Жоспары
Жобаға берілген тапсырма

I. Кіріспе . . . . . . . . . . . . .
II. Бұйымның номенклатурасы . . . . . . . . .

IІІ. Технологиялық бөлім . . . . . . . . . . . . .
3.1. Зауыт орналасқан қаланың климаттық жағдайы . . . . . . . . .
3.2. Өндірістің технологиялық схемасы мен әдісін таңдау . . . . . . . .
3.3.Зауыттың жұмыс істеу режимі . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.4. Зауыттың қуаттылығын есептеу . . . . . . . . . . . . . .
3.5. Шикізаттар мен жартылай фабрикаттар . . . . . . . . . .
3.6. Негізгі техникалық, көліктік қондырғыларды таңдау және есептеу . . .
3.7. Бункер және қоймаларды есептеу . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.8. Дайын өнім сапасын және технологиялық процесті қадағалау . . . . . . .

ІV. Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау . . . . . . . . . . . . . . . .
Қауіпсіздік техникасы . . . . . . . . . . . . . . . . .

V. Қорытынды . . . . . . . . . .
VІ. Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . .

I. Кіріспе

Құрылыстық керамика – бұл тұрғын үй және өндірістік ғимараттар мен үймереттер тұрғызуға қолданылатын керамикалық бұйымдар тобы. Керамикалық қабырғалық бұйымдар – өте көне материал болып табылады. Керамика сөзі грек тілінен «keramos» деген сөзден шыққан,саз деген мағынаны білдіреді. Керамикалық бұйымдар саз қоспасынан, топырақтан және басқа табиғи материалдардан құралады. Қоспа дайын болғаннан кейін, оған белгілі бір форма беріледі, содан кейін ол белгілі бір температурада күйдіріледі. Керамикалық материалдар қазіргі кезде өте белгілі материал болып саналады. Олар қышқылға төзімді, қолдануда ұзақтылығымен ерекшеленеді. Құрылыстық керамика өндірісі халық шаруашылығындағы ең маңызды сала болып саналады. Соңғы он жылдықта механикаландырылған керамикалық кірпіш және тастар өндіретін зауыттар пайда болуда. Бұл зауыттар қуатты саз өңдейтін және қалыптайтын машиналармен, жаңа кептіргіш қондырғылармен және пештермен жабдықталған. Құрылыстық керамикалық тастар цемент, аз кездесетін металл, сонымен қатар тасымалдау қондырғыларын үнемдеуге септігін тигізетін ең көп тараған қабырғалық материал болып саналады. Тастар өз бойына күннің энергиясын сіңіріп, бірте-бірте оны бөліп отырады, сондықтан да жаз мезгілінде аптап ыстықтан және қыс мезгілінде бөлме ішіндегі жылуды сақтайды. Қабырғалық тастар өзінің қалыңдығы арқылы бу өткізеді. Нәтижесінде ғимарат ішінде ылғалдылықты тепе-теңдікте ұстап тұра алады.
Қазіргі кезде құрылыстық керамикалық тастар өндірісінде басты назар өнімнің сапасын жақсарту мен өндірісте жаңа технологияларды пайдалану болып табылады. Жаңа өндіріс орындарын тұрғызуда автоматтандырылған және жоғарғы механикаландырылған жергілікті және шетелдік қондырғылармен жабдықтау ескерілуде. Сонымен қатар кәдімгі керамикалық тастарды алмастыратын жаңа эффективті ірі қуысты тастар қабырға тұрғызуда қолданылып келеді. Бұл тек шикізатты үнемдетіп қана қоймай, тастардың жылу қорғау қасиетін сақтай отырып қабырғалардың массасы мен қалыңдығын төмендетеді.
Ешқандай материалдар керамикалық материалдардың орнын толық ауыстыра алмайды. Мысалы, еденге арналған плиталар, өзінің беріктілігімен қатар, адамға жақсы әсер береді. Қазіргі уақытта рынокта көптеген дизайндағы материалдар бар. Соның ішінде итальяндық технологиялық әдіспен жасалынған керамикалық тастар да бар. Оның өзі үлкен қолданыста. Оны едендерге, терассаларға, жолдарға, ішкі қабырғаға, баспалдақтарға және т.б. жерлерде қолданады.
Керамикалық бұйымның тағайындалуына байланысты қолданылуы: кірпіш пен керамикалық тастар – аз және көп қабатты ғимараттар мен салулар үшін; керамикалық плита мен беттік кірпіш – ішкі және сыртқы қаптама жұмыстары кезінде; жолдық кірпіш пен керамикалық трубалар – жол құрылысына және жер асты коммуникацияларына; черепица – жамылтқы құрылғысына; жеңіл керамикалық бұйымдар – жылу оқшаулау үшін.
Құрылыстық керамика – керамикалық бұйымның үлкен тобы, олар үй құрылысы, өнеркәсіпті ғимараттың құрылысында және салуларда қолданылады. Керамикалық қабырғалық бұйымдар – ертедегі жасанды материалдардың бірі, олардың жасы 5 мың жыл.
Қазіргі уақытта керамикалық құрылыс материал өндірісінде технологияның толық жетілдіруіне, сапа жақсаруына назар аударылған. Автоматтандырылған, жоғары механикаландырылған технологиялық кәсіпорындарды құру көзделіп отыр.

курстық жұмыс / 42 бет


You must be logged in to leave a reply.