Кіріспе

Негізгі бөлім
1 Стандарттарды жасау және енгізу
1.1 Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
1.2 Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу тәртібі
1.3 Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жұмысын ұйымдастыру
1.4 Стандарттың жобасын ( бірінші редакциясын ) әзірлеу
1.5 Стандартты мемлекеттік бекіту және тіркеу
1.6 Стандарт жобасының соңғы редакциясын әзірлеу, бекітуге жіберу
1.7 Стандартты бекіту және мемлекеттік тіркеу
1.8 Стандарттарды тексеру, жаңарту ( өзгерістер енгізу, қайта қарау) және күшін жою
1.9 Стандартты тексеру және қайта қарау
1.10 Стандарттың күшін жою
1.11 Техникалық шартты әзірлеу, бекіту, тіркеу тәртібі
1.12 Мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу тәртібі
1.13 Фирма стандартын әзірлеу, бекіту және тіркеу

2 Стандарттарды мемлекеттік қадағалау
2.1 Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы
2.2 Стандарттау аумағындағы нормативтік құжаттарды қолдану
2.3 Талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау
3 ҚР-да стандарттау жөніндегі жұмыстарының мемлекеттік басқаруы
4 Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін қолдану жөніндегі басшылық және қойылатын талаптар

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

       Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуына, халықтар арасында экономикалық, техникалық және ғылыми қатынастардың дамуына байланысты халық шаруашылығының барлық салаларын стандарттауға көп көңіл бөлінуде. Әлемнің дамыған және дамушы елдерінде, халықаралық, аймақтық, ұлттық ұйымдар мен фирмаларда, түрлі кәсіпорындарда, өндіріс пен экономиканы басқаруда стандарттау мен сертификаттау өте қажет. Ғылым мен техниканың алға басуына, өндірістің дамуына  байланысты, стандарттау принциптерін қолданудың өрісі күннен күнге кеңеюде.

1926 жылы кеңес одағында алғашқы мемлекеттік стандарттау жүйесі бидай өнімдері мен қара металдардың стандарттарын қабылдаудан басталды.

Стандарттау ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін негізгі және қолданбалы ғылымдармен ұштастыра отырып өміршең сипатқа ие етумен бірге, сол ғылыми жетістіктерді тездетіп, өндірісте, күнделікті өмірде игеруге мүмкіндік береді. Ол тар шеңберде қалып қоймай, нарықты экономиканың барлық саласын кеңінен қамтиды.

Техниканың дамуы машиналар мен құрал саймандар жүйесінің, кең мағынасындағы заттар мен материалдардың өзара тығыз байланысы арқылы жүзеге асатынын жақсы білеміз. Олай болса, біз стандартқа соқпай тұра алмаймыз. Бұдан шығатын қорытынды: стандарттау өнімнің ғылыми негізделуі, жобалануы, жасалуы мен пайдаланылуы кезіндегі басты бағдарлама өнімнің сапасы мен техникалық деңгейін басқару жүйесінің негізгі буыны болып табылады.

Стандарттау деп ғылым, техника мен экономика саласында бір ізге келтіріліп, белгілі саладағы ең шекті деңгейіне дейн тәртіптелген жүйені айтамыз. Ол нарықты экономиканы басқаруды жетілдіруге, техникалық деңгейін және өнімнің сапасын көтеруге, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырып жетілдіруге, өнім номенклатурасының тиімділігін қалыптастыруға, ресурстарды үнемді және тиімді пайдалануға бағытталады.

Бүгінгі нарықты экономика жағдайында стандарттауда басқа салалар секілді жаңа сипатқа ие болып отыр. Бұған дейін жалпы одақ көлемінде ортақ стандарттау жүйесі болды. Ал енді Тәуелсіз Мемлекеттер Достығында ұзақ жылдар бойы қалыптасқан стандарттық жүйе мүлдем ыдырап, жойылды, әр республиканың өзіндік стандарттау жүйесі болады десек онымыз шындыққа жанаспас еді. Жаңа жағдайға байланысты бұрын жергілікті жерде, әр республикада жете дамыған стандарттау жүйесі бүгінгі өмір талабына орай халықаралық стандарттау деңгейіне көтеріліп, ол бұрынғысынан да байып, толыға түсті, жаңарды және нақты шешімдермен толықтырылды.

Стандарттау өнімнің техникалық деңгейін тұрақты түрде көтеруге, өнімнің орамы мен безендірілуін жақсартуға, жаңа өнімдерді шығару жүйелерінің тиімділігін арттыруға, еңбекті көп қажет ететін жұмысты жеңілдетуге, тағыда сол сияқты іс шараларға өз әсерін тигізіп жатыр. Бұл іс шаралар қолданылатын нормативтік құжаттарды жаңартып отыруға және халықаралық стандарттау бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ол құжаттардың негізгілері стандарттар мен техникалық шарттар болып табылады.

Стандарттар Отандық және шетелдік ғылым мен технология, техника мен озық әдістер негізінде құрастырылады. Мұнда ғылыми-зерттеу, тәжірибе – конструкторлық және жобалау жұмыстары негізі ретінде қолданылады.

Мемлекеттік стандарт тауардың сапалы дайындалуына, сол сияқты қолданылуына бірден кепілдеме беретін сенімді буын болып саналады. Стандарттау біріңғай өлшемдер, терминдер мен белгілер, шикі заттар, өндірістік процесстер, сынау және өлшеу әдістері, сол тәрізді адамдардың қауіпсіздігін қорғау мен материалдық бағалы нәрселерді сақтаудың бір ізге келтірілген жүйесі қолданылады. Стандарт сатып алушының экономикалық мүддесін қорғайды. Өйткені стандарт бойынша шығарылған өнімді пайдалану мезгіліне белгілі бір уақытқа кепілдеме қойылады. Егер осы уақыт ішінде сол өнім немесе бұйым ақауланып, жұмысқа жарамай қалса, ол осы бұйымды шығарған кәсіпорынның, яғни дайындаушының есебінен қалпына келтіріліп, тұтынушының шғыны қайтарылады. Яғни белгілі зат өзінің кепілдеме көрсетілген уақытына жетпей істен шықса, ол зат жаңасымен ауыстырылады, не тұтынушының өтінішіне орай оның құны қайтарылады.

Бұл шикі заттарды, материалдар мен еңбек ресурстарын үнемді пайдалануға, еңбек пен сауда мәдениетінің тиімділігін арттыруға, тауардың дұрыс сақталуын, тасымалдау кезінде оның бұзылуына жол бермеуді қамтамасыз етіп, өнеркәсіп пен сауда қызметкерлерінің өз жұмысының түпкі нәтижесіне деген ынтасын арттыруға ықпал етеді. Сондықтан да өнім шығарушылар тауардың сапасына, олардың ұзақ пайдалануға жарамды болуына, техникалық және безендірілу мен оралуы жағынан талапқа сай болуына, адам организімінің физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып осы күнгі сәнге толық жауап беретіндей болып шығуына баса көңіл бөледі.

Бұдан шығатын қорытынды дайын өнімдер мен жартылай фабрикаттардың сапасын технологиялық жағынан жаңарту және еңбек сапасын үйлестіретін комплексті стандарттау бағдарламасын жасау қажеттігі келіп туындайды.

Бір сөзбен айтқанда өнімді жасауды жобалаудан бастап, оның тұтынушы қолына жетуін, одан әрі пайдалану кезіне дейін ортақ стандарт болуы керек.

 курстық жұмыс / 33 бет


You must be logged in to leave a reply.