МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 ТАРАУ ОТБАСЫ ЖӘНЕ МЕКТЕП
1.1 Қазіргі отбасының басты қызметтері мен міндеттері
1.2 Отбасының тәрбиелік күш қуаты
1.3 Мектептің психологиялық – педагогикалық астарлары
1.4 Баланың мектепке оқуға психологиялық дайындығы
1.5 Мұғалімнің бірінші сынып оқушысының отбасымен танысуы
1.6 Ата-аналарды балалар ұжымын тәрбиелеу ісіне қатыстыру
2 ТАРАУ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУЩЫЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС БЕРУ
2.1 Ұлт өнегесі – ұрпақ тәрбиесі
2.2 Ұрпақ тәрбиесінің ұлы ұстанымдары
2.3 Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ
2.4 Балаңызбен қалай қарым – қатынас жасау керек?
2.5 Бақылау эксперименттің нәтижелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

     Зерттеудің көкейтестілігі. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын

жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынастарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты. Шынында да, өз ата-анасын құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр, олардан отбасынан тысқары әлемде не береке күтуге болады? Сондықтан қоғамның дамығандығының, мемлекеттің іргесі беріктігі мен  азаматтарының көңілінен шығатын өркениеттілігінің басты шарты – экономиканы өркендету, әлеуметтік-әділеттілік пен тәртіпті орнықтыру, білім-тәрбие берудің оңтайлы жүйесін құру арқылы әрбір отбасында  адамгершілік, әдеп-инабат қарым-қатынастары салтанат құруына жағдай жасау.

Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне  сенімділігі — баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл — жас ұрпақтың мәдениеттілігінің, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі. Ол жас болсын, жасамыс болсын, баланың өмір бойы өтеумен болатын қарызы.

Отбасындағы психологиялық оңды ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.

1. Оқушылардың әлеуметтенуіне және тұлға боп қалыптасуына әлеуметтік- психологиялық жағдай жасау.

2. Білім беру бағдарламаларына сай балалардың мүмкіншіліктеріне қарай  бейімдеу, оқушыларды оқыту технологиясының салыстырмалы анализдерін құру, оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілетін ұйымдастыру.

Жұмыстың негізгі бағыттары:

  1. Оқу- тәрбие үрдісінде ғылыми- эксперименталды бағыт.
  2. Оқушылардың интеллектуалдық, тұлғалық, әлеуметтік дамуын қалыптастыру.

Жұмысының негізгі түрлері:

Диагностикалық іс- әрекеті:

1. Мотивациялық, сферада даму ерекшелігін анықтау (1- сыныпар).

2. Оқушылардың таным, үрдістерін анықтау.

3. Оқушының интеллектуалды деңгейін анықтау (5 сыныптар).

4. Өзін- өзі бағалау мен топтағы атмосфераны анықтау (6-8 сыныптар).

5 Ақыл- ойдың дамуын және кәсіптік бағдарды анықтау (9-11 сыныптар).

6. Мектептегі компитентті емес балалармен дамыту жаттығуларын жүргізу.

7. Педагогтардың кәсіби бағытын және тұлғалық типерін анықтау (мектеп мұғалімдерінің).

8. Ата- ана мен педагог, ата- ана мен оқушы. Жанұя жағдайының оқушы психологиясына тигізетін әсері (ата- аналар).

Профилактикалы және коррециялы іс- әрекет:

  1. Баланың мектепке бейімділігін бастауыш сынып жетекшілерімен бірге

коррекция жүргізу.

  1. Мұғалімдерге индивидуалды кеңес, психологиялық талдау,

педагогикалық консилум және оқушыларды дамытуды ұйымдастыру.

  1. Педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынас түрлерін белсендендіру.

Психологиялық кеңес:

  1. Педагогтарға кәсіби және жеке мәселеер төңірегінде кеңес беру.
  2. Педагогикалық ұжымның инновациялы процестерге дұрыс

бейімділігімен қоса, мектеп ұжымында қолайлы климат ұйымдастыру.

  1. Оқушылардың дамуы, оқуы, өзін-өзі бағалауы мен өзін-өзі тануына топтық және жеке кеңес беру.

Ата- аналарға психологиялық ақыл-кеңестер.

Зерттеудің мақсаты: Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру. Ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру.

Зерттеудің нысаны:   

әрекетті екі түрлі бағытпен:

а) оқушымен тікелей;

ә) субьектің дамуындағы кедергілерге әлеуметтік-педагогикалық ортамен бірге жұмыс жасайды. Мұнда негізгі әсер етуші педагог, ата-аналар.

Зерттеудің пәні: психологиялық қызмет, оқу-тәрбие үрдісінде баланың интеллектуалды және тұлғалық мүмкіндіктерін, қабілетін, қызығушылығын, бейімділігін танытуға және дер кезінде пайдалануын қамтамасыз етеді.

Зерттеудің міндеттері:

1. Мектеп жұмысындағы әдістемелік экспериментті психологиялық- педагогикалық тұрғыда жүргізу.

2. Оқушыны оқу-тәрбие үрдісінде іскерлігі мен дағдыларын, білім сапасы мен оқыту технологиясын бақылау.

3. Оқушының  қабілеті мен бейімділігінің дифференциясын нәтижесін коррекциялық жұмыстың қорытындысы бойынша өңдеу. Оқушыларға кәсіптік бағдар беруде психологиялық көмек ұйымдастыру.

4. Мектеп жұмысындағы әдістемелі-эксперимент мониторингі.

5. Оқушылар мен мұғалімдердің эксперименталды зерттеу кезіндегі  психопрофилактика және денсаулығын сақтау.

6. Өз кезегінде оқушылар мен мұғалімдерге психологиялық көмек көрсету.

Зерттеудің жетекші идеясы: халыққа кеңес беру саласында психологиялық қызмет ең негізгі компонент болып табылады. Мектеп психологінің қызметінде негізгі әрекет түрі баланың логикалық психикалық дамуы болып табылады.Мұндағы білім беру үрдісі логикалық дамуымен тығыз байланыста болуы тиіс. Тәжірибеде нақты әрекет баланың жеке психикалық және белгілі әлеуметтік-педагогикалық кеңістіктегі дамуына сүйенеді. Психологтің практикалық жұмысында баланың әр түрлі жастағы кезеңіндегі логикалық психикалық дамуы мен әлеуметтік-педагогикалық ситуациялардағы ерекшеліктерін анықтайды. Мектеп психологінің іс-әрекетінде профилактика, коррекция, дамыту баланың  психикалық дамуындағы жетістіктері мен ерекшеліктерінде өз болмысын табады. Психолог жұмысында бар мүмкін варианттардың негізгі міндеті дамудың әсері нәтижесінде ауытқуларды профилактикалау, регресс немесе фиксация кезінде коррекция арқылы ерекшелік кезеңіндегі барлық потенциялды мүмкіндіктерді дамыту.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Педагог-психолог ғалымдар пікірлері, ұрпақ тәрбиесінің ұлы ұстанымдары.

Зерттеудің әдістері:     

  1. Оқушылардың шығармашылық дамуына әдістемелік-зерттеу жұмысын ұйымдастыру.
  2. Оқушыларың дамуы мен оқу технологиясында мүмкіндіктері мен перспективаларын зерттеу.
  3. Индивидуалдыққа, бейімділікке үйрету, оқушылардың әлеуметтік даму интеграциясы.
  4. Оқу- тәрбие процесінің мұғалімдерге тигізетін әсерін зерттеу.
  5. Оқушының тұлғалық қалыптасуы.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

1. Жас ерекшелік және педагогикалық мәселелерге семинар жүргізу.

2. Жас ерекшелік және әлеуметтік мәселелерге байланысты ата-аналарға дәріс ұйымдастыру.

3. Мұғалімдер мен ата- аналар үшін психологиялық библиография құру.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы мен мәні:

— зерттеу материалдарын мектептің бастауыш сынып ата-аналарымен жұмысында пайдалануға болады.

 Дипломдық жұмыс / 92 бет


You must be logged in to leave a reply.