28. декабря 2011 · Комментарии к записи Қарашығанақ кен орнында ұңғының оптималды режимін орнату мен жабдығын таңдау отключены · Categories: Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 Геологиялық бөлім
1.1 Кен орын бойынша жалпы мәлімет
1.2 Стратиграфия
1.3 Тектоника
1.4 Мұнайгаздылығы
1.5 Газ, конденсат және мұнайдың физикалық, химиялық қасиеттері
1.6 Газ, конденсат және мұнайдың геологиялық және қалдық қорларын талдау
2 Кен орынды игеру жүйесі
2.1 Игеру жүйесінің технологиялық көрсеткіштері
2.1.1 Игеру кешендерін таңдау
2.1.2 Пайдалану ұңғыларының орналасуын талдау
2.1.3 Кен орынның игеру режимдері
2.1.4 Кен орынды игеруді бақылау мен реттеу (01.01.2010)
2.2 Игерудің қазіргі кездегі жағдайы
2.3 Көмірсутектер кенішіне әсер ету әдістері
2.3.1 Қабатқа газ айдау
3 Газ өндіру техникасы мен технологиясы
3.1 Өндіру техникасын таңдау және тағайындау
3.2 Ұңғылар қорының және олардың ағымдағы дебиттерінің, технологиялық көрсеткіштерін
3.3 Газ өндіру технологиясы
3.4 Ұңғыны пайдалану тәсілдеріндегі көрсеткіштерінің сипаттамасы
3.5 Ұңғыны пайдалану кезінде қиындықтың алдын-алу шаралары және олармен күрес
3.6 Ұңғы өнімдерін кәсіпшілік дайындау және дайындау жүйесіне қойылатын талаптар мен ұсыныстар
4 Арнайы бөлім
4.1 Диплом жобасының тақырыбы бойынша талдау
4.2 Жаңа техника және технологияны қолдану
4.3 Компьютерлік программаларды қолдану арқылы есептеу
5 Экономикалық бөлім
5.1 Қарашығанақ кен орнын игерудің технико-экономикалық көрсеткіштері
5.2 Енгізілген жаңа техника мен технологияның экономикалық тиімділігін анықтау әдісі
6. Еңбекті қорғау
6.1 Қарашығанақ кен орнындағы қауіпті және зиянды факторлар
6.2 Еңбек қауіпсіздігін қорғау шаралары
7 Қоршаған ортаны қорғау
7.1 Атмосфералық ауаны қорғау
7.2 Су ресурстарын қорғау
7.3 Жер ресурстарын қорғау
7.4 Қоршаған ортаны қорғауды анықтайтын негізгі нормативтік және құқықтық құжаттар
7.5 Жануарлар және өсімдіктер әлемін қорғау
7.6 Кәсіпшілік қалдықтар, қалдықтар көлемі және оларды жою шаралары
7.7 Ұңғыманың апаттық фонтандау кезіндегі атмосфераға валдық тастандылар есебі

ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қосымша А
Қосымша Б
Қосымша В
Қосымша Г
Қосымша Д
Қосымша Е

КІРІСПЕ

Мұнай және газ өндірісі қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ең маңызды салаларының бірі болып табылады. Энергетикалық және химиялық өндіріс саласы үшін мұнай, табиғи газ және конденсат бағалы шикі зат болып табылады.

Қарашығанақ газконденсатты кен орыны Оралдың мұнайбарлау экспедициясының көмегімен ең бірінші барлау ұнғымасын бұрғылау барысында 1979 жылы ашылды. Ол дүние жүзіндегі ең ірі газоконденсаты кен орындарының бірі болып табылады. Кеніш 280 шаршы километр аумақты алып жатыр, оның қойнауында 1,2 миллиард тонна мұнай мен конденсат және 1,35 триллион текше метр газ бар.

Қазіргі таңда Қарашығанақ игерудің барлық кезеңін сәтті жүріп отыр, өндіріс көлемі жылдан жылға кең өріс алуда. Игерудің технологиялық сызбасы Қазақстан Республикасының нормативті құжаты және жобалаудың техникалық тапсырмасына сәйкес КИО және НИПО мұнай және газ мамандарымен жүзеге асырылды.

Барлық кен орындарға тиеселі маселенің бірі ол – өнім көлемінің азаюы. Қарашығанақ кен орнында да ең негізгі мәселенің бірі – өнім көлемінің азаюы. Осыған орай, «Карачиганак Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясы ұңғыма дебитін арттырудың альтернативті шараларын жургізеді және шет елдік компаниялармен біріге отырып осы мәселеге ерекше көңіл бөледі. Яғни негізгі шаралардың бірі ұңғының оптималды жұмыс режимін орнату және жабдықтарды таңдау болып табылады.

Технологиялық режим газ бен конденсаттың оптималды дебиттері, сонымен қатар шектеуші факторларды және жер қойнауын қорғау, қауіпсіздік техника ережелерін ескере жүргізілетін ұңғымалар мен ұңғымалар жабдықтарының дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ететін өндіру ұңғымаларының жұмыс шарттарын анықтайды. Технологиялық режимнің оптималды нұсқасы – қабат энергиясының минималды шығындары кезінде конденсаттың максималды үлестік шығуын алу.

Жабдықтардың тиімді нұсқасын таңдау арқасында көптеген кері әсерін тигізетін негізгі қиыншылықтардың алдын ала отырып, шығынды азайтуға болады. Қарашығанақ кен орнын пайдалану ерекшеліктері ескеріле отырып, көтергіш лифті, сағалық және құбыр іші жабдықтар таңдалады.

Сондықтан Қарашығанақ кен орнында ұңғының оптималды режимін орнату мен жабдығын таңдау – негізгі мәселе болып табылады. Осыған орай, ұңғыманың жұмыс режимін талдау мен қолданыстағы жабдықтардың тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну маңызды.

 Диплом жұмысы / 101 бет


Comments closed.