Мазмұны

Кіріспе 5
1 Капитал туралы түсінік және олардың түрлері
1.1 Меншікті капитал мен жарғылық капиталдың есебі
1.2 Резервтік капиталдың есебі
1.3 Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі

2 Капитал және оның аудиті
2.1 Меншікті капитал мен жарғылық капиталдың аудиті
2.2 Резервтік капиталдың аудиті
2.3 Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) аудиті

3 Меншікті капиталдың бухгалтерлік есебінде болатын тексерістер

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Кәсіпорын капиталының қозғалысына бақылауды жүзеге асыру үшін аудиторларға ірі қаржылық операциялардың жағдайы және олардағы шектеулер туралы білу жеткілікті. Құжаттардың көлемі үлкен емес, олар стандартталмаған және бәрі дерлік басшылық тарапынан бақылау мен бекітуді талап етеді. Бұл операциялардың есебін жүргізу кезінде, әдетте, екі жақты бақылау жасаудың және қателерді тексерудің сондай бір кең жүйесі керек емес. Бірінші кезекте капиталдың қозғалысы бойынша операцияларға қаржы талдаушылары талдау жасайды және басшылық бақылау жүргізеді, содан кейін акционерлердің, директорлар кеңесінің жиналыстарында бекітіледі. Кәсіпорын капиталының жағдайы туралы ақпараттар ресми хабарландыруларда, директорлар кеңесі мәжілістерінің хаттамаларында және бағалы қағаздарды сатып-өткізу кезінде жасалынатын басқа да құжаттарда болады.

Басшылықтың пікірлерін (пайымдауларын) тексеру үшін аудиторда шаруашылық операцияларының орындалуының заңдылығын қарастыруға мүмкіндік беретін ақпараттардың болуы қажеті.

Сәйкестікке тексеруді аудиторлар төмендегі бағыттар бойынша жүргізеді:

  • жарғылық капитал туралы мәліметтерді, олардың дұрыстығына көз жеткізу үшін құрылтай құжаттарымен және Жарғымен салыс-тыру. Мүмкіндігі болған жерде барлық өзгерістерді хаттамалармен және жалпы жиналыстардың шешімдерімен салыстыру;
  • хабарланған борыштар бойынша мәліметтерді әлі салынбаған сомалармен салыстыру, төленбеу себептерін зерттеу;
  • акционерлік капиталдың акционерлер тізімдемесі (реестрі) бойынша сомаларының баланста көрсетілген сомаларға сәйкестігін тексеру;
  • акционерлер – әкімшілік мүшелерінің тізімдемелерін (реестрлерін) зерттеу, бастапқы және ақырғы сальдоларды акцияларды сатып алу бойынша операциялардың нәтижелерімен салыстыру;
  • кәсіпорынның есеп саясатына сәйкес резервтік капиталдың есептелуі мен пайдаланылуының дұрыстығына бақылау жасау;
  • шығарылған және айналымдағы акциялардың саны туралы клиенттен жазбаша куәлік алу;
  • акционерлердің тізімдемесін (реестрін) қарап шығу және акциялардың үлкен санын ұстаушыларды анықтау.

Аудиторлар заң сарапшылары болып табылмаса да, олар заңсыз операциялардың болған жағдайларын айқындауға және қажет болса заңгерлердің көмегімен зерттеу жүргізуге міндетті.

Егер жоғарыда көрсетілген тексеру процедураларын орындау кезінде нормативтік-құқықтық құжаттардың ережелерінен (баптарынан) қандай да бір ауытқулар табылып қалса, онда аудитор объектіге қатысты тексеру жүргізеді.

Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.

Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).

Жарғылық қор мөлшері үйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.

Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері, (жәй және артықшылығы бар) акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жалпы кез-келген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда (Әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауына құқы бар.

Негізінен бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Меншікт ікапитал аудиті». Курстық жұмыс кіріспе бөлімі, үш бөлімі, қорытынды бөлімінен тұрады. Бірінші бөлімінде негізінен жалпы меншікті капитал есебінің қозғалыстары мен операциялары айтылған. Онда капитал туралы түсінік және олардың түрлері мен құрылымы жазылған. Ал, екінші бөлімінде, сол меншікті капитал туралы бухгалтерлік тіркелім мен шоттардағы жүргізілген шаруашылық операцияларын дұрыс көрсетуді талдау жүргізу керек. Үшінші бөлімінде меншікті капитал аудиті мен бухгалтерлік есебінің операцияларын байланыстыру болып табылады. /1/

 курстық жұмыс / 29 бет


You must be logged in to leave a reply.