Мазмұны

Кіріспе
1. Темперамент және мінездің теориялық негіздері
1.1.Темперамент және мінез жөнінде түсінік
1.2.Темперамент және мінез туралы теориялар
1.3.Темперамент түрлері
1.4.Мінездің қалыптасуы
2. Темперамент және мінездің байланысы
2.1.Мінез бітістері
2.2.Мінез түрлері мен типтері
2.3.Темперамент және іс әрекет
2.4.Мінездің ұлттық ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

     Темперамент дегеніміз–жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл–қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент–ағзаның физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысын (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т.б.) эмоция сезімдерінен де (біреуі сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады.

Темперамент туралы алғашқы ой–пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде– ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д. 460–356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Мәселен, ағзада қанның пропорциясы артық болса сангвиникалық (латынша “сангиус”-қан), ал шырын басым болса (грекше “флегма”-шырын), флегматик темперамент деп, ал организмде қара өт басым болса, меланхолик (грекше “мелайне- холе”)–қара өт, ағзада сары өт басым болса, холерик (грекше “холе-өт”) темпераменті деп аталған.

Гиппократ: “ағзадағы сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды”–деді, ол мидың ролін түсіне біледі, оны “бездердің бірі”,-деп санады. Бұл–адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.

Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәлелдеген академик И.П. Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми жолға салды.

Мінез–жеке адамның өзіне тән қылық-әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы.

Мінез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңілдігіне орай сипатталмайды, аталған сапалар-әр түрлі жағдайларда көрініс беретін жеке адам қасиеттері. Адам мінезін біле отырып, оның алдағы ықтималды әрекеттері мен қылықтарын күні ілгері барластырумен оларға тиісті реттеулер және түзетулер ендіруге болады. Мінезді адамның қандай әрекетке келетінін жаңылмай, дәл айтуға болады. [2]

Зерттеу жұмысының мақсаты: Психология ғылымындағы тұлғаның жеке – дара өзгешеліктері: темперамент және мінез ұғымдарына жалпы сипаттама, түрлеріне анықтама беру.

      Зерттеу жұмысының міндеті:

— Темперамент және мінез туралы теорияларын көрсету;

— Олардың түлерін анықтау;

— Мінез бітістерін көрсету.

Зерттеу объектісі. Темперамент және мінез. Олардың арасындағы байланысы және айырмашылығы.

Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

 Курстық жұмыс / 35 бет


You must be logged in to leave a reply.