30. декабря 2011 · Комментарии к записи Мектепке дейінгі шет тілін оқыту отключены · Categories: Педагогика, дефектология

Мазмұны

Кіріспе ….3
Бөлім І. Білім беру мазмұны мен оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру
1.1. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне оқытудың басты ерекшеліктері….5
1.2. Ағылшын тілін оқытудың формалары мен әдістері….7

Бөлім ІІ. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану
2.1. Ойын элементтерін ағылшын сабағында қолдану…10
2.2. Ағылшын тілін оқытуға арналған ойындар….11

Қорытынды….20
Қолданылған әдебиеттер тізімі…….22

Кіріспе

Қазіргі таңда халықаралық қатынастардың күшеюі мен шет тілін меңгерген білікті мамандардың  қажеттілігіне байланысты тек әдіскер, педагогтар мен психологтардың тарапынан ғана емес, сонымен қатар қоғамның тарапынан шет тілін ерте жастан оқытуға деген қызығушылық арта түсті.

Шет тілін ерте жастан оқыту – баланың дүниега келген кезден бастап мектепке барғанға дейінгі интуитивті-тәжірибелік негізде жүретін оқыту. Шет тілін оқыту әдістеменің бір тармағы ретінде ХІХ ғасырда дами бастады. Бұл кезде балаларды ерте жастан шет тіліне оқыту Ресейде кеңінен таралды. Кейбір ақпараттарға қарайтын болсақ, Ресейде ХІХ ғасырда бір емес үш шет тілінде: ағылшын, француз, неміс тілдерінде сөйлей алатын балаларды кездестіруге болатын.

Шет тілін ерте жастан оқыту мәселесі педагогикалық баспа басты назарында болды және орыс журналдарының, сонымен қатар К.Д.Ушинский, Е.Водовозова, Е.И.Тихеева сияқты әдіскерлердің педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерінде талқыланды. Бұл — балаларды ерте жастан оқыту әдістемесінің қалыптасу кезеңі болып есептелды.

Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Мектепке дейінгі жас шет тілін оқытуға өте қолайлы кезең, себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл «құпияларын» байқау қызығушылығы пайда болады. Олар лезде берілген шағын материалды меңгеріп алып, оны өте жақсы кері айтып бере алады. Балалардың жасы қосылған сайын мұндай факторлар өзінің күшін жоғалта бастайды.

Зерттеу жұмысының пәні – балаларды ерте жастан шет тіліне оқыту әдістемесі.

Зерттеу жұмысының мақсаты – елтану материалдарын пайдалана отырып, балаларды ерте жастан шет тілін оқытуға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру, осының негізінде баланың интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.

Зерттеу жұмысының мақсатына сай мынадай міндеттер алға қойылды:

  • Ø ағылшын тілін оқытуда ынта деңгейін көтеру;
  • Ø мектепке дейінгі балалардың білімін тереңдету;
  • Ø балаларды сөйлеу қабілетін дамыту;
  • Ø сөздік қорды кеңейту;
  • Ø ағылшын тілінде сөйлейтін елдер туралы қосымша ақпарат беру.

Зерттеу жұмысының теориялық негізін Асеев В.Г., Бим И.Л., Вайсбурд М.Л.,  Толстиков С.Н., Витлин Ж.Л., Даниленкова Г.Г., Зимняя И.А., Сахарова Т.Е. сияқты әдіскер ғалымдардың жұмыстары мен мақалалары құрайды.

Берілген зерттеу жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  Курстық жұмыс / 24 бет


Comments closed.