28. декабря 2011 · Комментарии к записи Калькуляциялау отключены · Categories: Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника

МАЗМҰНЫ
Кіріспе

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 бөлім. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауда теориялық сипаттама
1.1. Калькуляциялау түсінігі, түрлері және калькуляциялық бірліктері
1.2. Калькуляциялау принциптері, оның объектісі мен тәсілдері
1.3 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның қаржылық-шаруашылық жағдайына сипаттама

2 БӨЛІМ. Кәсіпорындағы өнімнің (жұмыстар мен қызметтер) өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің ұйымдастырылуы
2.1 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың ерекшеліктері
2.2 Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың қарапайым (процесстік) әдісі
2.3 Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың бөлістік әдісі

Қорытынды
Пайдаланылған ақпарат көздері

Кіріспе

Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың құрылу шарттары және басқаруды жетілдіру, кәсіпорынның дамуында жаңа стратегияларды жасауда бухгалтерлік есептің мағынасы мен рөлі күшейе түсуде. Мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен қатар олардың экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері  артуда. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні, сонымен қатар олардың бәсекеге қабілеттілігі  жылдам артады. Шаруашылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып табылады.

Қатаң бәсекелестік жағдайы  кәсіпорындардың шығындарды басқару процесіне, оларды есептеу мен мониторинг жүргізудің жетілдіру жолдарын іздеуге  үлкен қызығушылық тудыруына әкеледі. Кәсіпорында шығындарды басқару процесін ұйымдастыру шығындардың жалпы деңгейін төмендетуге көмектеседі. Бұл кәсіпорынға қосымша бәсекелік артықшылықтарды береді.

Шығындарды тиімді басқару арқылы кәсіпорында үлкен нәтижеге қол жеткізу, пайданы максималдау және өндірістің тиімділігін арттыру. Кәсіпорын қызметінің негізгі қаржылық нәтижесі пайда болып табылады, ол оның келешекте дамуының негізі және қаражат көзі қызметін атқарады. Өндіріс көлемін немесе шығарылатын өнімге бағаны өсіру арқылы пайданы арттыруға болады, бірақ бұл әрдайым мүмкін еме және мақсатқа сай келмейді. Сол себепті кәсіпорынның пайдасын арттырудың негізгі шарты өнім өткізілімі мен өндіріс шығындарын төмендету, сөның ішінде шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендету болып табылады, осыған орай шығындарды басқару және ұйымдастыру кәсіпорын үшін маңызды мәселе болып табылады.

Бухгалтерлік есеп көптеген ауқымды аймақтардың бірі — өндірілетін өнімнің, орындалатын жұмыс немесе көрсетілетін қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау және өндірістегі шығындар есебі болып табылады. Нарықтық экономикасы бар елдердегі кәсіпорындар мен фирмалар практикасында бұл аймақтар бухгалтерлік есеп жүйесіндегі өндірістік есеп жүйесінде көрсетілген.

Әсіресе қазіргі біздің елдегі нарықтық қатынастардың құрылуы шарттарында бухгалтерлік есепті жетілдіру, оның ішінде өндіріске кететін шығындар есебі және өзіндік құнды калькуляциялаудың маңызы өте зор. Нарықтық қатынастардың дамуымен бірге кәсіпорындардың дербестігі өсті, соның ішінде нарықтағы сұраныс пен ұсынысты есепке ала отырып өз өнімінің бағасын қалыптастыру нәтежесінде бухгалтерлік есеп және оның жүйесі -калькуляциялаудың мәселелері өзгерді.

Калькуляциялаудың осы шарттардағы мәселелері нарықта жұмыс істейтін кәсіпорындарды белгілі бір табыспен қамтамасыз ететін өзіндік бағаны есептеу. Есептелген өзіндік құн деңгейін тұрақты төмендету мүмкіндігі және тиімді деңгейін қамтамасыз ету үшін өндірісті дұрыс ұйымдастыру керек.

Курстық жұмысымның мақсаты – осы калькуляциялау түсінігі, кәсіпорындардағы калькуляциялауды жүргізудің мәні, әдістері, атқаратын қызметін айқындау және мысал келтіру.

Жалпы айтқанда, калькуляция (сөзі латыннан «есептеу, санау» деген мағынаны білдіреді) – кәсіпорынның өндірген өнімінің және көрсеткен қызметінің жалпы санынан бірлік құнын анықтауға мүмкіндік береді, кәсіпорын сол арқылы жоспарлы және нақты өзіндік құнды анықтайды.

Қазіргі таңда экономиканың салаларындағы кәсіпкерлер, меншік иелері өндірістік материалдар мен шикізаттарды үнемді пайдалана отырып, өндірістік қалдықтарды барынша төмендетуге, бәсекеге қабілетті, сапалы өнім өндіруге, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүдделі болуға тиісті. Соған байланысты шығындарды басқаруда қажетті ақпараттармен қамтамасыз ететін ішкі жедел есептің артықшылығы айқындала түседі. Ішкі өндірістік есеп басқару процесінің құрамдас бөлігі бола отырып, компаниялардың және мекемелердің ағымдағы қызметін бақылауға, оның стратегиясын жоспарлауға, барлық ресурстарын тиімді пайдалануға, қызмет нәтижесін бағалауға және талдауға байланысты маңызды ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады.

Өндірістік есептің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау болып саналады. Сондықтан, шығындар есебін тиімді ұйымдастырудың негізгі мәселесі – бұл басқару жүйесін жақсартумен тығыз байланысты есептің дұрыстығын, жеделдігі мен талдамалылығын жоғарылату және бақылау қызметтерін күшейту болып табылады. Осы аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін кәсіпорынның қазіргі жағдайы мен даму бағытына талдау жүргізудің нәтижесінде саланың өндірістік ерекшеліктеріне қарай шығындардың қалыптасуын анықтай отырып, саладағы шығындардың есебін ұйымдастыру мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды жетілдіру, жұмсалған шығындарға ішкі аудит пен талдау жүргізу ерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдарын іздестіру өзекті мәселе болып саналады.

 Курстық жұмыс / 32 бет


Comments closed.