МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……………..4

1 Психология ғылымының мəн-мағынасы және зерттеу саласы………6
1.1 Психология ғылымының пəнi жəне мiндеттерi………6
1.2 Казiргi заман психологиясының мiндеттерi………9
1.3 Психологияның ғылымдар жүйесiндегi орны…….10

2 Психолгия ғылым реттінде құрлу тарихы……14
2.1. Психология ғылымының даму тарихы………..14
2.2 ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы психология дағдарысы…..17
2.3 Қазақстанда психология ғылымының даму мәселесі…23

ҚОРЫТЫНДЫ………..25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……..26

КІРІСПЕ

Психологиялық ой көптеген ғасырлар бойы қиын-қыстау кезеңдерін басынан кешті, ол өзгерістері қаншалықты толықтырылып, терминдері ауысса да (жан, сана, психика, іс-әрекет және т.б.) психология пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар.

Психологияның пәні болып субъектінің табиғатпен әлеуметтік мәдени әлеммен  заңды байланысы, олар сезім және ақыл-ой жүйесінде бекітілген, мотивтері, яғни әрекетке итермелейтін, сонымен қатар іс-әрекеттің өзі және де адамның өзіне қатынасы, басқа адамдармен қарым-қатынасы жеке адам немесе тұлғаның ерекшеліктер жүйесі болып табылады.

Оның биологиялық компоненттері жануарларда да кездеседі (ортаны сезіну, жүріс-тұрыс мотивациясы, инстинктивтік және жүре пайда болған). Бірақ адамның психикалық ұйымдасуы оның биологиялық формаларынан әлдеқайда өзгеше. Әлеуметтік мәдени өмір сүру адамның санасын оятады. Адамаралық қатынастар тіл арқылы сөзбен немесе өзара әрекеттесу барысында, индивид өзін басқа адамдарға қарау арқылы психикалық өмірдің субъектісі екендігін тани алуға қабілеттенеді. Алдын ала мақсат қою, оны әрекетке айналдыру өзіндік жүріс-тұрысты іштей жоспарлайды. Осындай жоспардың барлық компоненттері саналы тілге ауыса алмайды. Бірақ бұл аймақты біз санадан тыс аңғарылмайтын өріске жатқызамыз. Бұл да психологияның пәнін анықтауға көмек береді, мысалы: елігулердің қайда және неліктен пайда болатындығын анықтауға көмек береді. Аңғарылатын және аңғарылмайтын психикалық фактілер нейрогуморальдік механизмдермен жүзеге асады, бірақ физиологиялық заңдылықтармен емес, психологиялық заңдармен жүреді. Психология – жалпы алғанда психиканың және ерекшелеп алғанда адамның нақты тарихи және адам ретіндегі сананың пайда болуы, даму және көрніс беру заңдылықтары туралы ғылым. Психология ғылым ретінде психиканың әр түрлі кұбылыстарын зерттеу және түсіндіруден ғана емес, сондай- ақ олардың мәнін қорта талдау және ашып көрсету, яғни солардың негізінде психологиялық құбылыстар мен процестердің себептердін, олардың болашақта көрніс беретіндігін болжауға болатын белгілі бір зандылықтарды ашып анықтаумен шұғылданады.

Психология ғылымының зерттеу  пәні – психика.

Психика туралы түсінік.  Психика – матария қасиеті, мидың қызметі болуымен психика дамуының алғы шарты бейнелеудің ерекше формасы. Психиканың қызметі, бірініден қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерін, байланыстардын бейнелеу, екіншіден осының негізінде адам қылығы мен қызмет әрекетін ретестіру.

Психологияның пәні болып субъектінің табиғатпен әлеуметтік мәдени әлеммен  заңды байланысы, олар сезім және ақыл-ой жүйесінде бекітілген, мотивтері, яғни әрекетке итермелейтін, сонымен қатар іс-әрекеттің өзі және де адамның өзіне қатынасы, басқа адамдармен қарым-қатынасы жеке адам немесе тұлғаның ерекшеліктер жүйесі болып табылады.

Психологиялық ой көптеген ғасырлар бойы қиын-қыстау кезеңдерін басынан кешті, ол өзгерістері қаншалықты толықтырылып, терминдері ауысса да (жан, сана, психика, іс-әрекет және т.б.) психология пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар.Оның биологиялық компоненттері жануарларда да кездеседі (ортаны сезіну, жүріс-тұрыс мотивациясы, инстинктивтік және жүре пайда болған). Бірақ адамның психикалық ұйымдасуы оның биологиялық формаларынан әлдеқайда өзгеше. Әлеуметтік мәдени өмір сүру адамның санасын оятады. Адамаралық қатынастар тіл арқылы сөзбен немесе өзара әрекеттесу барысында, индивид өзін басқа адамдарға қарау арқылы психикалық өмірдің субъектісі екендігін тани алуға қабілеттенеді. Алдын ала мақсат қою, оны әрекетке айналдыру өзіндік жүріс-тұрысты іштей жоспарлайды. Осындай жоспардың барлық компоненттері саналы тілге ауыса алмайды.

Зерттеу пәні Психология ғылымның дамуы

Курстық жұмыстың мақсаты Психология ғылымның дамуы  жағдайларындағы негізгі ерекшеліктерін  зерттеу

Курстық жұмыстың міндетті

  • Психология ғылымының  мəн-мағынасын және зерттеу саласымән және түрлерін анықтау
  • Психология ғылымының даму кезендерің анықтау

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлім мен қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады

Курстық жұмыс / 26 бет


You must be logged in to leave a reply.