиталмен инвестиция тартудың мемлекеттік саясаты дағдарыс пен инфиляцияны тежеуге, жеке инвесторлардың инвестициялық белсенділігін арттыруға және өндірістік құрылымдық өзгерістерге септігін тигізуде. Шетел инвестицияларының Кен өндіру өнеркәсіптеріне келіп түсуі Қазақстан экономикасының шикізат секторын дамытуға жағдай жасайды. Республиканың өнеркәсіп құрылымында шикізат кешенінің үлесі 65% -ті құрайды. Мемлекет саясаты осы сектордағы шикізат ресурстарын ұлғайту мақсатында инвестиция тартуды, қосымша ынталандыруды жақсартуға негізделеді.

Экономиканың тепе –теңдік дамуын қамтамассыз ету үшін мемлекеттің экономикалық басым секторларына қаржы салған инвесторларға жеңілдіктер мен преференциялар бере отырып шикізаттық емес саланың  дамуына да қолдау жасайды. Осы мақсаттарды жүзеге асыруға байланысты  үкімет тарапынан  стратегиялық бағдарламалар мен  заң жобалары құрылуда. Тікелей инвестицияларды жүзеге асыратын орган инвестиция бойынша мемлекеттік комитет  болып табылады. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына жүзеге асыру әртүрлі нысанда жүзеге аырылады. Оған шетелдік банктері мен халықаралық ұйымдардан қарық алудан бастап кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторлврының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады.

Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден  шетелдік инвестициялар елдің өндіріс базасын жедел  жетілдіруге және оның өндірістік өндірістік мүммкіндіктерін артыруға көмектеседі. Екішіден шетел фирмалары жаңа өндірістік кәсіпорындар шаумен қатар капиталдық бәсекелестікте мыңдаған еңбекпен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін ала келеді.

Аталған мәселелерді , соның ішінде, еліміздің инвестициялық хал-ахуалы қандай, Кәсіпорынның, отандық өндірістің іс-әрекетіне инвестицияның әсері, Қазақстандағы инвестициялық климаты және әлемдегі инвестициялық жағдай қалай болған, солар кеңінен тоқталып,  ашып көрсеткім келді.

Диплом жұмысының мазмұны кіріспеден, негізгі бөлімнен және қортындыдан тұрды.

Диплом жұмысының негізгі бөлімі екі бөлімнен. Бірінші бөлімде, шетел инвестицияларын тартудың жалпы теориялық және метадологиялық мәселелері қарастырылып, талданған. Оның әлеуметтік-экономикалық мәні, ел экономикасына әсері мен Қазақстан тәуелсіздіген жариялаған күннен бастап республика экономикасындағы күрделі өзгерістердің болуымен байланыстырыла отырылып жазылды.

Әлемдік    тәжірибе дәлелдегендей капиталдың халықаралық миграциясы, шаруашылық өмірі барлық ұлттардың қарым –қатынасының тиімділігінің тереңдеуіне алып келді. Бұл жағдай капиталдың өзара қозғалысының дамуы нәтижесінде әсіресе өндірісі дамыған елдер арасындағы қатынастарда анық байқалады. Сонымен қатар әртүрлі елдердің арасындағы ірі трансұлттық компаниялардың қалыптасуы халықаралық мамандыру мен елдердің экономикалық өзара байланысуының тереңдеуіне әкелуде. Қазіргі уақытта Қазақстанның әлемдік экономикалық жүйеден бөлектенген болашағы жоқ сондықтан, дүние жүзілік капитал қозғалысына енуі үлкен жетістіктерге жеткізіп отыр деуге болады.

Жұмыстың екінші бөлімінде Қазақстанның инвестициялық қал –ахуалы мәселелері, оларды шешу жолдары  және шетелдік инвестицияларлың ұлттық экономикаға тиімділігі қарастырылған. Бүгінде Қазақстан Республикасының ашық рыног экономикаға енуі саяси және экономикалық біржүйелілікте беталыспен келеді. Бұдан Республика президенті мен үкіметінің ел экономикасына капиталдың құйылудың ынталандырудағы іс әрекеттерінен, қолданып жатқан іс шараларынан көруге болады. Сонымен қатар қазақстанда инвесторлардың жұмысына  жағымды әсер ететін бірқатар макро экономикалық саясаттар жүргізілуде.

Инвсетициялық климатты жақсарту, жаңа инвестицилар тарту және оларды дамытуға мемлекеттік қолдау жүйесін күшейту Қазақстан саясатының басымдылық бағыты болып табылады. Нәтижесінде  мемлекетіміздің халықаралық бәсекелестік қабілеті ел экономикасына тартылған шетел инвестициясымен оның табиғи байлықты игерудегі орнын анықтайды. Мұнан шығатын қортынды жаңа шетел инвестицияларының тартылуымен Қазақстан болашағы ондағы инвесторлвр тұтынуының қанағаттану дәрежесіне тәуелді екенін көрсетеді.

Жалпы  диплом жұмысы  Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актiлерi мен мерзiмдi баспасөз материалдарынан, осы заманғы экономикалық әдебиеттерден, ғылыми-зерттеу институттарының статистикалық ақпараттарының мәліметтерінің көмегіне негізделіп жазылады.

  Дипломдық жұмыс / 67 бет


You must be logged in to leave a reply.