Жоспар

Кіріспе

1.Бихевиоризм
2.Фрейдизм
3. Гештальт психологиясы
4. Жан Пиаженің генетикалық психологиясы
5. Шетел психологиясының қазіргі жағдайы және дамуының негізгі тенденциялары

Кіріспе

Ғылым білімнің сұранысының дамуына байланысты, XX ғасырдың басында  сананың интроспективтік психологиясының дағдарысы байқалды. Интроспективтік психология практикалық өңдеуді қажет ететін мәселелерді шеше алмады. Қоғамның қарқынды дамуымен анықталатын тәжірибе сұраныстарын бұрынғы субъективтік  әдістер қанағаттандыра алмады. Жаңа объективтік әдістерді жасау қажет болды.

Психология ғылымының көрнекті тарихшыларының бірі ─ М.Г.Ярошевский сана психологиясының дағдарысына, осыған дейін  Францияда кең таралған невропатология мен психиатрия саласындағы зерттеулер нәтижелері себеп болды деп санайды. Бұл зерттеулер кейде адам психикасында санадан тыс құбылыстар  болатынын көрсетті. Санадан тыс құбылыстар  аумағы клиникалық және эксперименталдық  талдауға түсті. Көлемді зерттеулерді Шарко(1825-1893) жасады. Оның басшылығымен атақты француз психологы  Пьер Жане (1859-1937), психоанализ негізін салушы  Зигмунд Фрейд(1856-1939) жұмыс істей басты. Атақты француз психологы Альфред Бине объективтік әдістерді жасай бастады. Ол балалар ақыл-ойының деңгейін анықтайтын тестілер жасады. Интроспективтік  әдіс, балаларға ұсынылған тапсырмалар  шешімінің  нәтижелерін немесе өнімдерін объективтік  талдаумен салыстырғанда, екінші кезекте болды.

Сонымен, XX ғасырдың басындағы психиканы эксперименталдық  зерттеулер,  психология ─ сана туралы ғылым ретінде анықталуы мүмкін емес деген тұжырымға әкелді.

Бұл кезеңдегі психологияның дамуына  Ч.Дарвинның эволюциялық  ілімі үлкен ықпал жасады.бұл ілім мынаны дәлелдеді: психикалық құбылыстарды қоршаған ортадан,тіршілік иесінің бейімделу әрекетінен бөлек қарастыру мүлдем мүмкін емес. Эволюциялық  теория ықпалымен жануарлар психикасы мен  балалар психикасын зерттеу жұмыстары жасала бастады. Бұл зерттеулер интроспекцияны қолдану мүмкіндігін ысырып тастады, адам психикасына генетикалық және салыстырмалы тұрғыдан қарауды бекітті. Осындай әр түрлі ықпалдардың бәрі психологияда жаңа психологиялық теориялар қатарының пайда болғанын көрсетті. Бұл теориялардың өкілдері сана психологиясын психиканың жаңа концепциясымен алмастыруға  немесе толықтыруға тырысты.

 Қазақша реферат / 13 бет


You must be logged in to leave a reply.