28. декабря 2011 · Комментарии к записи Бюджетке салықтардың түсудегі рөлі отключены · Categories: Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ….3

1 БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ САЛЫҚТАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ….5

1.1 Салықтар және олардың мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы рөлі ….5
1.2 Бюджетке салықтардың түсудегі рөлі …..11

2 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТҮСІМДЕРІНДЕГІ САЛЫҚТАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ …..17

2.1 Мемлекеттік бюджет кірістерінің 2007-2010 жж. орындалуы …17
2.2 Оңтүстiк Қазақстан облысо бюджетiнiң салық түсiмдерiн талдау ..22

3 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТЕГІ САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ …30

ҚОРЫТЫНДЫ …….38
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ……40

КІРІСПЕ

    Жүйелілік біздің бүгінгі дүниедегі алдағы он жылдықта жедел алға жылжуымыздың басты қағидасы, міне осы. Қазақстанның әлемдегі тауарлар, көрсетілген қызмет, еңбек ресурстары, каптал, осы заманғы идеялар мен технологиялар нарықтарының шын мәнінде ажырағысыз серпінді бөлігіне арналуы біз он басты міндет шешуіміз керек,- деді Н Назарбаев.

Бірінші міндет – экономиканың тұраулы дамуын қамтамасыз етіп, ұстап тұрумен ғана шектеліп қалмай, оның өсуінің басқаруға қол жеткізу. Мемлекет басшысы атап өткендей, Үкімет Қазақстанды индустрияландыруға түбегейлі жаңа тұрғыдан келуді қамтамасыз етуді, табиғи монополиялар аясын қысқартуды, қаржы жүйесін күшейтуді, тиімді жұмыс істейтін қор нарығын құруды, Қазақстанның қолайлы шарттармен БСҰ ға кіруін қамтамасыз етуі, халықаралық техникалық стандарттарды енгізуі тиіс. Менің Үкіметке беетін ең басты тапсырмам осы деп атап  көрсетті Н Назарбаев.

Екінші міндет Қазақстанның экономикалық дамудың «өңірлік локомативіне» айналдыру және оны әлемдік экономиканың оңтайлы «ойшысы» ету. Үшінші өндіруші сектордың тиімдіігін арттыру. Төртінші өндірістің шикізаттық емес секторының дамуын, экономикалық әртараптандырылуын қамтамасыз ету. Бесінші өңірлік және жаһандық экономикадағы өзіміздің жаңа ролімізге сәйкес осы заманғы инфрақұрылымды дамыту. Алтыншы осы заманғы білім беру және кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту. Жетінші атаулы әлеуметтік қолдау және әлеуметтік саланы нарық қағидаттары негізінде дамыту. Сегізінші саяси жүәені жаңарту демократиялық реформаларды одан әрі жүзеге асыру. Тоғызыншы халықаралық іс тәжірибені ескеріп, әкімшілік реформаны жеделдете жүргізу. Оныншы мінет жаңа Қазақстанның Орталық Азия өңірі мен әлемдік  қоғамдастықтағы жетістіктері мен мүмкіндіктерін ала жылжыту.

Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі болып табылады.

Мемлекеттің салық жүйесі мемлекеттегі қолданылып жүрген салықтардың жиынтығы, салықтық қызмет органдарының жүйесі және салықтық заңнаманы білдіреді. Салықтардың және бүтіндей салықтық жүйенің тиімділігіне қол жеткізу мемлекеттің экономикалық дамуы мен өркендеуінің сенімді арқауы болды. Біздің салық жүйемізді халықаралық стандарқа жақындататын шаралар – салық жүйесін төмендету және салық түрлерін қысқарту болып табылады.

Бүгінде Қазақстан Республикасы егемендік алып, дербес мемлекет болған және белсенді түрде нарықтық экономикаға өту кезінде экономиканы реттеуде бюджет-салықтық реттеу, яғни фискалдық саясаттың маңыздылығы жоғары болып табылады.  Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін алған кез келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база керек. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің қаржылық негізі шаруашылық субъектілерден және халықтардан жиналған салық болып табылады.  Фискалдық саяссаттың маңыздылығы ол мемлекеттің экономиканы рететудің тікелей әдісі болып табылады, ьұл саясатты қолданудың нәтижесі тез арада өз қызметін атқарып, нәтиже бере бастайды. Яғни экономикалық реттеуді дереу іске асырудың қажеттігі туындаған жағдайда фискалдық саясаттың реттеу құралдары мен әдістерінің маңыздылығы зор болып табылады.

Салық – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда салықтың әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын тиiмдi және тұрақты дамыту мақсатымен салық жүйесiн неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.

Осы жұмысты орындаудағы мақсат қаржы саласындағы мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен қызмет ету барысын түсіну, бюджеттің функциялары мен қызметтерін талдау, мемлекеттік бюджетті кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымын, олардың жіктелуін талдау және осылардың негізінде 2007-2010 жылдарды мысалға ала отырып бюджеттің кірістері мен шығыстарын салыстыра талдау болып табылады.

Осы жұмысты орындаудағы міндеттерге:

  • Салықтың экономикадағы атқаратын қызметтерiн көрсету;
  • Салық салу қағидаларын жан-жақты қарастыру;
  • Қазақстанның мемлекеттік бюджетті кірістері мен шығыстары негізінде жан-жақты талдау;
  • Экономиканың дағдарыстық кезеңіндегі мемлекеттік бюджеттің атқаратын шараларын, негізгі қолдау саясаттарын ұлттық экономиканы мысалға ала отырып талдау;
  • Бүгінгі салық жүйесінің экономикада атқарып отырған салық-бюджет саясатының 2009-2010 жылдарға арналған бағдарламасы тоқталып өту;
  • Салықты жетілдіру негізінде мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің қалыптасу көздерін табу және олардың нысандары мен жетілдіру әдістерін жазу болып табылады.

10 жылдан кейін жаңа Қазақстанды жаңа әлемде орнықтыру үшін біз жаңа уақыттың өктем талабына уақтылы әрі лайықты үн қатуымыз керек. Сондықтанда Үкіметке 2030 стратегиясының негізгі қағидаларын Жаңакезеңге сай дамытып отырған жоғарыда атап көрсеткен барлық міндетерін дәйекті тапсыратынын айтты.

 Курстық жұмыс / 40 бет


Comments closed.