Кіріспе

1 Талшықтар жайлы жалпы түсінік
1.1 Талшықтар.Синтетикалық талшықтар
1.2 Синтетикалық талшықтар
1.3 Синтетикалық жіптерден тоқылған маталар

2 Синтетикалық жіптер (маталар) және олардың құрамы,артықшылығы мен кемшілігі
2.1 Синтетикалық жіптер
2.2 Синтетикалық жіптердің жалпы ортақ кемшілігі
2.3 Синтетикалық жіптің (матаның)жуандығы,тығыздығы, тоқылуы.

3 Синтетикадан тоқылатын жіптермен маталар
3.1 Синтетикадан тоқылатын жібек маталар
3.2 Синтетикалық талшыктарды жуу,бояу.
3.3 Жасанды былғары алу

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Халық шаруашылығының басты міндеті ғылыми техникалық прогресті жеделдету және экономиканы өркендетудің, еліміздің өндірістік потенциалын анағұрлым тиімдірек пайдаланудың, ресурстардың барлық түрлерін жан-жақты үнемдеу мен жұмыс сапасын жақсартудын қарқынды жолына кешіру негізінде адамдардың әл-ауқатын одан әрі жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады.

Тігін өнеркәсібі халықты сәнді де ұнамды киіммен қамтамасыз етуге мүдделі. Киім адамға ең қажетті зат болып табылады, сондықтан да оған қойылатын талап күнделікті өсіп отырады. Қиімге қойылатын талаптар гигиеналық, техникалық, эстетикалық және экономикалық түрғыдан бөлініп қаралады.

Гигиеналық талаптардың өзі — адам денсаулығын сақтауға бағытталған ауа мен ылғал өткізгіштігі, жылу сақтау қасиеті, кір жұқтырмаушылық, киіске ыңғайлылығы, су сіңірмеушілігі және басқалары, киімнің негізгі гигиеналық көрсеткіштері болып табылады. Гигиеналық талаптар бұйымның мақсатына байланысты. Көйлек пен жазғы киімдердің ауаны жақсы өткізіп, ылғал еткізбейтін қасиеттері болады, киюге ынғайлы, жууға жеңіл болуы тиіс.

Киім жасау үшін талшықтар қолданылады.

Барлық талшықтар таза (табиғи) және химиялық болып үлкен екі топқа бөлінеді. Табиғатта кездесетін талшықтарды тaбиғи деп, ал завод жағдайында алынатындарды-химиялық дейді. Өсімдік тектес (циллюлозалық — мақта, зығыр, кендір, т. б.) мал тектес (белоктың- жүн, таза жібек) және минерал тектестер (асбест) табиғи талшықтарға жатады. Химиялық талшықтар жасанды және синтетикалық болып бөлінеді. Жасанды талшықтар да өсімдік, мал және минерал тектес болып келеді, сондықтан олар таза табиғи талшықтар сияқты целлюлозалық (вискозды, ацетатты, триацетатты, мысаммиакты және баскалар), белокты (казеинді), минералды (шынылық және металдык) болып бөлінеді. Жай заттардың молекулаларын синтездеу (қосу) арқылы алынған талшықтарды синтетикалық деп атайды. Оған жататындар — капрон, лавсан, нитрон, хлорин, винол, полиэтилен, полипропилен және басқалар.

Синтетикалық талшықтардың негізінде де күрделі органикалық косындылар — полимерлер бар. Олар қарапайым молекулаларды синтездеу аркылы алынады.

Жасанды талшықтар алу мүмкіндігін бірінші болып XVII ғасырда ағылшын Р. Гук айтқан еді, бірақ өнеркәсіпте жасанды  жібек XIX ғасырда ғана алынды.

Целлюлозалық талшықтардан ең бірінші нитратты жібек (1890 ж.), кейін — мыс-аммиакты және вискозды жібектер алынды. Ацетатты жібек бірінші дүниежүзілік соғыстьщ соңына қарай алынды. Россиядағы вискозды жібек шығару жөніндегі бірінші завод Мытищиде салынды. Ол 1913 жылы 136 т вискоза талшығын өндірді. Қазіргі кезде химиялық талшықтар өндіру химиялық өнеркәсіптін ірі саласына айналды. Барлык тоқыма тал-шықтарының 30%-на жуығы жасанды жолмен химиялық заводтарда алынады. Химиялық талшықтар жүнге карағанда үш есе, таза жібекке қарағанда 100 есе көп пайдаланылады.

Химиялық талшықтар жасанды және синтетикалык болып бөлінеді. Ағаш целлюлозасы, мақтаның қалдығы, шыны, металдар және баскалар жасанды талшықтар өндірудегі шикізат болып табылады. Синтетикалық талшықтар шикізатын өндірудің бастапқы азығы болып газ және тас көмір мен мұнай өндеуден шыққан өнімі алынады.

Зерттеу тақырыбының мақсаты: синтетикалық талшықтардың құрамын,жасалу жолын және артықшылықтары мен кемшіліктерің қарастыру.

Зерттеу нысаны-синтетикалық талшықтар өндірісі.

Зерттеу пәні-қазіргі заманғы өндірістегі синтетикалық талшықтар.

Зерттеу тақырыбының міндеттері-синтетикалық талшықтар жайлы

-жан-жақты толық қарастыру;

-оның химиялық құрамын,құрлысын,алыну жолын қарастыру;

 Құрылымы: кіріспеден,үш бөлімнен,қорытындыдан қолданылған әдебиеттер тізімінең тұрады.

 курстық жұмыс / 30 бет


You must be logged in to leave a reply.