МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
І. ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ
1 Әлеуметтік-психологиялық трениннгтің тарихы
1.1 Р.Д.Джейкобсон жүйкелік-психикалық қысымды басудың релаксациясы
1.2 АҚШ-та тренингтің ұлттық лабораториясының құрылуы
1.3 М.Форвергтің ғылыми әлеуметтік-психологиялық тренинг жасауы
2. Тренинг заңдары, мақсаты және міндеттері
2.1 Тренингтіңнормалары мен принциптері
2.2 Тренинг заңдарыныңмақсаты мен міндеті
2.3 Топты тренинг заңдарымен таныстыру
ІІІ. ТРЕНИНГТІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ -ӘЛЕУМЕТТІК –ЖҰМЫСКЕРДІҢ САНА-СЕЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
3. Әлеуметтік-психологиялық тренинг программаларыныңаспектісі
3.1 Психологиялықтренингтіқолданукезіндегіметодикалықмәселелер
3.2 Топпен әлеуметтік-психологиялық тренингтің методикалық құрылымы
ҚОРЫТЫНДЫ
Қосымшалар
Әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Әлеуметтік жұмыс-тек әлеуметтік белгілі бір топқа  немесе  индивидке көмек көрсетуші ғана емес ол мемлекеттің жүргізіп отырған ішкі саясаты, құқықтық қатынастармен реттелетін әлеуметтік тепе-теңдік, әлеуметтік программалардың қаржылануын бақылау, елдің халықтың әлеуметтік дамуының жоспары. Сондықтан осындай жан-жақты мәселелермен айналысатын әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың көптеген жолдары бар, бірақ олардың қайсысы тиімді? Міне осындай практикалық шешімнің  бірі ол әлеуметтік психологиялық тренинг.

Жұмыстың мақсаты: Әрбір әлеуметтік-психологиялық тренингтің негізгі практикалық мақсаты сол тренингтің  қатысушысының сана-сезімінің жетілуі болып табылады. Мұнда тек қатысушының сана-сезімінің жетілуі ғана емес сонымен қатар профессионалдық қызметкер ретінде қалыптасуына да басты назар аударылады. Бұл өте маңызды болып табылады, егерде тренинг белгілі бір топпен, ұжыммен жүргізіліп отырса. Ұжыммен жүргізіліп отырған тренингтің маңызы ұжымның әлеуметтік-психологиялық тренинг арқылы өзін-өзі жетілдіруі.

Жұмыстың міндеті:Тренинг-жарқын, эмоцияға толы жаттығу, өзгеруге бағытталған, жеке тұлғаның қатынасын үйлестіретін, білімдерді бойға сіңіру, өзге адамдармен қатынас барысында өзін-өзі ұстауын өзгертуге бағытталған.

Тренер жұмысы-шеберлікті қажет ететін тұлғаның ішкіпсихологиялық құрылымы, топ ішіндегі процестерді басқарушы, топтағы ішкі тәртіпті қадағалаушы.

Жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қосымшадан және  әдебиеттер тізімінен тұрады.

Қәзіргі таңда бірнеше қарама-қайшылықтар бар ол тренингтің психологияның жеке саласы болып табылама, оның өзіндік орны, айналысатын мәселесі жайлы. Қазіргі таңда «тренинг» ұғымы өзіне көптеген психологиялық жаттығуларды кірістірген жүйеленген жұмыстар тізбегі. Бірақ осы ұғыммен қатар топтық психотерапия, коррекциялық топтар, сынақ тобы, практикалық эксперименталдық лабораториялық жұмыстар секілді бірнеше ұғымдар бар. И.В.Вачков өзінің « Топпен тренинг жұмыстарының технологиясы» еңбегінде зерттеліп отырған бір топтың, ғалымдар еңбегінде әртүрлі аталғанын сөз етеді.

И.В.Вачков әлеуметтік-психологиялық тренинг жайлы былай дейді: «Тренингтің осы заманғы анықтамасы өзіне көптеген дәстүрлі топпен жүргізілетін психотерапиялық және психокоррекциялық методтарды өзіне қоса отырып, сонымен қатар топпен клиникалық психотерапиялық әдістерді де қажет етеді.

Біздің жеріміздегі тренинг алғаш сұхбат тренингі деген атаумен бастау алды. Сұхбат тренингі кез келген тренингтің базалық бастамасы, негізі болып табылады. Басқа программалар жасалынған кезде (өзіне сенімділік тренингі,тілдесу тренингі, сату тренингі, топ құру тренингі және тағы басқа), осылардың бастамасы болып әлеуметтік-психологиялық тренинг табылады.

Мамандар тренингті төрт топқа бөледі:

1.өздігінен жетілу қызметі,

2.топтық жұмысқа дайындық,

3.өзге жиынның дайындығы,

4.клиентке бағдар дайындығы.

 Курстық жұмыс / 32 бет


You must be logged in to leave a reply.