МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………… 3

1 ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕГІ СИПАТТАМАСЫ……………………………………………………………………… 5
1.1 Трансұлттық компаниялар түсінігі мен пайда болу себептері………………. 5
1.2 Трансұлттық компаниялар типтері мен олардың құрылымдық ерекшеліктері……………………………………………………………………………..8
1.3 Халықаралық саудадағы трансұлттық компаниялардың алатын орны………………………………………………………………………………….13

2 ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ («ҚАЗПОЧТА ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ» МАТЕРИАЛЫ НЕГІЗІНДЕ)…………………………………………………………….…………….16
2.1 Компания сипаттамасы мен қаржылық-экономикалық жағдайы…………………………………………………………………………….16
2.2 «Қазпочта трансұлттық компаниясының» инвестициялау процесін талдау……………………………………………………………….……………….21

3 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ………………………………………………….……………..25
3.1Трансұлттық компаниялардың Қазақстан экономикасының
дамуына әсері ………………………………………………………..…………25
3.2 Трансұлттық компаниялардың дамыту мәселелері және оларды
шешу жолдары………………………………………………………….……….27

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………….…………..30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………….………….32

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Экономиканы глобализациялау үрдістері әлемдік экономикалық және саяси аренада жаңа ойыншылардың – трансұлттық корпорациялардың пайда болуына әкелді.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін көптеген маңызды глобализация үрдістерінің белсенді қатысушысы болуға ұмтылды. Алайда елдің әлемдік қауымдастыққа сәтті интеграциялануы, оның барлық элементтері, оның ішінде оның негізгі субъектілері – ТҰК-мен оңтайлы әрекеттердің механизмінің қалыптасуын болжамдайды.
Бұл жағдайда ТҰК үшін жағымды факторлар ретінде Қазақстандағы мына жағдайлар атап өтуге болады: пайдалы қазбалардың мол қоры, әртүрлі биологиялық және бай рекреациялық ресурстары, білікті және арзан жұмыс күшінің болуы.
Қазақстан экономикасындағы ТҰК-ң мінез-құлық үлгісін таңдау осы шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқа дамушы елдер экономикасына енгізу түрінен еш айырмашылығы жоқ және ол бірқатар нақты факторларға байланысты болады:
– корпорациялардың экономикалық мүдделері;
– шетелдік капиталдың қызмет ету саласы мен өнім түрін таңдау;
– жобаның ауқымы;
– шетелдік инвестицияларды тартудың стратегиялық мақсаттары.
ТҰК-ң қабылдаушы елдердегі қызметтері түрлерінің Қазақстанда анағұрлым дамыған түрі – бірлескен кәсіпорындар (БК).
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты ТҰК Қазақстан экономикасына өте терең енуде және еліміздің қоршаған табиғи ортасына, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайына уақыт өте келе қатты әсер етіп келеді.
Əлемдiк экономикада шын мəнiсiнде дамыған елдердiң ұлттық компаниялары болып табылатын трансұлттық компаниялардың (ТҰК) мүдделерi үстемдiк етiп отыр. Қазiргi кезде ТҰК əлемдiк өнеркəсiп өндiрiсiнiң жартысына дерлiгiн бақылайды.
ТҰК-ның ерекше белгiлерi: нарықтарға ғаламдық тұрғыдан көз жiберу жəне бəсекенi əлемдiк ауқымда жүзеге асыру; əлемдiк нарықтарды бөлiсу; өз елдерiнiң мемлекеттiк аппаратын компаниялардың мүдделерiн iлгерiлету үшiн пайдалану; ТҰК жұмыс жүргiзiп отырған мемлекеттерге экономикалық жəне саяси ықпалды жүзеге асыру болып табылады.
Қазіргі күш ТҰК өндірістік, сауда, қаржылық және ғылыми-зерттеу профиліндегі компаниялардың трансұлттық топтарына айналып, дамыған елдердің экономикасының тірегі блоып қана қоймай, сонымен қатар әлем шаруашылығының негізгі күштерінің біріне айналады.
Жұмыстың зерттеу объектісі – трансұлттық компаниялар.
Зерттеу пәні – трансұлттық компаниялардың әлемдік және отандық экономика жүйесіндегі алатын орны мен маңызы.
Жұмыстың негізгі мақсаты – трансұлттық компаниялардың пайда болуы мен қазіргі әлемдік шаруашылықтағы жұмыс жасау ерекшеліктеріне талдау жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
 трансұлттық компаниялар түсінігін теориялық сипатта ашу;
 трансұлттық компаниялар түрлері мен қызметтерін жетік меңгеру.

Курстық жұмыстың әдіснамалық негіздері – курстық жұмыстың теориялық бөлімі ғылыми-сілтеуші мына авторлардың: М.Б. Бисенғазин, А.Ш. Хамитов, Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков, К.Б. Бердалиев секілді отандық авторлардың кітаптары мен Алешина И.В., Зайцева Н.А., Бикташева Д.Л., Косолапов А.Б., Котлер Ф., Мишурова, И. В., Лысенко, Н. А., Кулапина Г.М., Чапурина Е.В. секілді отандық және шетел әдебиеттері, оқу-әдістемелік оқулықтар көмегі негізінде, талдау бөлімі – «Қазхром трансұлттық компаниясы» АҚ материалдары мен мерзімдік басылымдар, арнайы сайттардың ақпараттары қолданылды.


You must be logged in to leave a reply.