МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

I БӨЛІМ. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ 12 ЖЫЛДЫҚҚА ӨТУ МӘСЛЕЛЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ 5
1.1. 12 жылдық білім беру мақсаты 5
1.2. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы 10
1.3. 12 жылдык білім берудін максаты мен күтілетін нәтижелері 13

II БӨЛІМ. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЭКСПЕРИМЕНТІНІҢ БАСТАЛУЫН ТАЛДАУ 18
2.1. Білім беру жүйесінің жай-күйін талдау 18
2.2. Алматы қаласында 12 жылдық білім беру эксперименті 22
2.3. Тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстың нәтижесі 24

ҚОРЫТЫНДЫ 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29
ҚОСЫМША 30

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі. Білім беруге заман талабы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда білім беру саласы – баса назар аударарлық мәселе.
ХХІ ғасырда еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласына түбегейлі өзгеріс, яғнии 12 жылдық жалпы және орта білім беру жүйесін енгізу – баса назар аударарлық мәселе. Осы мектептің негізінде білім беру мерзімін 12 жылға ұзартуды психологиялық және физиологиялық тұрғыда болады. Біздің қоғамымыздың саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы қайта құрулар алдыңғы қатарға халыққа білім беру жүйесіне қойылатын жаңа талаптарды тудырды.
ХХI ғасыр мектебінің маңызды мақсаты балаларды оқытудың барысында олардың түрлі салада жеткілікті түрде күрделі білімдерді, икемдер мен дағдыларды игеруді талап ететін олардың одан кейінгі оқуына толыққанды негіз бола алатын психикалық дамудың ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Сондықтан, көздеген мақсатымызға жету үшін 12 жылдық білім беру жүйесін енгізген болатын. Ал 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша бастауыш сыныпқа оқушыларды қабылдау мәселесі теория әрі тәжірибе жүзінде талдау мен енгізу мәселесі көптеген уақытты талап етеді.
Баланың жеке басын жан — жақты дамыту мен мектепке даярлау ісі бүгінгі таңда білім беру саласындағы аса маңызды. Жалпы білім беретін мектептерде 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың оқу жүйесінде айтарлықтай қиыншылықтарға кезігеді. Алғаш баланы мектепке берерде оның биологиялық жасы мен мектепке психологиялық даярлығының көрсеткішін өлшеп шығару — бүгінгі күн талабы. Бастуыш сынып оқушының жаңа ортаға түсуіне байланысты көңіл — күйінің сипаты, сынып сабақтық жүйеге қаншалықты төзімді оның еріктік қасиеттері, жазбаша білімдерді игерудегі таным процестерінің даму деңгейлері тексеріле бермейді. Сондықтан баланың мектептегі оқу жүйесіне педагогикалық — психологиялық тұрғыдан әлі де толық қарастырылып,талдануы тиіс.
Мектепке жаңадан келген бала даралық сапаларымен таныла отырып, бір ортаға бейімделу кезеңін бастап кешіреді. Бұл жолдағы қиындықтар, яғни баланың құрдастарымен, сабаққа көзқарасы, өзіндік сана сезімі, тіл табысуы, сөйлеу ерекшелігі, түсіну, ұғыну деңгейлері – осының бәрі бала психикасына едәуір әсер етеді. Мұғалімге оқушының жай- күйін бақылап, жаңа ортаға баулу үшін оқушылардың психикалық ерекшеліктері туралы алғашқы деректер өте қажет. Бұл деректер баланың мектептегі оқуға психологиялық тұрғыдан даярлығын анықтау барысында алынады. Ал психологиялық даярлықты анықтау ісін арнайы маман- психодиагност немесе психолог жүргізуі керек. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық психикалық даярлық диогностикасын анықтап алудың жалпы теориялық және практикалық жүзіндегі тиімділігін ғылыми тұрғыда негіздеу қажет.
Халыққа білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін тәжірибелі психологтар балалардың мектепке оқуға психологиялық дайындығын анықтау мәселесімен жиі кездеседі. Сонымен бірге, әр психолог өзінің шамасына, теориялық қалауларына және мүмкіндіктеріне қарай 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша енгізілген мектепке бастауыш сынып оқушыларын қабылдауда психологиялық ерекшеліктеріне байланысты қабылдауда.
Қоғамымыздың әлеуметтік – экономикалық және саяси құрылымының түпкілікті жаңаруына байланысты бірінші міндет халықтық білім жүйесін жаңаша тұжырымдама жасап жаңаша талап қоюды қажет етеді. Мектептердегі нақты міндеттердің бірі білім беру кезеңінде балалардың психологиялық деңгейінің дамуын, олардың әрі қарай білім алу, күрделі білімді жеткілікті қабылдау, әр салада болсын біліктерін жетілдіру негізінде, еліміздегі үздіксіз білім беру саласының 12- жылдық білім беру жүйесіне өтуі ғылым, білім саласында үлкен жаңалық болып табылады. Халықтық білім беру ордасындағы психолог- мамандар күнделікті өмірде баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығын анықтып, 12- жылдық білім беру жүйесі енгізілген мектептерге қабылдаудағы психологялық ерекшеліктерін анықтау мәселелерімен жиі жолығады. Осыған байланысты әр психолог өзінің жетік білім деңгейіне, біліктілігіне байланысты балалық мектепке дайындығын әртүрлі әдістемелік тәсілдерді пайдалана отырып анықтайды. Сондықтан да Қазақстандағы педагогикалық психология ғылымының осындай көкейкесті мәселелерін ескере отырып. Қазіргі таңда ұлт мектептеріне қабылдаудағы бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін анықтап, сипаттап бермекпіз.
Курстық жұмыстың мақсаты: 12 жылдық білім беру жүйесін зерттеп талдау.
Зерттеу пәні: мектепке дайындық компоненттері.
Зерттеу болжамы: 12 жылдық мектепке бастауыш сынып оқушыларын қабылдау үшін даярлық компоненттерін айқындалды.
Курстық жұмыстың міндеттері:
— білім беру жүйесіндегі 12 жылдыққа өту мәслелесінің мазмұнын зерттеу;
— алматы қаласында 12 жылдық білім беру экспериментінің басталуын талдау.
Экспериментальды жұмысымызды жүзеге асыру барысында зерттемелік алаң № 7, 9, 18, 44 орта мектептері даярлық тобы болып табылды.
Курстық жұмыс кіріспеден, II бөлімнен, түйін, қорытынды, тәжірибелік ұсыныстардан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Курстық жұмысымыздағы зерттеу нәтижелері туралы мәліметтер көрнекті түрде бейнеленген.

 Курстық жұмыс / 30 бет


You must be logged in to leave a reply.