28. декабря 2011 · Комментарии к записи Шығармашылық кабілетті дамыту отключены · Categories: Педагогика, дефектология

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ…….3-4

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды педагогикалық тұрғыда сипаттау….5-8
2.2 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық ерекшелігі.9-14
2.3 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы мұғалімнің іс- әрекеті….15-23

III. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ..24-28
IV. ҚОРЫТЫНДЫ…………..29-30
V. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………31

КІРІСПЕ

      Тақырыптың өзектілігі.    Қазіргі заман ағымына, өмір талабына сай егеменді еліміздің болашағы, тірегі – бьүгінгі ұрпақ.Қай елдің болмасын ерекшелігін, сол мемлекеттің ғылым-білімінің, мәдениетінің дамуы – халықтың өзгешілігін таныту үшін маңызды.

Мектепте болашақ ұрпақ қандай білім алып, тәрбиеленсе, еліміздің болашағы сондай болмақ.

Бұл тұрғыда мектептің негізгі міндеттері баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамассыз ету, оның қабілеттерін ашып дамыту, оқуға деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыра отырып шығармашылықтарын дамыту.

Қазіргі мектептерде азамат етіп тәрбиелеуді, сонымен қатар білімді, дарынды балаларды дайындау, ана тілін жетік білетін балаларды дайындау мақсатымен жаңа технологиялар мен әдістерді кеңінен қолдануда. Бүгінгі мектеп мұғалімдері  әр сыныпта  оқушылардың  шығармашылық қабілетін дамыту болып отыр.

Елдегі экономикалық хал- ахуал күрделілігіне қарамастан балаларға білім беруді әлемдік деңгейге көтеру, оларды жалпы, орта білім алуға, түгел қамтуға басты назар аудару жолында  жасалған батыл қадамдар болашағымыздың жарқын, ұрпағымыздың білімді азамат болуының басты шарты. Осыған орай, Қазақстанның қоғамдық- саяси өміріндегі  болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар енгізуде.

Қазақстандық демократиялық қоғамның құрылуы және республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі, Отандық білім дамуының стратегиялық жоспарды әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің  жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етеді.

Бүгінгі таңда әр пәннің оқытылуы баланың жан- жақты дамытуды көздеу, бала бойындағы шығармашылық қабілетін дамыту, оның дербестігі мен белсенділігіне дұрыс бағыт беру сияқты мәселелерді  жан- жақты шешу қажеттілігі ескерілуде.

Мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс. Мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқыту, қоршаған ортада дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде  бағалап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.

Оқушыларды шығармашылыққа баулу сонымен бірге  оның бойындағы әр түрлі қасиеттерді дамытуға әрекет етеді.

Мектеп оқушысының бойында жасырып жатқан қасиеттерінің бірі, өмір сүруге тікелей әсер етуші  қасиеттерінің бірі – шығармашылық қабілеті. Мектеп мұғалімінің  басты міндеті осы шығармашылық қабілетті анықтап қана қоймай, оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілетті дамыту.

Осыған орай, мектеп оқушыларының  шығармашылық қабілеті тақырыптың көкейтестілігі бола алады.

Зерттеу мақсаты:

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жолдарын анықтау.

Зерттеу міндеттері:

—         мектепте шығармашылық қабілетті  дамытудың ғылыми педагогикалық, психологиялық, философиялық әдебиеттерден қарастырып зерттеу;

—         озат тәжірибелі ұстаздардың іс- тәжірибелерімен танысу;

—         мектеп мұғалімдерінің шығармашылық тапсырмаларды қолданудағы әдіс- тәсілдерін зерттеп, анықтау;

Зерттеу обьектісі:

Мектептегі педагогикалық процесс.

Зерттеу болжамы:

Егер мектепте оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың тиімді жолдарын анықтап, оқу –тәрбие үрдісінде  шығармашылық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілсе, шығармашылық әрекетке қызығушылығы қалыптасып,  белсенділігі артып, шешімді құра білуге талпынады.

Зерттеу әдістері:

—         ғылыми- педагогикалық әдебиеттер мен оқулықтарға талдау жасау;

—         озат  ұстаздардың іс- тәжірибелеріне талдау;

—         сауалнама ұйымдастыру;

—         педагогикалық бақылау жасау;

 Курстық жұмыс / 32 бет


Comments closed.