МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ….3-8

1 ФОЛЬКЛОРДЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАДАН АЛАТЫН ОРНЫ…..9
1.1 Қазақ ағартушылары мен ақын –жазушыларының ерлік, елжандылық бағытындағы көзқарастары мен ой-пікірлері…..9-25
1.2 Қазақ фольклорындағы ерлік, елжандылық тақырыптары….26-35

2 ОҚУ-ТӘРБИЕ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫ ЖАНРЛАРЫ АРҚЫЛЫ ЕРЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ….36
2.1. Батырлар жыры ……36-45
2.2 Мақал –мәтелдер…..45-50
2.3 Ертегілер………50-53
2.4 Лиро-эпостық жырлар…53-55
2.5 Шешендік сөздер……..55-56

ҚОРЫТЫНДЫ…..57-59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……60

КІРІСПЕ

Бүгінгі күні жеке тұлғаны Қазақ¬стан¬дық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу барысында Қазақ¬станның білім және ғылым қызметкер¬лерінің ІІ съезінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: “Қазақстанның отан¬шылдық сезімін тәрбиелеу білім беру¬дің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орында-рына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Оқушыларды Отанды, туған жерді, өзінің хал¬қын сүюге тәрбиелеу – мұғалім¬нің аса маңызды, аса жауап¬ты да қадірменді парызы” – деген сөзіне үңілсек, онда

Қазақстан мем¬лекетінің егемен ел болып қалыпта¬сып, дербес мемлекет болуы және өркен¬деп гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады.

Оның басты құндылықтары – ана тілі, ұлттық рух, діни на¬ным сенімдер-мен тығыз байла¬ныс¬ты. Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері.

Президенттің Жолдауында ең мықты 50 елдің қатарына кіру туралы керемет ой айтылды. Бұл – ұлттың ортақ ұраны.
Қазақстанды Отаным деп таныған әр азаматтың осы¬ған өз әлінше үлес қосуы – бұ¬ның басты шарт¬тарының бірі. Жас¬тарға патриот¬тық тәрбие беру¬дің бағдарлы идея¬ларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қа¬зақстан – 2030 ” атты еңбегінің “Қବзақстан мұраты” деп атала¬тын бөлі¬мінде: “…біздің балала¬рымыз бен не¬мерелеріміз… бабаларының игі дәс¬түрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарық¬тық экономика жағдайында жұ¬мыс істеуге даяр болады. Олар бей¬біт, абат, жылдам өркендеу үстін¬дегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары бо¬лады” – деп, үлкен үміт артты.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында “Білім беру жүйесінің міндеттері: …азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – ҚазақстанРеспуб¬л謬касына сүйіспеншілікке, мем¬лекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәр¬биелеу” десе, ал орта білімді дамыту тұжырымдамасында “…тәрбиелік жұ¬мыстарды қазақ¬стандық патрио¬тизм, азаматтық, ізгілікті интернационализм негі¬зінде құру” – керек екендігі көрсетілген.

Қазастан Республикасы Білім министрлігі ұсынған “Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында” қазақ халқының жауынгерлік және ерлік тарихын ұрпаққа еріктің өшпес үлгісін қалдырған хас батырлардың өмір-өнегесімен таныстыру; өз жерін, елін қорғай алатын ұлтжанды, ұлттық намысы мол, жігерлі азаматтар тәрбиелеу, — деп ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ерекшеліктер, салт-дәстүрлерді бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға аса мән береді.

Академик М.К.Қозыбаев бүгінгі ұрпақты ерлікке баулудың ұлтжандылыққа тәрбиелеудің нағыз қайнар көзі-халықтық педагогика ұлттық дәстүрлерде жатқанына тоқтала келе, “бізге тірек болып, болашақ батыр ұрпақ өсіруге көмектесер бір фактор халықтық педагогикалық ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі”, — деп ұлттық жауынгерлік дәстүрлердің маңызы зор екенін атап көрсетеді.
Қазақтың ұлан-байтақ даласын біздің ата-бабаларымыз сан ғасыр “Найзаның ұшымен, білектің күшімен”, “Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай” аман сақтап келді. Олардың құрып кету қаупі төніп тұрған кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жауға қарсы тұруы нағыз шынайы Отансүйгіштік қасиет еді.
Өз ұлтына деген патриотттық сезімді қазақ ағартушылары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Алаш Орда қайраткерлері М.Дулатов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов және т.б. нақтылы іс-әрекеттері мен шығармаларынан да байқауға болады.

Елжандылық сезімінің объектісі мен қайнар көзі — Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы елжандылыққа тәрбиелеудің арқауы.

Педагогика мен тәрбиенің, халықтың ұстанымын ғылыми тұжырымдаған орыс педагогі К.Д.Ушинский: “Өмірінде де, ғалымда да  барлық халықтарға бірдей тура келетін тәрбие жүйесі жоқ. Әр халықтың ұлттық тәрбие жүйесі де әртүрлі. Өз еліне басқа елдің тәрбие жүйесін енгізу мүмкін емес, себебі халықтардың өмір сүру моделі де, тәлім-тәрбие моделі де басқа”, — деп жазғаны белгілі.
Ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан және өркендей беретін халық педагогикасының қасиетін қаділеп, ұлттық тәрбиеге жан-жақты жағдай жасап, көңіл бөле бастағанымыз – болашақтың сәулетіне нұрын шашқан күн шуағы іспетті. Адамды адам еткен пен тәрбие болса, сол еңбекті ұрпағына үйретіп, адалдыққа баулыған халқымыздың танымдық, тәрбиелік дәстүрлері, салт-санасы, әдептік хадистері мен тұжырымдары – мәңгі нәр алатын рухани асыл қазынамыз.

Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы – бұл ұлттық мәдениеттің бір бөлігі.
Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан халқымыздың озық тәрбиелік мәні зор әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, ауыз әдебиеті, өнері жас ұрпақтың ұлттық сана сезімін оятып қалыптастырады.

Халқымыздың өзінің бүгінгі биік, озық мәдениетіне оңайлықпен жетпеген. Бұл жолда ол талай заманғы шым-шытырман оқиғалардың сәулесін бойына сіңіріп, небір асу-қия, бел-белестерді басып өткен. Ата-бабамыздың шетсіз де, шексіз далада ертелі-кеш жер кезіп, бостан-босқа жүре бермей, олар ежелгі заманнан ер жүрек, еңбексүйгіш, талапты да талантты, өзіндік мәдениеті бар еңселі ел болған.
Халықтың бай мұрасын, соның ішінде қазақ фольклорын оқушыларды ерлікке және елжандылыққа тәрбиелеуде пайдалану.
Ерлік дегеніміз не? Ерлік адамның ерік-жігер қасиеттерінің ішіндегі шоқтығы биік сапасы.

Ал ерлікке  тәрбиелеу – жас ұрпақтың, қоғам мүшелерінің Отанға, халқына, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, мұны олардың бойына сіңіру және қалыптастыру. Бұдан кейін халқымыздың ерлік тәрбиесінің мол тарихын ескере отырып, ұлттық сананы қалыптастыру, қазақ мектептеріндегі оқу –тәрбие жұмыстарында халықтық педагогиканың негізгі элементтерін, соның ішінде, адамгершілік тәрбиесінің басты бағыттарының бірі – ерлік тәрбиесінің мазмұнын жан-жақты қамту арқылы кеңінен енгізу қажеттігі туындайды.
Халқымыздың батыры Б.Момышұлының «Бұрындары жасаған ерліктерді сыйламай, қадірлемей тұрып, жаңа ерлікке шақыру бекершілік» дегеніндей, жас ұрпақты ата-баба дәстүрі  бойынша ерлікке тәрбиелеп, олардың намыс, парыз, ұлттық рух, жауапкершілік сезімін дамыту қажет.

Адамзат баласының ежелден келе жатқан ортақ мүддесінің бірі – ерлік тәрбиесі. Осы мақсатта әрбір халықтың сан-алуан ой-пікірлері мен тәжірибелері ғасырлар бойы жинақталып отырған. Адамзат баласына ортақ рухани қазнасының құрамдас бөлігі болып саналатын бұл жетістіктерді халықтың тәлімгерлік тәжірибесі дейміз.

Қазақ халқының да сан ғасырлық тарихи мәдени жетістіктерінің жемісін, рухани байлығын, жанына біткен еңбексүйгіштік, елжандылық, ерлік, имандылық, бауырмалдық т.б. қасиеттерін танытатын тәлімгерлік тәжірибесі бар. Онда  кешегі өткен данагөй қариялар, құлама ойшылдар, би-шешендер және ақын жыраулардың даналық болжамдардың психологиялық пайымдауларымен педагогикалық тұжырымдамаларының өшпес ізі жатыр.

Халық педагогикасының озық үлгілері бала бітімін жетілдіру, ана тіліміздің өрісін кеңейту, білім беру сапасын арттыру, ұлттық дүниетанымдық көзқарасымызды нығайту құралының бірі болып табылады.

Қорыта айтқанда, патриоттық тәрбиені ойға алғанда бірінші санаға Отан түсінігі келеді. Отанға құрмет көрсету тұрғысындағы патриоттық сезім жалпы адам баласына тән туған түйсік-қасиет, оның еліне, туған жеріне,  өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, қуаттап-қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзіне Отан, туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі ұлттық құндылықтар жатады.
Асылында, отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға әсер ететін факторлар – ұлттық сезм, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық игі дәстүрлер, ұлттық парыз, бірлік және міндет.

Ұлттық сезім – өзінің ұлттық өкілділігін мойындай отырып ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, халық мұраларын бағалай білу. Әрбір адам өз Отанына деген мақтаныш сезімі, өз ұлтын терең сүюі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеуге тиіс.
Ұлттық мақтаныш – ұлттық материалдың, әлеуметтік һәм мәдени жетістіктерінің негізінде қалыптасатын әрі алдыңғы қатардағы ұлттықидеялар, ой-пікірлермен байып отыратын, ұлт бостандығы және саяси-әлеуметтік бостандық жолындағы күрестің тарихымен байланысты әлеуметтік-психологиялық сезім болып саналады.

Ұлттық парыз – Отанға деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан елін, жерін аман сақтап, ата-баба дәстүріне өте сезімталдықпен қарау. Ал парыз – өзінің мағыналық аясына ақыл-ой, сезім, ерік-жігер, ар-ождан, абырой, әділдік, шындық, сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді қамтып, оларды адам өміріндегі қайшы құбылыстарға қарама-қарсы қоятын жоғары парасаттылық ұғым.
Бағамдасақ, патриотизм – адамның туа біткен биологиялық қасиеті емес, ол әлеуметтік, тарихи қалыптасқан, Отанға деген сүйіспеншілік сезім. Ол Отанға қызмет етуден көрінеді. Әрбір халық өз Отанының, яғни өзі еңбек етіп, өмір сүретін саяси, мәдени, дамуына мүдделі. Ұлттық сана-сезім – адамның рухани өмірінің басты белгілерінің бірі.

Ұлттың сана-сезімімен ана тілін білу де, жері әм елінің тарихына зер салу, төл мәдениетін игеру де туындайды. Ана тілін білмейтін адам өзінің де, ел-жұртының да қадір-қасиетін жетік біліп, бағалай алмайды.

Патриотизмнің маңызды бөліктерінің бірі: онымен етене байланысып жатқан ұлттық рух һәм ұлттық патриотизм жөнінде айтып өту лазым. Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген шексіз сүйіспеншілігі, адам өз халқымен қан жағынан да және шыққан тегі, аумағы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық және этностық ерекшеліктері, қалыптасқан тарихи дәстүрлері жағынан да, әбден айқын әрі дербес басқа қасиеттері һәм ерекшеліктерімен де байланысты. Ел болу үшін ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болуы керек. Кімде-кім халыққа, оның болашағына сенбесе, өз тағдыры үшін де үрейленеді, өз Отанын жат жұрттықтардың жаулап алуынан қауіптенеді. Бір сөзбен түйгенде, Отанының патриоты, батыры бола алмайды. Жалпы, патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасынан бастау алады.

Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл – қазақ болуымыз үшін, дін – адам болуымыз үшін, салт-дәстүр – ұлт болуымыз үшін қажет.
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылдың 6 ақпанынында жарияланған «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауы еліміздің халықаралық білім кеңістігіне, бәсекеге барынша қабілетті 50 ел қатарына кіру стратегиясының жалғасы болып отыр [1].

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында білім беру жүйесінің басым міндеттері – «азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны − Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» – деп айтылған.

Бүгінгі ХХІ – ғасырда егеменді Қазақстанда өмір сүріп жатқан жас ұрпақтың бойындағы ерлік пен елдік қасиеттің рухани негізі туып-өскен жері мен елінің салт-дәстүрінен, ұлттық мәдени мұраларынан, мақал-мәтелдерінен, лиро-эпостық жырларынан, шешендік сөздерінен, ел мен жер байлығын қорғап қалған Күлтегін, Тоныкөк, Қобыланды, Ер Көкше, Ер Қосай, Едіге, Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Сұраншы, Саурық батырлардың ерлік істерінен бастау алады. Сонымен қатар, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мәдени-рухани мұралар, тастағы жазбалардағы өсиет, өнеге, нақыл сөздер, қазақ фольқлоры жанрлары жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, ерлік сезімді ұялатып, олардың туған жерге, өскен елге, ұлт мәдениетіне деген сүйіспеншілік қасиеттерді қалыптастыруға игі ықпал етеді.

Республикамызда зерттеліп отырған проблемаға байланысты М. Қозыбаев, Т. Тұрлығұл, Ж. Қасымбаев сияқты тарихшы ғалымдар тарихи-философиялық тұрғыда, әдебиет саласы бойынша М. Әуезов, С. Сейфуллин, М. Ғабдуллин, Е. Смайылов, С. Мұқанов, Ә. Қоңыратбаев, Ә. Сейдімбеков және т.б. зерттеушілер өз еңбектерінде ауыз әдебиеті үлгілеріндегі патриотизмнің ұлттық мәнін терең зерттеді.
Кез-келген тәуелсіз мемлекеттің іргесі берік, аспаны ашық болуы үшін қорғаныс қабілетін нығайтудың, жас ұрпақты ерлікке, елжандылыққа тәрбиелеудің маңызы зор. Әр адамның бойында Отанға, халқына шын берілгендік, ата-салтына, ел тарихына деген құрмет, ерлік рухы қалыптасады.

Ежелден елдік пен еркіндікті берік ұстап, ата-бабамыздың үлкен шаңырағы асына түрлі ұлттар мен ұлыстардың басын қосып, бірлікке, бауырластыққа баулып, достықтың туын берік ұстаған қазақ халқы өмір өнегелерін ұрпағына ұғындырып, үйретіп келеді. Сол ұрпақтар мен ұлыстар бірлігін нығайтып, жарастырып отырған халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, халықтың даналығын бала бойына дарытып, адамдыққа, батырлыққа, ерлікке тәрбиелеуде, ел әдебиетін, мәдениетін басқаларға ұғындырып, орнықтыруда қолданатын басты құрал – қазақ фольклоры.

Жазуы кенже дамыған қазақ халқы үшін өнер де, көркем әдебиет те, білім де, тәрбие де – ауыз әдебиеті болды.
Қазақ зерттеушілерінің арасынан ерлік тәрбиесі туралы халық мұраттары мен түсініктерін ашуда «Қазақ фольклористикасының тарихы», Ә.Табылдиевтің «Халық тағылымы», Ш.Уәлихановтың, Ә.Марғұланның еңбектері, М.Ғабдуллиннің «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» деген еңбектерін ерекше атауға болады.

М.Ғабдуллин – қазақ халқының педагогикасын зерттеу қажеттігі туралы қазақ ғалымдары арасынан алғаш пікір айтқан ғалым. Ол өзінің «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» атты еңбегінде былай деп ой қозғаған: «Қазақ халқының өмірінен орын алған тәрбиенің тарихын жан-жақты түрде қарастыру өз алдына зерттейтін мәселе». Бұл еңбегінде ол бесік жырынан бастап, батырлар жырын қоса қазақ халқының поэзиясының тәлім-тәрбиелік мәнін ашып, оны бала тәрбиесіне пайдаланудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін көрсетіп берген. Ол еңбекті жазудағы оның басты мақсаты – революцияға дейінгі қазақ арасындағы жас ұрпақты еңбек пен ерлікке тәрбиелеуде халқымыздың нені армандағаны және баланы жастайынан тәрбиелегенде оның өсе келе кім болуын көздегеніне шолу жасау [2].

Зерттеу мақсаты: қазақ фольклористикасының ғылыми-педагогикалық негіздерін айқындап, оны орта мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану арқылы оқушыларды ерлікке және елжандылыққа тәрбиелеу.

Зерттеу нысаны: негізгі мектептегі оқу- тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: ауыз әдебиеті үлгілерін оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану арқылы ұлттық мәдени мұраларды шынайы сүйетін елжанды азамат тәрбиелеу.

Зерттеудің міндеттері:
— халық ауыз әдебиетінде ерлікті дәріптеген, ел қорғаған батырларды бейнелеген аулан түрлі жырлар, толғаулар, мақал-мәтелдер, шешендік сөздері арқылы оқушыларды ерлікке және елжандылыққа тәрбиелеуде пайдалану;
— «патриотизм», «Қазақстандық патриотизм», «ұлттық патриотизм», «елжандылық» ұғымдарға ғылыми анықтамаларды нақтылау;
— оқушыларға ерлік және елжандылық тәрбиесі негіздерін қалыптастырудың педагогикалық мағынасын анықтау;
— ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалана отырып, оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің моделін ұсыну;
— ерлік және елжандылық тәрбиесі негіздерін қалыптастырудың педагогикалық аспектілерін негіздеу.

Зерттеудің ғылыми болжамы  — Егер халқымыздың ерлік, елжандылық тәрбиесі негіздерін игерер болсақ, оның тұтас ғылыми жүйесін жасауға болады. Сол мұраларды саралап бүгінгі талап тұрғысынан пайдаланғанда ғана жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтардан саналы да дүниетанымы мол ерліктің, елжандылықтың мәнін түсінетін, елжанды ұрпақ тәрбиелеудің мүмкіндігі туады.

Зерттеудің жаңалығы:
— халық ауыз әдебиетінде ерлікті дәріптеген, ел қорғаған батырларды бейнелеген аулан түрлі жырлар, толғаулар, мақал-мәтелдер, шешендік сөздері арқылы оқушыларды ерлікке және елжандылыққа тәрбиелеуде пайдаланылды.
— оқушыларға ерлік және елжандылық тәрбиесі негіздерін қалыптастырудың педагогикалық мағынасын анықталды.
— ерлік және елжандылық тәрбиесі негіздерін қалыптастырудың педагогикалық аспектілерін негізделді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде: зерттеу жұмысының көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттері қамтылған.
Екі тарауда қазақ ағартушыларының, ақын-жыраулардың ерлік бағытындағы көзқарастары мен ауыз әдебиетіндегі ерлік тақырыптарына, яғни, батырлар жырына, мақал-мәтелдерге, ертегілерге, шешендік сөздерге және ғашықтық жырларға мән берілген. Сонымен қатар, оқу-тәрбие барысында ауыз әдебиетіндегі ерлік тақырыбын, оның сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттарда ерлікке тәрбиелеудегі маңызы түсіндіріледі.

 Дипломдық жұмыс / 60 бет


You must be logged in to leave a reply.