Мазмұны

Кіріспе…..8

1 Коммерциялық банктің бухгалтерлік балансына теориялық шолу….11
1.1 Коммерциялық банк балансының түсінігі…..11
1.2 Коммерциялық банк балансын талдау әдістері…..16
1.3 Коммерциялық банктегі бухгалтерлік есептің есепшот жоспары……30
1.4 Есепшот жоспары құрылымының ерекшеліктері…..33

2 АҚ «Казкоммерцбанктың» 2008 жылдың 31 желтоқсанымен 2011 жылдың 31 наурыз аралығындағы қаржылық жағдайды талдау…42
2.1 2008 жылдың 31 желтоқсанымен салыстыра отырып, 2009 жылдың 31 желтоқсанындағы жайкүйі бойынша қаржы жағдайын талдау….42
2.2 2009 жылдың 31 желтоқсанымен салыстыра отырып, 2010 жылдың 31 желтоқсанындағы жай-күйі бойынша қаржы нəтижелерінің талдау…56

3 Коммерциялық банктегі бухгалтерлік балансты деілдіру жолдары….71

Қорытынды
Қосымша

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның салық заңнамасы салық есептілігін есепті салық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей тапсыруды талап етеді, онда қаржы есептілігінің де деректері көрсетіледі. Баланс банктің белгілі бір сәттегі қаржылық жағдайын сипаттайды. Оның жаңа операцияларды игерудегі саясатын бағалауға, оның активтерін бағалауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Банк мекемелерінің балансы кәсіпорындікіне қарағанда ерекше болып келеді. Банк балансы күн сайын, айсайн, тоқсан сайын және жыл сайын болып бөлінеді. Банктің бухгалтерлік балансының жеделдігі күндік баланста көрсетіледі. Балансты француз тілінен аударғанда “balanse” тепе-теңдікті білдіреді. Тепе-теңдек дегеніміз банк ресурстарының, ақша қаржыларының теңдігін көрсетеді және олардың қандай мақсатқа жұмсалып, қандай көздерден шығарылғанын көрсетеді. Банктің барлық операциялары баланспен бақыланады. Банк есебінің нақтылығы мен жеделдігі қаржылардың сақталуын, ақша айналымы мен есеп-несие қатынастарын қадағалауға мүмкіндік береді. Банктің бухгалтерлік балансы банктік есептің шот жоспарына сәйкес болуы тиіс. Баланс арқылы банктің статусымен сенімділігін білуге болады. Банк қызметіне талдау жүргізгенде негізгі құжат болып келеді.Жалпы кез-келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде ең бастысы, оның сапасына және басқа институттардан өзара айырмашылығына мән берген дұрыс.

Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизімін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.

Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мне міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды.

Демек жеке банктердің қызметінен банк секторының қызметінің сапасы айқындалатын болса, жалпы банк секторының сапасы арқылы ел экономикасының жағдайы анықталады деген тұжырым жасауға болады. Осыған байланысты бүгінгі таңда банк қызметін реттеу мен қадағалауды жүргізу, оны жетілдіру мәселесі өзекті мәселелердің бірі. Себебі, үнемі қадағалау жасау арқылы белгілі бір тәуекелдердің алдын алуға болатындығы мәлім.

Диплом жұмысының негізгі мақсаты–теориялық білімнің негізінде банктің құжаттары мен мәліметтерін пайдалана отырып, банктің қаржылық жағдайына талдау арқылы, банк жүйесіндегі бухгалтерлік балансты жетілдіруге байланысты әр түрлі іс-шараларды қарастыру және нақты ұсыныстар ұсыну болып отыр. Атап айтқанда, диплом жұмысының тақырыбына сәйкес банкті басқарудағы бухгалтерлік баланс мәліметтерін талдау әдістерін қарастыру және оны жетілдіру жолдарын қарастыру болып отыр.

Тақырыптың өзектілігі — осы жасалған курстық жұмыс “Банк балансы: банкті басқаруда қолдану және талдау” осы тақырып аясында болып келеді. Бұл курстық жұмыста банк балансының құрылымы және баптарының мазмұны туралы сипаттамалар көрсетілген.

Тақырыптың міндеттері — банк балансы бұл банктің негізгі құжаттарының бірі болып келеді. Кәзіргі таңда банк балансы өзгерістерге түсіп жатыр. Бұл өзгерістер банк балансының оңдалуын, талдау жүргізуге жеңіл болу үшін көмегін тигізеді. Баланс өзі екі бөлімнен тұрады: қаржылық құрау көздері нақты бар қаржылар, ал екіншісі – бөлімдегі қаржыларды тиімді қолдануын немесе жұмсалуын көрсетеді деп айтсақ та болады.

Зерттеу объектісі ретінде банк жүйесін зерттеу қазіргі таңда маңызды орын алатындықтан екінші деңгейлі банктердің алды болып саналатын АҚ «Казкоммерцбанк» қаржы  жағдайы қарастырылып отыр. Зерттеу көзі ретінде, банк саясатының мәселелеріне байланысты отандық және ТМД елдері бойынша ғалымдардың, ізденушілердің ғылыми еңбектері; халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференцияның мақалалары пайдаланылды. Сондай-ақ мына ғалымдардың пікірлері көрініс тапты: Б.Мақыш., Балабанова И.Т. Сейiтқасымов С. еңбектері қолданылып отыр.

Диплом жұмысының құқықтық және ақпараттық қамтамасыз етілуі ретінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының банктері және банктік қызмет туралы», Заңы және АҚ «Казкоммерцбанк» 2008 ж. және 2010ж. аралығындағы консолидирленген есеп берулері қолданылып отыр.

Диплом жұмысының әдістемелік базасы ретінде логикалық, диалектикалық экономикалық талдаудың әдістері қарастырылды. Жұмыста Microsoft Word 2003, Microsoft Excel 2003 бағдарламасы өнімдері қолданып отыр. Сонымен қатар, диплом жұмысында қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде акша капиталын салааралық және аймақаралық кайта бөлуді камтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет аткарады. Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығарылады.

Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие берунен байқалады. Оның негізгі өнімі «несие» болғандықтан, банкті «несиелік мекеме» деп атайды. Осыған орай, банк секторын зерттеу қазіргі таңда маңызды, әрі өзекті  мәселелердің бірі болып табылатын ерекшеліктері қарастырылып зерттеледі.

Диплом жұмысының тақырыбы «Банк балансы: банкті басқаруда қолдану және талдау» болып отыр. Осыған орай, бұл тақырып бойынша қазіргі кездегі банктердің негізгі мақсаттары, міндеттері, қызметтерінің ерекшеліктер және қазіргі жағдайдағы олардың ролін зерттеу болып отыр. Сонымен қатар, банктердің қаржылық есеп беру жағдайлары, қаржылық жағдайларын талдау әдістемелері кеңінен қарастырылып отыр.

Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны. «Коммерциялық банк» термині банк ісінің даму кезінде банктің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болады. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне   осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болады).

Коммерциялық  банктер нарық экономикада қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелер тобын білдіреді.

Банктің ерекше кәсіпорны ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс аясының өнімдерінен  өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығады.Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі «несие» болғандықтан, банкті «несиелік мекеме» деп атаған.Банкті сауда, делдал кәсіпорны десе болады. Жалпы банктің саудамен ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып алып, оларды сатумен айналысады.

Банктік жүйе –нарықтық экономиканы ең маңызды және бір түтас құрылымдарының бірі. Банктердің және тауарлы – ақшалай қарым –қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір – бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық денгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы үдайы өндіріс үрдісіне қатысушылардың экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқада көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.

Диплом жұмысының құрылымы диплом жұмысының тақырып өзектілігі мен негізгі мақсаттары мен міндеттері көрсетілген кіріспеден, жұмыстың тақырыбына сәйкес банктің бухгалтерлік балансына теориялық шолу, АҚ «Казаоммерцбанктің» қаржы-шаруашылық мәліметтерінің негізінде жасалған есеп беруін талдау жағдайынан, сонымен қатар, болашақта осы банк жүйесін дамыту үшін жасалған перспективті іс-шаралар мен ұсыныстар жасалған қорытындыдан тұрады.

 Дипломдық жұмыс / 72 бет


You must be logged in to leave a reply.