МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…….3
1 ТЕҢДЕУ ҰҒЫМЫНЫҢ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТЫП ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Теңдеу ұғымының мән-мағынасы…..6
1.2 Теңдеу жайында түсінік қалыптастыру және оны шешуді үйретудің әдістемелік негіздері….24
2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ТЕҢДЕУДІ ОҚЫТЫП ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Білім стандартын және оқу бағдарламасын, оқулықты талдау… 27
2. 2 Тәжірибелік жұмыс және оның нәтижесі….39
ҚОРЫТЫНДЫ……54
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……60

                      КІРІСПЕ

Зерттеу жымысының көкейкестілігі. Бастауыш сыныптардағы “Арифметика” оқу пәнінің орнына “Математика” енгізілгеннен бері алгебралық элементтерді білім мазмұнының құрамды бөлігіне айналды. Ал бастауыш сыныптардың математика курсындағы алгебра элементтерінің аса маңыздысы теңдеу және оны шешу тәсілдерін оқытып үйрету болып табылады. Ал алгебра элементтері                                                        болып табылатын теңдеу жайында түсінік қалыптастыру санды теңдік, санды теңсіздік және олардың тура немесе тура емес түрлері, санды және әріпті өрнектермен олардың мәндерін табуға алдын ала құрастыруға көздейді.

Бастауыш сыныптардың математика курсы мазмұнының құрайтын, алгебраның элементтерінің пәндік теориялық яғни математикалық негізі “Математика негіздері” немесе “Бастауыш мектеп математикасының негіздері” атты көптеген әдебиеттерде [1]  қарастырылған. Ал осы мәселенің әдістемесіне әдіскер ғалымдардың “Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың әдістемесі” атты еңбектерінің бір тарауы арналған [2]. Демек, ғылыми теориялық  және әдістемелік тұрғыдан алғашта бұл мәселе жан-жақты зерттелген деуге толық негіз бар.

Бірақта, алгебралық элементтерді бастауыш сыныптарда ұзақ уақыт бойы оқытылып келе жатқанына қарамастан  бүгінге дейін                               бастауыш сынып оқушыларының көпшілігі теңдеуді шешумен және талдаумен байланысты тапсырмаларды орындауда қате жіберітіндігі тәжірибеде байқалуды. Біздің пікірімізше, оның басты себебітеңдеу ұғымын қалыптастыру және оларды шешу тәсілдерін игерту барысында                    жұмыстардың өз деңгейінде жүргізілмеуі сияқты. Шындығында бастауыш сыныптарға арналған әр түрлі нұсқаудағы ( Ресейлік және Қазақстандық) оқулықтардың «Методика начального обучения математике», «Средства обучения математике» [3,4] өзінде   мәселеге                бірізді әдістеме қалыптаспаған. Бастауыш сыныптарда сабақ жүргізген мұғалімдер осы мәселені оқытудың әр түрлі әдістерін, тіпті  кейде

бір-бірімен   қолдануға  бейім тұрақтығын да теріске шығаруға болмайды.

Осының нәтижесінде білім стандарты мен оқу бағдарламалары

деңгейінде білім, білік және дағдыларды қалыптастыруда кемшіліктер орын алуда. Сондықтан да теңдеу жайында түсінік қалыптастыру және теңдеуді шешудің тәсілдерін оқытып үйрету, әсіресе талаптарға сәйкес оқыту нәтижелеріне қол жеткізу мәселесі көкейкесті болды.

Теңдеу және оны шешу тәсілдері бастауыш сыныптарда оқытудың теориясы мен тәжірибесі арасындағыорын алып отырған қарама-қайшылық біздің “Бастауыш сыныпта теңдеулермен жұмыс істеу әдістемесі” атты дипломдық жұмыс тақырыбын даңдай алуғы негіз болды.

Зерттеу нысаны: бастауыш сыныптарға математиканы оқытудың үдерісі.

Зерттеу пәні: бастауыш сыныптарда теңдеуді оқытып үйрету үдерісі.

Зерттеудің болжамы: егер теңдеуді оқытудың пәндік теориялық және әдістемелік негіздеріне орай теңдеуді оқыту әдістемесі тәжірибеде

қолданылса онда осы мәселені  оқытып үйретумен байланысты жұмыс тиімді ұйымдастырылады да, білім сапасын арттыруға ықпал етеді.

Жұмыстың жаңалығы теңдеу және оны шешу тәсілдері оқытып үйрету әдістемесі мен тәжірибесі  бір ғана сыныптың емес, бастауыш білім  беру деңгейінде біртұтас және өзара байланысы тұрғысын қарастырылуында.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы жұмысты орындау барысындағы тұжырымдалған қорытындылар мен ұсыныстардың бастауыш сыныптарда математиканы оқыту барысында қолданылуының мүмкіндігімен сипаттайды.

        Зерттеудің міндеттері

—         теңдеу ұғымының мән-мағынасының оны шешу тәсілдер кезеңдерінің оларды оқытудың теориялық және  әдістемелік негіздемелеріне шолу жасау;

—         Білім стандартта, оқу бағдарламаларына және оқулықтарға зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттеріне орай талдау жасау;

—         бастауыш сыныптар мұғалімдерінің теңдеу және оны шешу тәсілдері оқытып үйрету тәжірибесімен танысу және осыған қатысты материалды жинақтау.

Зерттеудің негізгі көздері: математиканың негіздері және математиканы бастауыш сыныптарда оқыту әдістемелері жөніндегі еңбектер және білім, білік, дағдыларды қалыптастырудың психологиялық және педагогикалық мәселелері қарастырылатын оқу құралдары, “Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты” 1-4 сыныптарының математикасының оқу бағдарламалары, 1-4 сыныптарға арналған математика оқулықтары және оқыту әдістемелері, дидактикалық материалдар жиынтығы, бастауыш сынып мұғалімдерінің озат тәжірибесі.

Зерттеу әдістері:

—         зерттеу тақырыбымен байланысты әдебиеттермен оқып танысу және пайдалану;

—         Білім беру мәселесіне қатысты құқықтық, нормативтік және ресми құжаттармен оқып танысу;

—         әдістемелік құралдарды зерттеу тақырыбына орай талдау;

—         оқу бағдарламалары мен оқулықтарды талдау;

—         мұғалімдердің тәжірибесімен танысу, жинақтау және талдау.

Зерттеу жұмысы жүргізілген тірек оқу орны: Алматы қаласындағы .№ 104 жалпы орта білім беретін мектебі.

Дипломның құрылымы. Диплом жұмысының кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысының ғылыми аппараты баяндалған.

Жұмысты бірінші бөлімі бөлімі теңдеу ұғымының және оны оқытып үйретудің теориялық-әдістемелік негіздеріне арналған. Мұнда “теңдеу” ұғымының математика әр түрлі жолмен анықталатыны және теңдеу  жөнінде түсінік қалыптастырудың әр түрлі әдістеменің ғылыми негіздері қарастырылған.

Жұмыстың екінші бөлігі бастауыш сыныптарда теңдеуді оқытып үйретудің әдістемелік арналған. Мұнда білім стандарты, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды талдаудың нәтижелері баяндалған және мұғалімдердің тәжірибесімен нақты мысалдар келтірілген.

 Дипломдық жұмыс / 60 бет

 


You must be logged in to leave a reply.