ЖОСПАР

КІРІСПЕ………..3
1 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОВЕСТЕРІНІҢ ПРОБЛЕМАТИКАСЫ ЖӘНЕ ХАРАКТЕР МӘСЕЛЕСІ
1.1 1970-1980 жылдардағы қазақ повестерінің тақырыбы…………6
1.2 Қазақ прозасының идеялық-эстетикалық мәселелері……..21

2 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……..30
3 ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ӨТІЛГЕН САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ………31

КІРІСПЕ

Адам баласы тарихи дамудың жаңа белесіне шыққан сайын жүріп өткен жолына үңілетіні, өзі қалыптастырған рухани-әлеуметтік құндылықтарын ой таразысына салып, қайта бір бажайлауға, баға беруге талпынатыны хақ. Бүгінгі күні адамзат қауымының жаңа ғасыр табалдырығына аяқ басуы әлемдік қатынастардағы нендей бір құбылыстар мен өзгерістер жайлы нақтылы тұжырымдар жасауға мұрындық болып отыр.

Соңғы жылдардың өзінде-ақ өткен-кеткенімізге, бүгініміз бен болашағымызға арналған қаншама роман, повестер жарық көрді. Сан жағынан да, сапа жағынан да тың сипаттар таңытып жатқан таланттар қаншама. Бұлар бір шығармадан бір шығармаға ауысқан сайын көркемдіктің көк жиегін кеңейтіп жанр шеңберін, тақырып аясын ұлғайтып, бұрын қаламға ілікпеген оқиғалар мен адам мінездерін бейнелеуде орасан батыл қадамдар жасады.

70-80-жылдар көлеміндегі қазақ прозасында қоғамдағы терең қайшылықтар, атап айтар болсақ, саяси, экзистенциалдық, рухани-психологиялық мәселелер біршама ашық түрде көрініс тапты. Осындай жоталы-жоталы проблемалар адам болмасына анағұрлым тереңірек, жан-жақтылық тұрғысынан келудің, қоғамдық құрылыста қалыптасқан қатынастарға сыншылдық позициядан үңілудің нәтижесінде туды. Дәл осы кезеңде әдебиетте жаңаша көркемдік ізденістер байқалды. Әдебиет ендігі жерде адамның тарихи процестің субъектісі ретіндегі маңызына, болмыстың басқа формаларына қатынасына әлемдік көркем дамудағы қалыптасқан дәстүрлерге сүйенді.

курстық жұмыс / 28 бет


You must be logged in to leave a reply.