МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1. Курстық жұмысты орындау үшін тапсырмаларды анықтау.
2. Жол қозғалысының параметрлерін анықтау.
Бағыттар бойынша көлік құралдарының келтірілген бірліктегі қозғалыс қарқындылығын есептеу.
Бағыттар бойынша көлік құралдарының келтірілген бірліктегі қозғалыс қарқындылығының картаграммасын құру
Жолдың қозғалыс жолағының қажетті санын және жолдың жүру бөлігі мен жаяу жүргіншілер өткелінің енін анықтау.
3 Қиылыстың қақтығыстық жүктемесін анықтау.
4 Жолдардың өткіз қабілеті мен жолдардың қозғалыспен жүктелу коэффициентін анықтау
5 Берілген объектдегі қақтығыстық нүктелер мен шиеленістік жағдайларды анықтау және жол қозғалысын ұйымдастыруда кездесетін кемшіліктерді анықтау.
Қиылысу түрлерін анықтау.
Қиылыстардың күрделілігін анықтау.
Жол қозғалысының қауіпсіздік көрсеткіштері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша А
Қосымша Б
Қосымша В

Кіріспе

Қала тұрғындары контингентінің, автомобиль паркінің артыуы, көлік құралдарының жүрісінің көбеюі ЖКО алдын алу және қозғалыстың жоғары жылдамдықтарын бірге қамтамасыз етумен байланысты қалаға ойланатын мәселе тудырып отыр.

Әр түрлі елдерде ғалымдар көлік ағындарын ұйымдастыруда бірдей әдістерді қолданбайды, өйткені бұл мәселені әмбебапты түрде шешу мүмкіндігі жоқ.

Қала салушылар өздерінің күштерін қалаларда, қала айналысында және халықаралық автомагитральдармен қосылған жерлерде үзіліссіз қозғалысты магистральды көшелер мен қаланың жоғары жылдамдықты жолдар жүйесін көлік құралдары қозғалыстарының шиеленістік бағыттарында екінші жаңа көшелер салу, көпірлер, жол торабы мен транзиттік автомат қозғалыстарын айналып жүретін автомагистральдарын салуға жұмсайды.

Жол қиылыстарында, алаңдарда және қала жолдардың бұрылыстарында жол қозғалысының қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін бағытталған аралшықтар мен бағдаршамдардың ретке келтіруді қою ұсынылды.

Алаңдар мен қиылыстардың пішіні, қозғалыстың түрі мен көлеміне байланысты олардың формалары мен мөлшерлері әр түрлі болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының экономикасының дамуында автомобиль көлігі маңызды роль атқарады. Автомобиль көлігі біріншіден, халық шаруашылығында зор еңбектенуді қажет ететін салаларының бірі болып табылады, екіншіден, энергетика ресурстарын көп шығындайды, үшіншіден, көп қаржы қоры мен салымын қажетсінеді.

Автомобильдендіру мемлекет экономикасына орасан зор әсер етуімен қатар, адамдар үшін қолайлықты және жабдықталғандықты жасауымен қатар, бірқатар жағымсыз құбылыстарды: адам құрбандықтарын, жол-көлік апаттары (ЖКА) нәтижесінде болатын орасан зор материалдық зиянды, қаланың ауалық бассейіндерінің газдануын, көшелердің тұрған автомобильдермен үйіліп бөгеттелуін, сондай-ақ көліктік іркілістердің және қозғалыс жылдамдығының күрт төмендеуін тудыруы мүмкін.

Қазіргі уақытта еліміздегі жалпы пайдаланымдағы 91 мың шақырым автомобиль жолының үштен біріне жуығы қанағаттанғысыз жағдайда, оның 11 мыңға жуық шақырымы республикалық маңыздағы жолдар. Жол апаттарының артып кетуіне жолдардың сапалық жағдайы да кері әсер етіп отыр.

Осыған байланысты «Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» Заң талаптарына сәйкес үкіметке автомобиль жолдарын жобалау, жөндеу, қалыпқа келтіру жөніндегі нормативтік және жобалық-техникалық құжаттарды әзірлеу және бекіту жөніндегі шаралар қабылдау тапсырылған [1].

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемаларын шешу мақсатында жергілікті әкімдерге орта мерзімді өңірлік бағдарламалар әзірлеу керектігі де айтылған.

Қиылыстарда автомобильдердің топталып қалулары және жиі аялдаулар, қаланың ауалық бассейнінің отынның толық жанбай қалған заттарымен жоғары ластануының себептері болып табылады. Қала халқы әрдайым көліктік шуылға және жанар-жағар майлардан шығарылған газдарға душар болады.

Қозғалыс шараларын және қозғалысты ұйымдастыруды іске асыру кезінде ерекше рөл техникалық құралдарды: жол белгілерін және жол таңбаларын, бағдаршамдық реттеуді, жол қоршауларын және бағыттағыш құрылғыларды енгізуге беріледі.

Берілген крустық жобаның мақсаты – ойдан алынған қиылыс жетілдіру, қиылысынта көлік ағындарының қозғалысын кеңістікте бөлу, жүру бөлігін қайта жөндеу, яғни кеңейту; автобус тоқтайтын аялдамаларды жабдықтау; жаяулар өтпелерін салу және жаяулар жүретін тротуарлар салу, жол белгілерін қою жолымен апаттылықты азайту болып табылады.

Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттер алға қойылды:

— жолдың берілген учаскесіндегі қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылату;

— көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысын реттеу;

— көлік және жаяу жүргіншілер ағындарының қозғалысын тәртіпке келтіру;

— қақтығысу нүктелерінің санын азайту;

— Ойдан алынған қиылысты және көше-жол торабының зерттеліп отырған бөлігінде жол-көлік апаттарының санын азайту.

Қала қозғалысының өсуіне қарай қозғалыс қауіпсіздігі мен қолайлылығын, жоғары жылдамдықты қамтамасыз ететін жағдайды қалыптастыру мәселесі бірінші орынға қойылады.

Көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ қоғамдық және меншікті көліктерді пайдалануға қолайлықты қалыптастыру үшін, көше-жол желісін жетілдіруден басқа қозғалысты бақылау және басқару бойынша іс-шаралар ұйымдастыру қажет.

 Курстық жұмыс / 26 бет


You must be logged in to leave a reply.