Жоспары:

Кіріспе
1. Әлеуметтік дарындылық ұғымы, белгілері, ерекшеліктері
2. Лидерлік дарындылықтың көрініс беруі
3. Әлеуметтік дарынды балаларды анықтау мен дамыту
4. Әлеуметтік дарындылық моделі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Жер бетіндегі ең ғажайып жаратылыс – адам болып табылады. Оның болмысы, құпияға толы, ерекше. Жер бетінде қанша адам баласы болса, сонша ерекшелік,қайталанбастық тұнып тұрады. Алайда, сол жеке адамдар ішінен де дараланып, өзгеше артықшылыққа ие жандар, ол – «дарын» иелері болмақ. Ал, дарындылық – адамға берілетін сый. Дарынды деп өз қатарларынан әлде қайда дамыған немесе ерекше бір зейін бар (музыкалық, көркемдік, спорттық т.б. қасиеттер бар) адамдарды айтады. Кез келген қабілеттің шырқау шегі – дарындылыққа апаратындай көрінгенімен, талант шегінен аспайды. Себебі, дарындылық – туа пайда болады.

Дарындылықтың да бірнеше түрі белгілі.  Алайда, оның кейбірі дарындылық ретінде танылмайды. Ақыл-ой дарындылығы — адамның өз ойлауын жаңа талаптарға саналы бағыттай алуының, оны жаңа міндеттерді шешуге және өмірдің жаңа шарттарына бейімдей алудың жалпы қабілеті ретінде мойындалса, жай қабілет деңгейінде қарастырылатын дарын түрлері белгілі.  Ол, біз қазір қарастырайын деп отырған – әлеуметтік дарындылық. Ол, лидерлік дарындылық деп те атала береді. Әлеуметтік дарындылық ұғымы өте үлкен ауқымды қамтиды, оны алдағы уақытта көретін модельден байқауға болады. Бұл дарындылықтың ұзақ уақыт бойы дарындылық ретінде мойындалмай келуі де оның көп қырлылығына байланысты болды. Себебі, басқарушылық қабілет көп адамда кездеседі, ал лидерлік дарындылықтың басты компоненті – басқарушылық қабілеттің жоғары деңгейі болады. Осы орайда, көптеген сұрақтар туындайды.

Лидерлік дарындылығы бар балаларды, дұрыс тани және дамыта алмағандықтан, олардан бұзақы адамдар шығуы иқтимал. Осы тұрғыдан, осы әлеуметтік дарындылықты тереңзерттеу мен, ол дарын иелерін тани алу, ары қарай дамыту, маңызға ие. Себебі, лидерлік дарын иесін дұрыс қалыптастырып, дамытса, одан, қоғамға өте пайдалы, әділетті басқарушыны тәрбиелеп шығаруға болады. Осы жұмыс негізінде, дарындылықтың бұл түрінің негізін түсініп, оны ажыратуға, және лидерлік қабілеттіліктен ерекшелеп алуға мүмкіндік туады.

 Реферат / 12 бет


You must be logged in to leave a reply.