Мазмұны

Кіріспе……….3-6
I–тарау. Капитал мәнінің көз қарасы………7-9
II–тарау. Европалық инвестицияның мұнай экономикалық негізгі қорлары……10-15
III–тарау. Қазақ мұнай газына шет ел капиталының енуі…..16-19
IV–тарау. Мұнай кешенінде шетел капиталын қолданудың тиімділігі………21-25

Қорытынды…………26-27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……….28
Қосымшалар………..

Кіріспе

 Мұнай — газ  XX – XXI  ғасырдын  ең маңызды  энергетикалық,  химиялық  минерал байлығы.  Біздің дәуірімізде  мұнай көп  елдердің,  мемлекеттердің   экономикасының,  саясатының  негізін құрайтын  сүйініш  факторларының  қуаттысы  деп саналады.

XXI   ғасырдын  басында  Қазақстан  дүние жүзіндегі   алдынғы  қатарлы  мұнай  өндіруші елдердің  біріне айналып,  Ресейден  кейін, ТМД   елдерінің арасында екінші  орын алды.  Қазақстан  мұндай мәртебеге  бірден емес,  геологтардың,  ғылымдардың,  мұнай газ  өнеркәсібімен  шұғылданушы мамандардаың  көп  жылыдқ  зерттеулерінің  нәтижесінде ие  болды.

Мұнай  казіргі  замандағы  іштен  жанатын  және  реактивтік двигательдердің  отындары. Химия  өндірісінің  көптеген  салалары  мұнай  өнімдері  мен мұнай  газдарын  өңдеуге негізделген.

Мұнай – газ  кендерінің  геологияс,  өндірісі  өте жас, XX —  ғасырда дамыған  ғылым,  өскен өндіріс. 1859  жылы  барлық  континенттерде  тек қана  5000  тонна   мұнай  өндірілген болса,  1901жылы  21,2 миллион  тонна , 1947 жылы  400 миллион тонна , ал 1998  жылы бүкіл  дүние  елдерінде  3 миллиард  700  миллион тонна мұнай  өндірілді .

1970 жылы  1 баррель (159 литр)  мұнайдың  бағасы   1,8 АҚШ  долларына тең болса  2001 жылы  1 баррель  мұнайдың құны  28,6 долларға жетті . 2002 – 2005  жылдарда  1  баррель  мұнайдың  бағасы  23 доллор  болады деп шамалады .

1999 жылы  біздің еліміз  республиканың  мұнай  өнеркәсібінің  100  жылдық  мерей тойын  атап  өтті . Бүгінгі таңда  дүние жүзілік  экономиканың  бірден – бір  маңызды  мәселесі  энергетикалық  ресурстар болып  табылады. Олардың  негізгі  түрлері :мұнай ,газ , көмір су —  энергетикалық  ресурыс , атом энергиясы синтетикалық  отындар және  басқалары.  Қазіргі  уақытта  90 % аса дүние жүзілік  энергетиканы  мұнай – газ  және көмір құрайды. Көріп отырғаныңыздай,  XXI  ғасырда  да  қуатты күш  болып,  осы күш алып  қалады.  Әлемдік  экономиканың ең  тез зерттеліп, ұшқыр игерілген  салаларының  бірі саналатын  мұнай өнеркәсібі   XIX  ғасырдың  екінші  жартысында қолға алынды.

2001 жылы дүние  жүзілік  3 миллиард 700 миллион  тонна   мұнай өндірілді. 2005  жылы дүние жүзілік  жиынтық мұнай  өндіру  3,9  миллиард  тоннаға дейін артады .

Мұнай  өндірудің  шаңы 2020  жыл деп күтілуде  яғни өндіру  денгейі жылына  4,06  миллиард  тоннаға жетпек . Бұдан кейін  оның тұрақтану кезеңі  болады деп  жорамалдануда . Газ ресурстары  едәуір  көп, ол бірнеше жүз жылға жетеді . Қазақстан әлеміндегі  мұнай  қоры  дәлелденген   55    елдің ішінде  12 орынды  иемденеді.  Республикамыз  көмірсутегі  өнімінің стратегиялық  қорын иемденіп,әлемдік  энергетикалық  ресурстар   рыногын   құруда  елеулі  рөл  атқарады.

Қазақстан  мұнайының  бар қазынасы  еліміздің  батыс бөлігіндегі бес  обылыстың   қойнауынан  табылды . Атап айтқанда , Атырау  обылысы  жалпы  қордың 39,3  пайызын иеленсе,  Батыс  Қазақстан облысы  10  пайызын, Қызылорда 15  пайызын, Ақтөбе 8,2  пайызын,  Манғыстау  облысының   қойнауы Қазақстан  мұнайының 27,5  пайызын алып  жатыр.

Келешек  жастардың  инженер мамандардың  Қазақстанның  мұнай – газ  өндіріс өсіруге ,ғылымын дамытуға,  халқымыздың   әлауқатын  арттыруға  мәдениетін  өркендетуге  сүбелі  үлес  қосуына ,  игілікті  істеріне  табыстар  тілейміз .

Экономиканың нақты секторларының дамуы бiздiң Қазақстанның болашағына зор ықпал eтeтiнi белгiлi. Әрбiр елдiң экономикалық өcyi жаңа ірі масштабты жобалардың көмегiнсiз, инвестиция және капитал саяси тұрақтылықтан және қаржылық жүйенiң тұрақтануынан, инвесторлардың сенiмдiлiгiмен, ұлттық мұнай өндiрiстiң тиiмдi дамуынсыз қалыптасуы мүмкін емес. Олар үшiн:  жетілген саяси құрылым; кәсіпорындар үшін кешенді стратегияны өңдеу; бәсекелiк жағдайын ғылыми-техникалық прогреске сай орындау; елдiң қауiпсiздiгiн нығайту; адамның тұлғa екендiгiн көрсете бiлу;  инвестицияны дұрыс пайдалану қажет.

Әрбiр мемлекеттiк iшкi құрылымының дұpыc дамуы өсуге алып келедi.

Ал бiздiң елдегi капиталдық хал-ахуал қандай соны жаза отырып, әр түрлi экономикалық оқулықтарды  және әдістерді қолдана отырып шешiм қабылдау керектігін, кәсiпорынның ic-әрекетiне капиталдың әcepi, Қазақстандағы инвестициялық климат қандай, Әлемдегi капиталдық  тенденциялар қалай болған, соларды жазып көрсеткім келдi.

Қазақстан тәіелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайын тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті  қамтамассыз ету және шел ел капитал тарту жөніндегі  саясаты белсенді түрде жүзеге асырылуда шетел капиталдарын  тарту  республиканың инвестициялық процесінің жедел әрі тиімді дамуының бірден бір жолы болып табылады. Шетелдік капитал тарту отын энергетика, мұнай өндіру және өңдеу, алтын өңдеу өнеркәсіптері, көлік және коммуникация сияқты  басты салаларда құрылымдық –капиталдық саясатты жүргізу қаржының жетіспеушілігімен ішкі нарықты тұрақтандырумен байланысты.

Капиталдық  саясат елдің стратегиялық экономикалық мақсаттары мен мәселелерін анықтайтын ең маңызды элемент. Экономиакалық реформаларға сәйкес халықаралық капиталмен инвестиция тартудың мемлекеттік саясаты дағдарыс пен инфиляцияны тежеуге, жеке инвесторлардың инвестициялық белсенділігін арттыруға және өндірістік құрылымдық өзгерістерге септігін тигізуде. Шетел капиталдарының Кен өндіру өнеркәсіптеріне келіп түсуі Қазақстан экономикасының мұнай шикізат секторын дамытуға жағдай жасайды. Республиканың өнеркәсіп құрылымында мұнай  шикізат кешенінің үлесі 65% -ті құрайды. Мемлекет саясаты осы мұнай сектордағы шикізат ресурстарын ұлғайту мақсатында шет ел капиталын тартуды, қосымша ынталандыруды жақсартуға негізделеді.

Экономиканың тепе –теңдік дамуын қамтамассыз ету үшін мемлекеттің экономикалық басым секторларына қаржы салған инвесторларға жеңілдіктер мен преференциялар бере отырып  мұнай шикізаттық  саланың  дамуына да қолдау жасайды. Осы мақсаттарды жүзеге асыруға байланысты  үкімет тарапынан  стратегиялық бағдарламалар мен  заң жобалары құрылуда. Тікелей капиталды  жүзеге асыратын орган капитал бойынша мемлекеттік комитет  болып табылады. Капиталдық қаржыларды ел экономикасына жүзеге асыру әртүрлі нысанда жүзеге асырылады. Оған шетелдік банктері мен халықаралық ұйымдардан қарық алудан бастап кәсіпорындарды тікелей шетел капиталдарының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады.

Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден  шетелдік капитал елдің өндіріс базасын жедел  жетілдіруге және оның мұнай өндірістік, өндірістік мұнай мүмкіндіктерін артыруға көмектеседі. Екішіден шетел фирмалары жаңа  мұнай  өндірістік кәсіпорындар шаумен қатар капиталдық бәсекелестікте мыңдаған еңбекпен мұнай өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін ала келеді.

Аталған мәселелерді, соның ішінде, еліміздің капиталдық хал-ахуалы қандай, Кәсіпорынның, отандық  мұнай өндірістің іс-әрекетіне капиталының әсері, Қазақстандағы инвестициялық климаты және әлемдегі капиталдық жағдай қалай болған, солар кеңінен тоқталып,  ашып көрсеткім келді.

Курстық жұмысының мазмұны кіріспеден, негізгі бөлімнен және қортындыдан тұрады.

Курстық  жұмысының негізгі бөлімі төрт тараудан. Бірінші тарауында, Капитал мәнінің көз қарасы мәселелері қарастырылып, талданған. Оның әлеуметтік-экономикалық мәні, ел экономикасына әсері мен Қазақстан тәуелсіздіген жариялаған күннен бастап республика экономикасындағы күрделі өзгерістердің болуымен байланыстырыла отырылып жазылды.

Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей капиталдың халықаралық миграциясы, шаруашылық, мұнай өндіру өмірі барлық ұлттардың қарым –қатынасының тиімділігінің тереңдеуіне алып келді. Бұл жағдай капиталдың өзара қозғалысының дамуы нәтижесінде әсіресе мұнай өндірісі дамыған елдер арасындағы қатынастарда анық байқалады. Сонымен қатар әртүрлі елдердің арасындағы ірі мұнай  компаниялардың қалыптасуы халықаралық мамандыру мен елдердің экономикалық өзара байланысуының тереңдеуіне әкелуде. Қазіргі уақытта Қазақстанның әлемдік экономикалық жүйеден бөлектенген болашағы жоқ сондықтан, дүние жүзілік капитал қозғалысына енуі үлкен жетістіктерге жеткізіп отыр деуге болады.

Жұмыстың екінші тарауы Қазақстанның  Европалық инвестицияның мұнай экономикалық негізгі  қорлары  туралы  мәселелері, оларды шешу жолдары және шетелдік капиталының ұлттық экономикаға тиімділігі қарастырылған. Бүгінде Қазақстан Республикасының ашық рыног экономикаға енуі саяси және экономикалық біржүйелілікте беталыспен келеді. Бұдан Республика президенті мен үкіметінің ел экономикасына капиталдың құйылудың ынталандырудағы іс әрекеттерінен, қолданып жатқан мұнай  шараларынан көруге болады. Сонымен қатар қазақстанда инвесторлардың жұмысына  жағымды әсер ететін бірқатар макро экономикалық саясаттар жүргізілуде.

Инвсетициялық климатты жақсарту, жаңа инвестицилар тарту және оларды дамытуға мемлекеттік қолдау жүйесін күшейту Қазақстан саясатының басымдылық бағыты болып табылады. Нәтижесінде  мемлекетіміздің халықаралық бәсекелестік қабілеті ел экономикасына тартылған шетел инвестициясымен оның табиғи байлықты игерудегі орнын анықтайды. Мұнан шығатын қортынды жаңа шетел капиталының тартылуымен Қазақстан болашағы ондағы капитал  тұтынуының қанағаттану дәрежесіне тәуелді екенін көрсетеді.

Жұмыстың  үшінші  тарау тақырыбын талқылар болсақ. Қазақ мұнай  газына  шет ел  капиталының енуі.

Жұмыстың сонғы тарауының тақырыбы. Қазақ мұнайның  биржадағы алар орны.

Жалпы  курстық жұмысы  Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актiлерi мен мерзiмдi баспасөз материалдарынан, осы заманғы экономикалық әдебиеттерден, ғылыми-зерттеу статистикалық ақпараттарының мәліметтерінің көмегіне негізделіп жазылды.

курстық жұмыс / 28 бет


You must be logged in to leave a reply.