МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ
1. ДАЙЫНДЫҚ ТОБЫНА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАТЕРИАЛ
1.1 Санның сандық мәні; екінші бестік көлеміндегі оның бірліктерден құрылуы
1.2 Санның кіші екі саннан құрылуын қарастыру
1.3 Сандардың арасындғаы өзара-кері қатынастар жөніндегі білімдерді бекіту

2. БАЛАЛАР БАҚШАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚТАР ҮЛГІСІ: ЖИЫН, САНАУ, САН
2.1 Жиынмен жұмыс істеу
2.2 Нәрселерді орналасу түріне байланыссыз санау, жазықтықта кеңістік бағдарды дамыту
2.3 Балаларды санның шартты белгілері ретніде цифрмен таныстыру

3 БАЛАЛАРҒА ЕСЕПТЕУ ӘРЕКЕТІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҮЙРЕТУ
3.1 Арифметикалық есептің мәнісін балалардың түсіну ерекшеліктері.. 16

4 БАЛАЛАР БАҚШАСЫНДА БАЛАЛАРҒА АРИФМЕТИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУДЫ ҮЙРЕТУ ТӘСІЛДЕРІ
4.1 Қосу таблицасынан сан мағлұматтарды таңдап алу
4.2 Есептер мен арифметикалық амалдарды оқып үйрену жұмысын жоспарлау
4.3 Есеп шығаруда пайдаланылатын көрнекі материал түрлері

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Балалар бақшасында даярлық топ ерекше орын алады. Педагогтың  міндеті, бір жағынан, балалардың алған білімдерін жүйеге келтіру және бұдан бұрынғы бүкіл тәрбиелеу және оқыту жұмысы нәтнжесінде балалардың жалпы өсіп жетілу дәрежесін зерттеу болса, екінші жағынан, баланың жеке басын қайта қалыптастыруды талап ететін, балаларды психологиялық жағынан дайындау болып табылады. Осы кезеңде балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқында болашақ оқушының өзінің оқуына, өз тәртібіне жауапкершілігін түсінетіндей өзгеріс болуы керек. Бала балалар бақшасында көптеген эмпирикалық білім алды, ал мектепке көшкенде барған сайын тереңдете берілетін ғылыми білім бірте-бірте ашыла береді де, мұның өзі абстрактілі ұғымдармен операциялар жасауға дайындықты талап етеді. Бұл тұста басты мәселе тек жеке функциялардың (түйсіктің, естің, зейіннің т. б.) дамуы ғана емес, баланың санасындағы функционалдық байланыстар мен қатынастардың өзгеруі. «Сана әрбір жеке функцияның дамуында болып жататын жеке бір өзгерістердің қосындысы ретінде дамымай, өзінің ішкі құрылысы мен бөліктерінің байланысын әрбір жаңа кезеңде өзгерте отырып, бүтін бір нәрсе ретінде дамиды. Сананың дамуындағы әрбір функционалдық бөліктің тағдыры бүтіннің өзгерісіне байланысты болады, бірақ керісінше емес», — деп жазды Л. С. Выготский, сананың мұндай функционалдық өзгерісі жеке адамның дамуындағы басты және ең елеулі нәрсе болып табылады.

Даярлық топтағы балалар өздерін балалар бақшасында ересектер ретінде сезінеді. Мектепке көшуге дайындалған ересек балалардың бұл позициясы олардың өзіне деген қатынасын өзгертеді, оларға кішкентайлардың қарым-қатынасының өзгеретіні сияқты, басқа топта балаларға қарым-қатынасын өзгертеді. «Мен қазір тек ересек балалар тобындамын, келесі жылы даярлық топта боламын, сонан кейін мектепке барамын», — деп бала ең ересек бала болуды қиялдайды.

Курстық жұмысымның өзектілігі: Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектептерде, оның ішінде бастауыш мектептерде сондай-ақ даярлық тобында математика элементтерін  оқыту бағдарламасы  мен әдістемесі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Объектісі: балабақшадағы дайындық тобына арналған материал, өткізілетін сабақтар үлгісі. Есептеу әрекетінің элементтері, арифметикалық есептер шығару тәсілдері.

Курстық жұмысымдағы мақсатым: осы берілген «Мектепке даярлық тобында математикалық элементтерін оқыту бағдарламасы мен әдістемесі» тақырыбын ашу.

Мақсатқа қойылатын міндеттер:

— дайындық тобына арналған бағдарламалық материал;

— даярлық тобында өткізілетін сабақтар үлгісі;

— есептеу әрекетінің элементтері;

— арифметикалық есептерді шығаруды үйрету тәсілдері.

Курстық жұмысымның құрылымы кіріспеден, негізгі төрт бөлімнен, қорытынды және  әдебиеттер тізімінен тұрады.

   курстық жұмыс / 28 бет


You must be logged in to leave a reply.